2. Уақыт факторына байланысты: Тұрақты баға – қаншалықты уақытқа дейін тұрақты болатын анықталмаған баға.
Маусымдық баға – қолданылу уақыты алдын ала белгіленген баға.
Нетто бағасы – тауардың «таза» бағасы.
Брутто бағасы – сату, сатып алу жағдайларына байланысты белгіленетін баға.
Келісілген баға - өнімді өндіруші мен тұтынушы арасында келісім бойынша белгіленген баға.
3. Нарық түріне байланысты: Аукциондық баға –аукционда сатылған тауар бағасы.
Биржалық котировка – тауар биржаларында белгіленген келісім-шарт бағасы.
Анықтамалық баға– арнайы баспасөз беттерінде жарияланатын баға.
Халықаралық сауда бағасы – халықаралық нарықтарда және белгілі бір елдің сыртқы айналымында белгіленетін бағалар жиынтығы.
Әлемдік баға – тұрақты сипаттағы ірі экспорттық-импорттық операцияларды ұйымдастыру кезінде еркін айырбасталатын валютамен төлеуге көзделген баға.
3. Баға белгілеуде ықпал ететін факторлар. Баға белгілеу процесіне төмендегідей факторлар ықпал етеді:
Белгілі бір тауардың орташа нарықтық бағасына бағыты