8 кезең. Қорытынды баға белгілеу. Бұл кезеңде қорытынды баға белгіленеді, тиісті құжаттар толтырылады. Баға белгілеудің барлық әдістері 3 ірі топқа біріктіріледі: шығындық, нарықтық, эконометриялық. Бұл әдістер коммерциялық құпия болып табылады және басылымдарда жалпы түрде жарияланады.
2. Баға белгілеудің шығындық, нарықтық, эконометриялық әдістері. Қазіргі уақытта нарықтық баға белгілеуде шығындық әдістердің келесі түрлері қолданылады:
1. Толық шығындарды анықтауға негізделген әдістер дәстүрлі тауарлардың бағасын есептеу үшін және жаңа тауарларға баға белгілеу үшін тауар дифференциациясы нақты көрінетін кәсіпорындарда кең тараған.
2. Тікелей шығындарға негізделген әдістер өзгермелі шығындарға қосымша пайданы қосу жолымен баға белгілеу болып табылады. Бұл әдіс сатып өткізу шарттарын ескере отырып, өнім өндіру көлемінің, өнім өндіруге кеткен шығындардың және сатып өткізу бағаларының оптималды сәйкестігін табуға мүмкіндік береді.