ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
|
Бекітемін
Филология институтының директоры
______________Әбдіғазиұлы Б.
«_____» _____________2015 ж.
|
«6M012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша
ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы, 2015
Қабылдау емтиханының бағдарламасы:
Қазақстан Республикасының 2007 жылдың 27 шілдесіндегі «Білім туралы» заңы;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылдың 17 маусымындағы № 261 бұйрығымен бекітілген магистратура мен докторантураға қатысты «Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті мемлекеттік білім стандарты;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылдың 19 қаңтарындағы № 109 қаулысымен бекітілген «Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына қабылдаудың үлгі ережесі;
ҚР БжҒМ 2013 ж. 10 сәуіріндегі «Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мамандықтары бойынша үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» № 158 бұйрығымен бекітілген «6M012100 – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының үлгілік оқу жоспары негізінде даярланды.
Құрастырушылар: Т.С.Тебегенов, Б.Т.Қабатай
Қазақ әдебиеті кафедрасының мәжілісінде талқыланып, қабылданды:
№ ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.
Кафедра меңгерушісі:
|
___________
|
Т.С.Тебегенов
|
|
|
|
Қабылдау емтиханының бағдарламасы Филология институтының Ғылыми кеңесінде бекітілді: № ___ хаттама, «___» ___________ 2015 ж.
Филолгия институтының директоры _______________ Әбдіғазиұлы Б.
6M012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы магистранттарына арналған
арнайы пәндер бойынша қабылдау емтихандарының
бағдарламасы
Бағдарлама тақырыптары кәсіби пәндердің міндетті компоненттеріне енетін «Жалпы тіл білімі», « Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқытудың әдістемесі», «Қазақ және орыс тілдерінің салғастырмалы грамматикасы» және «Әдебиеттануға кіріспе», «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі», «Қазақ тілінің тарихы», «Қазақ әдебиетінің тарихы» пәндерінің типтік бағдарламаларының негізінде жасалды. Бағдарлама тақырыптары міндетті пәндердің негізгі мазмұнын қамтиды, қазақ тіл білімінің жаңа бағыттарын, қазақ тілі мен қазақ әдебиетінің тарихын, әдебиет теориясын, қазіргі ғылыми парадигмасын және филологиялық термин-түсініктердің анықтамалық ережелерін тірек етіп алады. Қазақ тілі мен әдебиет мамандығына магистратураға түсушілердің білім деңгейін және ғылыми дайындығын анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы тіл білімінің мәселелері. Тіл білімінің мәселелері.Тілдің жүйелік сипаты, таңбалық табиғаты.Тілдердің генеологиялық және типологиялық классификациясы. Тілдің қоғамдық мәні. Мемлекеттік саясат және тіл. Тілдің негізгі қызметі. Тілдің танымдық және коммуникативтік қызметі. Тіл және ойлау. Тіл және сөйлеу. Тілдің тарихы мен қоғам тарихының байланыстылығы. Тіл дамуының ішкі және сыртқы факторлары. Тілдің даму кезеңдері. Тілдер семьясы, оның түрлері. Тіл біліміндегі структурализм, тілдің функционалдық қызметі. Тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. XX ғасыр тіл білімі және структурализм.
Фонетика. Қазақ және орыс тілдерінің фонетикасы мен фонологиясы. Дыбыс туралы жалпы түсінік Дауысты дыбыстар (Вокализмдер). Дауыссыз дыбыстар (Консонантизмдар). Қазақ және орыс тілдеріндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктері.
Буын (силлабизм) және оның түрлері. Қазақ және орыс тілдеріндегі буынның өзіндік ерекшеліктері.
Дауыс ырғағы (интонация) және оның түрлері. Қазақ және орыс тілдеріндегі дауыс ырғағының өзіндік ерекшеліктері.
Екпін (акцентуация) және оның түрлері. Қазақ және орыс тілдеріндегі екпіннің өзіндік ерекшеліктері.
Қазақ және орыс тілдері графикасы мен орфографиясының мәселелері.
Лексикология. Лексикологияның бөлімдері: ономосиология, семасиология, фразеология, этимология, лексикография. Семасиологияның лингвистика аясындағы орны. Семасиологияның зерттеу объектісі. Сөз семантикасы. Экспрессивті мағыналар, олардың берілу жолдары. Қазақ лексикографиясы, зерттелуі. Қазақ тіліне қатысты сөздіктер және оның түрлері. Арнаулы лексика. Қазақ және орыс тілдері лексикологиясы, түрлері, салалары. Семасиология. Сөз және мағына Тілдің актив және пассив лексикасы, олардың стильдік ерекшеліктері.
Қазақ және орыс тілдеріндегі лексикалық омонимдер, олардың көп мағыналы сөздерден айырмашылығы. Екі тілдегі лексикалық антонимдер
Қазақ тіліндегі фразеология, оның зерттеу нысаны, мақсаты
Қазақ және орыс тілдеріндегі лексикографияның қалыптасуы мен зерттелу тарихына шолу
Тілдің грамматикалық құрылысы.
Морфология туралы түсінік. Тілдің грамматикалық құрылысының негізгі единицалары. Морфема – негізгі тілдік единицаның бірі, сипаты, түрлері. Түбір морфемалардың құрылымы. Морфема және сөз формасы, сөз тіркесі және сөйлем. Сөздің морфологиялық құрылымы. Негізгі морфологиялық ұғымдар. Олардың алуан түрлілігі. Қазақ тіліндегі сөздерді таптастырудың принциптері (А.Ысқақов, т.б.). Грамматикалық мағына, грамматикалық форма, грамматикалық ұғымдардың бірлігі, арақатысы. Грамматикалық мағынаның берілу түрлері мен тәсілдері. Етістіктің лексика-грамматикалық сипаты. Қазақ тілінің грамматикалық құрылысының аналитикалық сипаты туралы теория. Қазақ және орыс тілдерінің грамматикасы және оның салалары. Негізгі грамматикалық ұғымдар.Грамматикалық мағына, оның түрлері.
Қазақ тіліндегі сөз таптары жайлы түсінік. Зат есімнің құрылымы. Қазақ тіліндегі зат есімнің лексика-семантикалық сипаты. Сын есім. Қазақ тіліндегі сын есімнің лексика-семантикалық сипаты. Сан есімнің синтаксистік қызметі. Сан есімнің құрылымы. Сан есімнің мағыналық топтары. Қазақ тіліндегі сан есімнің лексика-семантикалық сипаты. Есімдіктің синтаксистік қызметі. Есімдіктің құрылымы. Есімдіктің мағыналық топтары. Қазақ және орыс тілдеріндегі есімдіктің есімнің лексика-семантикалық сипаты. Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялары. Қазақ және орыс тілдеріндегі етістіктің лексика-семантикалық сипаты. Үстеудің мағыналық түрлері. Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Қазақ және орыс тілдеріндегі үстеудің лексика-семантикалық сипаты. Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері. Еліктеу сөздердің фонетикалық-морфологиялық сипаты. Қазақ және орыс тілдеріндегі еліктеу сөздердің лексика-семантикалық сипаты. Шылаулардың мағыналық түрлері, олардың өздеріне тән грамматикалық қызметі. Қазақ және орыс тілдеріндегі шылаулардың лексика-семантикалық сипаты. Одағайдың лексика-грамматикалық сипаты. Одағайлардың мағынасына қарай бөлінулері. Қазақ және орыс тілдеріндегі одағайлардың лексика-семантикалық сипаты.
Қазақ және орыс тілдеріндегі сөзжасамдық тәсілдер. Сөз таптарының сөзжасамы
Синтаксис туралы түсінік. Сөз тіркесінің құрылымы. Сөз тіркесінің құрамдық белгілері. Сөйлемнің сөз тіркесінен ажырамайтын белгісі. Сөздің грамматикалық мағынасы мен лексикалық мағынасы. Синтаксистік құрылымды жүйелеудің негіздері. Синтаксистік байланыс: түрлері, тәсілдері, формалары. Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз тіркесінің зерттелу жайы. Сөз тіркесінің табиғаты және оған тән белгілер. Сөз тіркесінің түрлері. Сөз тіркестерін топтастыру принциптері туралы. Қазақ және орыс тілдеріндегі сөздердің байланысу тәсілдері мен формалары
Қазақ және орыс тілдеріндегі сөйлем мүшесі туралы түсінік. Қазақ және орыс тілдеріндегі сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Қазақ және орыс тілдеріндегі сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Сөйлем – тілдің негізгі коммуникативтік және құрылымдық-синтаксистік бірлігі екендігі. Сөйлем және байымдау, сөйлем және сөйлеу. Сөйлемнің (актуальды) коммуникативтік мүшеленуі жайлы түсінік. Сөйлем мүшелері және сөз таптары. Сөйлемдердің айтылу мақсаты мен құрылымына қарай түрлері. Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем. Жай сөйлем синтаксисінің қазақ тіл білімінде зерттелуі. Құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары мен түрлері. Көп құрамды құрмаластар, олардың түрлері, жасалу жолдары. Салалас құрмалас сөйлемдер. Мағыналық түрлері. Сабақтас құрмалас сөйлемдер. Мағыналық түрлері. Қазақ және орыс тілдеріндегі айтылу мақсатына қарай сөйлемдердің хабарлы, сұраулы, бұйрықты болып бөлінуі. Хабарлы сөйлем туралы түсінік. Сұраулы сөйлем туралы түсінік. Бұйрықты сөйлем туралы түсінік. Лепті сөйлем туралы түсінік.
Қазақ және орыс тілдеріндегі жай сөйлемнің құрылымдық типтері
Қазақ және орыс тілдеріндегі құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы. Оның қалыптасу, даму жолдарынан мәлімет. Тыныс белгілері туралы жалпы түсінік. Тыныс белгілерінің қалыптасуы мен даму жолдары. Хабарлы, сұраулы сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілері.
Қазақ тілінің тарихы. Қазақ тілінің түркі тілдері ішінде алатын орны. Қазақ тілінің даму кезеңдері. Қазақ тілінің көне түркілік сипатын айқындайтын ескерткіштер. Тарихи лексика және оның түрлері. Үндестік заңының тарихы. Қазақ тіліндегі жалғаулардың тарихы. Тіл дыбыстарының тарихындағы дыбыстық сәйкестіктер.
Қазақ тілі мен әдебиетін оқытудың әдістемесі. Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері. Қазақ тілінің әртүрлі орта білім беретін оқу орындарындағы оқу пәні ретіндегі рөлі. Қазақ тілінің қазіргі мектеп курсының мақсаты, мазмұны мен құрылымы. Қазақ тілін оқытудың негізгі қағидалары, әдістері мен тәсілдері. Қазақ тілін оқыту құралдары. Қазақ тілінің қазіргі заман талабына сай өткізілуі, сабақ түрлері. Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі сабақтарының түрлері. Лингвистиканың негізгі бөлімдерін меңгерту әдістемесі. Орфографияның әдістемесі.Тыныс белгілерінің әдістемесі.Қазақ тіліне оқыту процесінде оқушылардың тілін дамыту.Орта мектепте қазақ тілін тереңдете оқыту
Орта мектептердегі әртүрлі деңгейдегі сыныптарда фольклор мұраларын оқытудың ғылыми-әдістемелік мәселелері. Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі жылдарындағы жаңа әдебиет шығармаларын қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде оқытудың әдістемесі. Қазақстан халықтары (орыс, ұйғыр, татар, түрік, неміс т.б.) фольклоры мен әдебиеті шығармаларын қазақ әдебиеті мен сабақтастыра оқыту мәселелері.
Фольклор. Қазақ фольклорының зерттелу тарихы. Фольклор мен әдебиет: ортақ мәселелері мен өзгешеліктері. Фольклор мұралары мен әдебиет шығармаларының көркемөнерінің салаларымен байланысы. Әлем халықтарының сөз өнері мұралары туралы жалпы түсінік. Дүниежүзі халықтарының фольклоры мен әдебиеті мұраларындағы: өзара үндестіктері мен айырмашылықтары. Фольклорды тегі мен жанрына жіктеу, тарихи зерттеу принциптері.Әлем халықтары мен қазақ фольклоры мұраларының ұқсастықтары.
Әдебиет теориясы. Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік. Көркем шығарманың тақырыбы. Көркем шығарманың идеясы. Көркем бейне, оған қойылатын талаптар. Көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері.Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті. Композицияның сюжеттен тыс элементтері: пролог, эпилог. Көркем шығарманың тілі.
Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет (УІ-ХУғғ.). Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихындағы үш кезеңі. ҮІ-ІХғғ. Көне түркі әдебиеті ескерткіштері: «Күлтегін», «Тоныкөк», «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз наме», Әл-Фарабидің әдеби мұралары. Х-ХПғғ.әдебиет мұралары.(М.Қашқари, Жүсіп Баласағұн, ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. шығармалары. ХШ-ХІУғғ. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет мұралары. «Рабғузи қиссалары, «Кодекс Куманикус», «Мұхаббат наме», «Хұсрау Шырын», «Гүлистан бит-түрки», «Жүсіп-Зылиха», «Түрік шежіресі», «Шежірелер жинағы, «Бабыр-наме», т.б. шығармалар.
Қазақ әдебиетінің тарихы. Жыраулар поэзиясы.Қазақ хандығы мемлекетінің қалыптасуы мен дамуындағы жыраулар поэзиясының тарихи-әлеуметтік, шығармашылық қызметі. Жырау мен жыршы.
Жыраулар поэзиясының өзіндік қалыптасу кезеңіндегі жыраулар мұралары. ХУ-ХУПғғ. жыраулар (Қазтуған, Асан Қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа). ХУШ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ақын-жыраулар мұралары. (Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар, Көтеш, Шал).
Қазақ хандығы дәуірі әдебиетінің ұлттық әдеби үдерістегі маңызы.ХІХғ. қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағы романтизм, реализм көркемдік әдістерінің көріністері. Дәстүрлі әдебиет өкілдерінің мұрасы, жанрлары (ХІХғ.) ХІХ ғасыр дәстүрлі әдебиетіндегі лирикалық-дидактикалық өлеңдер мен эпикалық шығармалар. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі зар заман ақындары поэзиясы. ХІХ ғасыр әдебиетіндегі ақындар айтыстары.ХІХ ғасырдағы жаңа реалистік жазба әдебиет жанрлары: лирикалық, сатиралық өлеңдер, поэмалар, прозалық туындылар.
Абайдың лирикалық өлеңдері.Абайдың поэмалары. Абайдың көркем аудармалары.Абай қарасөздерінің жанрлық түрлері, тілі, стилі.Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы. Хакім Абайдың ақындық айналасы, мектебі.
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драматургия жанры қалыптасуындағы алғашқы қадамдар
ХХ ғасыр басындағы әдеби сын, аударма үрдісінің, көсемсөз жанрының пайда болуы, дамуы.ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыттағы ақындар. ХХ ғасыр басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар.1916 жылғы ұлттық-азаттық қозғалысына байланысты туған әдебиет. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі роман жанры шығармаларының поэтикалық ерекшеліктері. ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі романтизм, сыншыл реализм көркемдік әдістері көріністері.
Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті. 1917-1940 жылдардағы қазақ әдебиеті. Қазақ әдебиетіндегі А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов негізін салған прогресшіл бағыт. Шығармалары.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945). Ж.Жабаевтың, Ә.Тәжібаевтың, Қ.Аманжоловтың, Ә.Сәрсенбаевтың шығармалары.1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиеті. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, А.Шамкенов, Ә.Ахметов, І.Мәмбетов, Т.Бердияров т.б. шығармалары.1960-1990 жылдардағы әдебиет. М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Т.Ахтанов, Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықов, М.Мағауин, Д.Исабеков, Ә.Кекілбаев шығармаларындағы жанрлық, стильдік ізденістер.20ғ. 90-жылдардағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері. (Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті).
Қазақстан Республикасындағы «Мәдени мұра» бағдарламасы және оның қазақ әдебиетін дамытудағы ықпалы.
Пайданылатын негізгі әдебиеттер:
1. Қордабаев Т.Р., Қалиев Ғ.К. Жалпы тіл білімі. А.,2004.
2.Аханов .Тіл білімінің негіздері. А., 1993.
3. Әбілқаев А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. А., 1995.
4.Оралбаева Н., Жақсылықова К. Орыс тілді мектепте қазақ тілін оқыту . А.,1996.
5. Қабдолов З. Сөз өнері. А., 1982.
6. Сүйіншәлиев Х. Қазақ әдебиетінің тарихы. А.,1997.
7. Қосымова Г. Қазақ тілінің тарихы. А., 2007.
6M012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы магистранттарына арналған
арнайы пәндер бойынша қабылдау емтиханының сұрақтары
Тіл ғылымы туралы түсінік
Тілдің анықтамасы және оның мәні. Тілдің шығуы мен қалыптасуы. Тілдің тарихы мен даму заңдылықтары
Тілдің жүйелік сипаты, таңбалық табиғаты
Тілдердің классификациясы
Тіл білімінің тарихы. Бөліну кезеңдері
Тіл біліміндегі бағыттар мен мектептер. XX ғасыр тіл білімі және структурализм
Қазақ және орыс тілдерінің фонетикасы мен фонологиясы. Дыбыс туралы жалпы түсінік
Дауысты дыбыстар (Вокализмдер). Дауыссыз дыбыстар (Консонантизмдар). Қазақ және орыс тілдеріндегі дауысты және дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктері
Буын (силлабизм) және оның түрлері. Қазақ және орыс тілдеріндегі буынның өзіндік ерекшеліктері
Дауыс ырғағы (интонация) және оның түрлері. Қазақ және орыс тілдеріндегі дауыс ырғағының өзіндік ерекшеліктері
Екпін (акцентуация) және оның түрлері. Қазақ және орыс тілдеріндегі екпіннің өзіндік ерекшеліктері
Қазақ және орыс тілдері графикасы мен орфографиясының мәселелері.
Қазақ тілі лексикологиясы, түрлері, салалары. Семасиология. Сөз және мағына
Қазақ тіліндегі лексикалық омонимдер, олардың көп мағыналы сөздерден айырмашылығы. Қазақ тіліндегі лексикалық антонимдер
Қазақ тіліндегі фразеология, оның зерттеу нысаны, мақсаты
Қазақ тіліндегі лексикографияның қалыптасуы мен зерттелу тарихы
Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тәсілдер. Сөз таптарының сөзжасамы
Қазақ және орыс тілдерінің грамматикасы және оның салалары. Негізгі грамматикалық ұғымдар
Қазақ және орыс тілдеріндегі сөз таптары жайлы түсінік
Зат есімнің құрылымы. Қазақ тіліндегі зат есімнің лексика-семантикалық сипаты
Сын есім. Қазақ тіліндегі сын есімнің лексика-семантикалық сипаты
Сан есімнің синтаксистік қызметі. Сан есімнің құрылымы
Сан есімнің мағыналық топтары. Қазақ тіліндегі сан есімнің лексика-семантикалық сипаты
Есімдіктің синтаксистік қызметі. Есімдіктің құрылымы
Қазақ және орыс тілдеріндегі есімдіктің мағыналық топтары. Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты
Етістіктің лексика-грамматикалық және грамматикалық категориялары Қазақ тіліндегі етістіктің лексика-семантикалық сипаты
Үстеудің мағыналық түрлері. Үстеудің сөйлемдегі қызметі. Қазақ және орыс тілдеріндегі үстеудің лексика-семантикалық сипаты
Еліктеу сөздердің мағыналық түрлері
Еліктеу сөздердің фонетикалық-морфологиялық сипаты
Қазақ тіліндегі еліктеу сөздердің лексика-семантикалық сипаты
Шылаулардың мағыналық түрлері, олардың өздеріне тән грамматикалық қызметі
Қазақ тіліндегі шылаулардың лексика-семантикалық сипаты
Одағайдың лексика-грамматикалық сипаты. Одағайлардың мағынасына қарай бөлінулері
Қазақ және орыс тілдеріндегі сөйлем мүшесі туралы түсінік
Қазақ және орыс тілдеріндегі сөйлемнің тұрлаулы мүшелері
Қазақ және орыс тілдеріндегі сөйлемнің тұрлаусыз мүшелері
Қазақ және орыс тілдеріндегі айтылу мақсатына қарай сөйлемдердің хабарлы, сұраулы, бұйрықты болып бөлінуі
Лепті сөйлем туралы түсінік.
Қазақ тіліндегі жай сөйлемнің құрылымдық типтері
Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемнің жалпы сипаттамасы. Оның қалыптасу, даму жолдары.
Тыныс белгілерінің қалыптасуы мен даму жолдары.
Хабарлы, сұраулы сөйлемдерге байланысты қойылатын тыныс белгілері.
Қазақ тілін оқыту әдістемесінің теориялық негіздері.
Қазақ тілі әртүрлі орта білім беретін оқу орындарындағы
оқу пәні ретінде
Қазақ тілінің қазіргі мектеп курсының мақсаты, мазмұны мен құрылымы
Қазақ тілін оқытудың негізгі қағидалары, әдістері мен тәсілдері
Қазақ тілін оқыту құралдары
Қазақ тілінің қазіргі заман талабына сай өткізілуі, сабақ түрлері
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі сабақтарының түрлері
Лингвистиканың негізгі бөлімдерін меңгерту әдістемесі
Орфографияның әдістемесі
Тыныс белгілерінің әдістемесі
Қазақ тіліне оқыту процесінде оқушылардың тілін дамыту
Орта мектепте қазақ тілін тереңдете оқыту
Тілдің актив және пассив лексикасы, олардың стильдік ерекшеліктері.
Грамматикалық мағына, оның түрлері.
Сөз тіркесіне тән белгілер.
Сөздің морфологиялық құрылымы. Негізгі морфологиялық ұғымдар.
Әлем халықтарының сөз өнері мұралары туралы жалпы түсінік.
Дүниежүзі халықтарының фольклоры мен әдебиеті мұраларындағы: өзара үндестіктері мен айырмашылықтары
Фольклор мұралары мен әдебиет шығармаларының көркемөнерінің салаларымен байланысы
Орта мектептерде фольклор мұраларын оқытудың ғылыми-әдістемелік мәселелері
Фольклорды тегі мен жанрына жіктеу, тарихи зерттеу ұстанымдары
Әлем халықтары мен қазақ фольклоры мұраларының ұқсастықтары
Әлем халықтарының әдебиеті тарихындағы дәстүр жалғастығы. Классикалық әдеби шығармалардың мазмұны мен пішіні туралы түсінік
Көркем шығарманың мазмұны мен пішіні туралы түсінік
Көркем шығарманың тақырыбы
Көркем шығарманың идеясы
Көркем бейне, оған қойылатын талаптар
Көркем бейненің жасалуында қолданылатын негізгі суреттеу тәсілдері
Көркем шығарманың композициясы мен сюжеті
Композицияның сюжеттен тыс элементтері: пролог, эпилог
Көркем шығарманың тілі
Орта мектепте әдебиет теориясының қисындарын көркем шығармалар мәтіндерін талдауда қолдану әдістемесі
Әлемдік сөз өнері тарихындағы түркі тілді халықтарға ортақ әдебиет (ҮІ-ХУ ғғ.)
Түркі тілді халықтарға ортақ әдебиеттің көп ғасырлық тарихындағы үш кезеңі
ҮІ-ІХғғ. Көне түркі әдебиеті ескерткіштері: «Күлтегін», «Тоныкөк», «Қорқыт ата кітабы», «Оғыз наме», Әл-Фарабидің әдеби мұралары
Х-ХПғғ.әдебиет мұралары.(М.Қашқари, Жүсіп Баласағұн, Ахмет Иүгінеки, Қожа Ахмет Иасауи, Сүлеймен Бақырғани, т.б. шығармалары.
ХШ-ХІУғғ. Алтын Орда дәуіріндегі әдебиет мұралары. «Рабғузи қиссалары, «Кодекс Куманикус», «Мұхаббат наме», «Хұсрау Шырын», «Гүлистан бит-түрки», «Жүсіп-Зылиха», «Түрік шежіресі», «Шежірелер жинағы, «Бабыр-наме», т.б. шығармалар.
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі әдебиет пәнін оқыту әдістемесінің тарихы
Қазақ хандығы мемлекетінің қалыптасуы мен дамуындағы жыраулар поэзиясының тарихи-әлеуметтік, шығармашылық қызметі. Жырау мен жыршы
Жыраулар поэзиясының өзіндік қалыптасу кезеңіндегі жыраулар мұралары
ХУ-ХУПғғ. жыраулар (Қазтуған, Асан Қайғы, Доспамбет, Шалкиіз, Жиембет, Марғасқа)
ХУШ ғасырдағы қазақ әдебиетіндегі ақын-жыраулар мұралары. (Ақтамберді, Тәтіқара, Үмбетей, Бұқар, Көтеш, Шал)
Қазақ хандығы дәуірі әдебиетінің ұлттық әдеби үдерістегі маңызы
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде шығармашылық жұмыстарды жүргізу әдістемесі
ХІХ ғасырдағы әлем әдебиетінің дамуындағы көркемдік әдістер мен бағыттар
ХІХғ. қазақ әдебиеті дамуының мазмұнындағы романтизм, реализм көркемдік әдістерінің көріністері
Дәстүрлі әдебиет өкілдерінің мұрасы, жанрлары (ХІХғ.)
ХІХ ғасыр дәстүрлі әдебиетіндегі лирикалық-дидактикалық өлеңдер мен эпикалық шығармалар.
ХІХ ғасыр әдебиетіндегі зар заман ақындары поэзиясы
ХІХ ғасыр әдебиетіндегі ақындар айтыстары
ХІХ ғасырдағы жаңа реалистік жазба әдебиет жанрлары: лирикалық, сатиралық өлеңдер, поэмалар, прозалық туындылар
Абайдың лирикалық өлеңдері
Абайдың поэмалары.
Абайдың көркем аудармалары
Абай қарасөздерінің жанрлық түрлері, тілі, стилі
Абайтану ғылымының қалыптасу, даму тарихы
Хакім Абайдың ақындық айналасы, мектебі
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің көрнекті туындыларын қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі әдістемелік мәселелері
Әлем әдебиетінің даму тарихында ХХ ғасыр басындағы жаңа жанрлардың, көркемдік әдістердің ықпалы
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде ХХ ғасыр басындағы сыншыл реализм шығармаларын оқытудың әдістемелік мәселелері
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері
ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетіндегі драматургия жанры қалыптасуындағы алғашқы қадамдар
ХХ ғасыр басындағы әдеби сын, аударма үрдісінің, көсемсөз жанрының пайда болуы, дамуы.
ХХ ғасыр басындағы діни-ағартушылық бағыттағы ақындар
ХХ ғасыр басындағы ағартушы-демократтық бағыттағы ақын-жазушылар
1916 жылғы ұлттық-азаттық қозғалысына байланысты туған әдебиет
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі роман жанры шығармаларының поэтикалық ерекшеліктері
ХХ ғасыр басындағы әдебиеттегі романтизм, сыншыл реализм көркемдік әдістері көріністері
ХХ ғасырдың 20-80 жылдарындағы жалпы кеңестік әдебиеттегі социалистік реализм көркемдік әдісінің ұстанымы
Кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларын қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде жаңаша оқытудың әдістемелік мәселелері
Қазіргі дәуірдегі қазақ әдебиеті. 1917-1940 жылдардағы қазақ әдебиеті.
Қазақ әдебиетіндегі А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов негізін салған прогресшіл бағыт. Шығармалары
Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі қазақ әдебиеті (1941-1945). Ж.Жабаевтың, Ә.Тәжібаевтың, Қ.Аманжоловтың, Ә.Сәрсенбаевтың шығармалары
1946-1960 жылдардағы қазақ әдебиеті. М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, А.Шамкенов, Ә.Ахметов, І.Мәмбетов, Т.Бердияров т.б. шығармалары
61.1960-1990 жылдардағы әдебиет. М.Ғабдуллин, Б.Момышұлы, Т.Ахтанов, Қ.Қайсенов, Ә.Нұршайықов, М.Мағауин, Д.Исабеков, Ә.Кекілбаев шығармаларындағы жанрлық, стильдік ізденістер
20ғ. 90-жылдардағы қазақ әдебиетінің даму ерекшеліктері. (Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиеті)
Қазақстан Республикасындағы «Мәдени мұра» бағдарламасы және оның қазақ әдебиетін дамытудағы ықпалы
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі жылдарындағы жаңа әдебиет шығармаларын қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде оқытудың әдістемесі
Қазақстан халықтары (орыс, ұйғыр, татар, түрік, неміс т.б.) фольклоры мен әдебиеті шығармаларын қазақ әдебиетімен сабақтастыра оқыту мәселелері
Достарыңызбен бөлісу: |