Бекітемін физика, математика және ақпараттық технологиялар факультетінің деканы Асанова Б. 2021 ж. Жалпы физика курсы модулі механика



бет5/71
Дата14.12.2021
өлшемі3,02 Mb.
#127114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71
Байланысты:
УМК Механика 1 курс 2021
Pneumonya, ответы рубежок и сессии первого года обучение, mustafaev-landshafttar, mustafaev-landshafttar, 1-2 week, Іndependent work of teachers with students, Практика пед, Фтиз рубеж новый.docx, 11-14 жас аралығындағы дене шынықтыру сабақтары, ДНН РК, марк 11
1.4 Пəннің пререквизиттері.

Механиканы игеру үшін ең алдымен студенттер орта мектеп деңгейінде физиканы, математиканы, оның ішінде алгебра, геометрия және тригонометрияны білулері қажет.

Студент математикалық анализ бен векторлық алгебраның негізгі есептеу әдістерін білуі қажет.

Пəннің постреквезиттер

Пәнді оқу кезінде алынған білім жалпы және теориялық физика курстарын меңгеруге қажет.


1.5 Пәндердің модульдік сипаттамасы

Кесте 2




Тақырып пен модульдің атауы

Сабақ түрі

Қысқаша мазмұны

Сағат саны

1.

МОДУЛЬ 1. Кинематика

1.1

Материя-ақиқат шындық. Кеңістік жəне уақыт–материяның өмір сүру əдісі. Материяның кеңістікпен, уақытпен жəне қозғалыспен ажыратқысыз байланысы. Заң - құбылыстардың өзара байланыстарының жəне өзара тəуелділіктерінің негізгі тұжырымы. Физика пəнінің басқадай өндірістік күштердің дамуымен байланысы жəне оған əсері. Физиканың ғылым мен техниканы дамытуы нəтижесінде халық шаруашылығының өркендеуіне əсері. Физиканың мақсаттары, қарастыратын мəселелері жəне оны зерттеу тəсілдері. Модельдер жəне абстракциялау. Физикалық шамалар жəне оларды өлшеу. Физикалық ұғымдар мен шамалар. Өлшем бірліктер жүйесі. Негізгі жəне туынды өлшем бірліктері. Өлшем бірліктері жүйесін таңдаудың шарттылығы. СИ бірліктер жүйесі. Механиканың қарастыратын мəселелері мен есептері. Кинематика, динамика жəне статика

Кеңістік жəне геометрия. Өлшемдер жүйесі жəне координаттар жүйесі. Векторлық жəне координаттық түрде жазу əдістері. Уақыт ұғымы. Периодты процестер. Сағатты синхронизациялау.

Материялық нүктенің қозғалысын сипаттау. Нүктенің орын ауыстыруын, жылдамдығын жəне

удеуін векторлық жəне координаттық түрде өрнектеу. Материялық нүктенің шеңбер бойымен қозғалысы. Бұрыштық жылдамдық жəне бұрыштық үдеу векторлары. Кез келген қисық сызықты қозғалыс.

Траекторияның қисықтығы,

қисықтық радиусы, қисықтық центрі. Толық үдеуді нормаль жəне тангенциал үдеулерге жіктеу.

Қатты дене кинематикасы. Қатты дененің еркіндік дəрежесі. Бір нүктесі бекітілген қатты дененің қозғалысы. Ілгерілемелі қозғалыс. Жазық қозғалыс. Бекітілген өстен айналма қозғалыс. Лездік айналу өсі. Ньютонның 1-ші заңы. Инерциялық координат жүйелері. Галилейдің салыстырмалылық принципі. Координаттарды түрлендіру. Галилей инварианттары

3. Жарық жылдамдығының тұрақтылығы, оны дəлелдейтін эксперименттік фактілер, жарық

жылдамдығының тұрақтылығы туралы постулат. Арнайы салыстырмалылық теорияның негізгі принциптері. Лоренц түрлендірулері жəне оның

шектік мəнінде Галилей түрлендірулеріне айналуы. Лоренцт үрлендірулерінің

салдарлары.

Бірмезгілділіктің салыстырма-

лылығы жəне себептік принципі. Ұзындықтың қысқаруы жəне

қозғалыстағы дененің формасының өзгеруі. Меншікті уақыт. Қозғалып келе жатқан сағаттың жүрісінің баяулауы. Жылдамдықтарды түрлендіру



Дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   71




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет