«бекітемін» Жұмыс оқу жоспарлары және


Халық шаруашылығында биологиялық және потенциалды қауіпті химиялық заттарды қолдануға қойылатын экологиялық талаптар



бет30/70
Дата08.02.2022
өлшемі1,4 Mb.
#123464
түріЛекция
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70
Байланысты:
УМК нормалау

Халық шаруашылығында биологиялық және потенциалды қауіпті химиялық заттарды қолдануға қойылатын экологиялық талаптар. Бұл талаптар әр түрлі химиялық заттар пайдаланатын өндіріс өнеркәсіп орындарын, мекемелер мен обьектілерді жобалау кезіде қолданылады.
Бұл жұмыстар (потенциалды қауіпті химиялық және биологиялық заттарды өндіру және қолдану) қажетті токсико-гигиеналық және экотоксикологиялық зерттеулер, олармен жұмыс істеудің гигиеналық, және экологиялық нормативтерімен танысқан соң, ол заттарды Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік тіркеуде өткізілуінен кейін жүргізілуі мүмкін.
Химиялық және биологиялық заттарды өндіруде немесе жұмыс істеу барысында, ауыл шаруашылығанда қолданылатын дәрі-дәрмектер, өсімдіктер мен жануарлардың өсу жылдамдығын арттырушы препараттар, минералды тыңайтқыштар басқа да халық шаруашылығында қолданылатын заттармен жұмыс жасау нормативтерін орындау, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға зиян келтірмеу шараларының барлығы орындалуы керек.
ҚР министрліктері (экология және биоресурстар, денсаулығын сақтау, тамақ өнеркәсібі және ауыл шаруашылық министрліктері тарапынан кезекті түрде ауыл шаруашылығында қолданылатын препараттардың тізімі тамақ және тағамдар құрамындағы химиялық заттардың шектік мөлшерлік нормалары бекітіледі. Тамақ өнеркәсібінде қолданылатын жаңа химиялық заттардың, адам денсаулығына тікелей немесе жанама әсеріне байланысты ғылыми зерттеулер жүргізілген соң, денсаулық министрлігі тарапынан рұқсат беріледі шешіледі.
Биологиялық әсердің қоршаған ортаға әсерінің деңгейін бақылау есепке алу (мемлекеттік сенім берілген) өкілетті санитарлық-эпидемиологиялық органдар тарапынан жүргізіледі. Белгіленген нормативтердің қоршаған ортаға биологиялық әсерінің шектік мөлшерлік деңгейден асып кетуі микроорганизмдердің биологиялық түрлерінің және биологиялық заттарды қолданылатын өндіріс бұл ластағыштардың көзі болып отырған өндіріс орындары және басқа обьектілердің жобалары немесе жұмыстары уақытша тоқтатылады, немесе ҚР-ның мемлекеттік өкілетті органдары санитарлық-эпидемиологиялық бақылау) тарапынан толық тоқтатылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   70




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет