8- лекция. Сараптамашылар комиссиясының құқықтары мен міндеттері Сараптамашылар комиссиясының мемлекеттік немесе қоғамдық экологиялық сараптама тағайындауға, оған басшылық етуге және оны жүргізуге құқығы бар орган нақты обьектіге экологиялық сараптама жүргізу үшін құрылады. Сараптамашылар комиссиясының құрамында сараптаудың зерттеу бағыттары бойынша топтар құралады. Сараптамашылар комиссиясы жұмысының нәтижелі сарапшылар комиссиясының жиынтық қорытындысы түрінде баяндалады. Сарапшылар комиссиясының құрылымын, мазмұнын, қорытындысын іске асыру мен оған шағым жасау тәртібін экологиялық сараптама жүргізуді ұйымдастырушы сарапшылық орган белгілейді, сараптамашылар комиссиясының нақты жұмысы тәртібінде сол бекітеді. Мемлекеттік сараптама комиссиясының жұмысы, сараптамашылар комиссиясының мүшелері мен тапсырысшы обьектінің жауапты адамдары және басқа да мүдделі ұйымдардың өкілдері қатысқан ұйымдастырушы жиналыстан басталады. Бұл жиналыста: сараптамашылар мемлекеттік экологиялық сараптама туралы бұйрықпен таныстырылады: сараптау комиссияысының төрағасы обьектінің мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізу тәртібімен таныстырады: тапсырысшы өкілі жоспарланып отырған жобаның сипаттамасымен таныстырады: сарапшылардың сараптама топтарымен сараптаушы комиссия жұмыстарының күнтізбелік жоспарлары қарастылырады: әрбір сарапшының жеке және сарапшылар топтарының қортындыларын дайындау мерзімдері белгіленеді; сараптама комиссиясының қорытынды жобасын дайындау мерзімі анықталады.
Ұйымдастыру жиналысының қорытындысы хаттама түрінде жасалады және оған қатысқан кісілердің тізімі комиссия төрағасы мен жауапты хатшы тарапынан қол қойылып бекітіледі. Комиссияның әрбір мүшесі мемлекеттік экологиялық сараптамаға ұсынылған жобамен танысып, әрқайсысы жеке-жеке сараптама қорытындысын жазады. Бұлар комиссияның топтары алдында талқыланады. Бұйрық бойынша қажет болған жағдайда сарапшылар обьектіге тікелей баруы және басқа сала мамандарын комиссия мүшесі етіп қосымша алуына да болады. Егер сараптау комиссиясы қосымша материалдар қажеттігін талап жағдай туса, тапсырысшыдан комиссия төреғасы ресми хат (уведомление) жазу арқылы ол қажеттерін сұрай алады. Сараптаушы комиссиясының жұмыс жиналыстары да хаттама да жазылып комиссияның төрағасы және жауапты хатшы тарапынан қол қойылып жалпы іс қағаздарына тіркеледі.
Әрбір сарапшы қорытындыларын топ жетекшілері жинап, әр топ атынан өздері қорытынды дайындап, комиссия бастығына ұсынады. Сараптау комиссиясының бастығы сарапшылардың қорытындыларын талдап, жиынтық қорытындының жобасын дайындайды.
Соңғы жиналысқа дейін комиссиясының жауапты хатшысы тапсырысшыны мемелекеттік экологиялық сараптама қорытындысымен таныстырады да, жиналысқа дейін комиссияға құжаттарын өткізуін хабарлайды.
Сараптаушылар комиссиясының соңғы отырысында қорытынды жоба талқыланады. Мемлекеттік экологиялық сарапшылар кеңесінің бұл отырысында кеңес төрағасы – Бас мемлекеттік экосараптама бастығы, ал олбыстық басқармада – экология және биоресурстар басқармасының бастығы немесе бастықтың орынбасары өткізеді. Оған тапсырысшы өкілдері, құжаттарды дайындаушылар, басқада мүдделі ұйымдар өкілдері қатысады. Сараптаушылар комиссияысының жетекшісі сараптау комиссияысының жұмысы туралы баяндама жасап, қорытынды жобасының тұжырымдарымен таныстырады. Мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысы жөнінде шешімді қабылдауда тек сараптау комиссиясының мүшелері қатысуы қажет.
Сараптаушылар комиссиясының соңғы мәжілісі де хаттама түрінде жазылып және қатысқандар тізімі сараптама комиссиясының жетекшісі мен жауапты хатшы тарапынан қол қойылып бекітіледі.
Мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысында ескертулер болмауы керек. Ал егер ұсыныстар немесе толықтырулар болатын болса, олар жоба шешімдерін бұзбайтын, оған әсер ете алмайтындай өзгеше, яғни мазмұнын өзгерте алмайтындай болуы қажет.
Егер сарапшылар тарапынан қорытындыға байланысты ескертулер болатын болса, онда қорытындыдағы немесе құжаттардағы ескертулерді түзетіп қайтадан «ескертулерімен» деген белгі жасап, сараптаушы комиссияның жетекшісі, жауапты хатшысы және комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
Егер бұл аталғандардың ішінде біреулері өзгертулермен немесе ескертулермен келіспейтін болса (мысалы, экологиялық сараптама процедурасының бұзылуы, немесе қорытындысының кейбір баптарымен келісілмеуі) онда, қорытынды қайтадан қарастырылу үшін мемлекеттік бөлімшелерінің басқарушы органдарына баяндап, бұл құрамдағы комиссия мүшелері тарапынан мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысының қабылдана алмайтынын, сондықтан оны қайта өткізу үшін комиссия құрамына қосымша сараптамашы енгізе отырып сараптама мерзімінің ұзартылуын сұрайды. Қорытынды нәтижесімен келіспеген сарапшыны комиссия мүшелігінен шығару туралы әңгіме болмайды және ондай мәселе қарастырылмайды.
Егер қосымша уақыттан соң да бұл жоба бойынша тағайындалған жаңа сараптаушы комиссиясының көпшілік дауыспен оң қорытындысын ала алмаса, онда бұл экологиялық сараптама нәтижесі аяқталған деп бағаланады. Онда қайтадан алғашқы комиссияда болмаған сарапшылардан жаңа сарапшылар комиссиясы құрылады. Бұл комиссия жұмысы экологиялық сараптаудың ерекше мемлекеттік органы тарапынан қаржыландырылады.
Қазақстан Республикасының экобиоресурстары министрлігі басшылығы, сараптау комиссиясының болымсыз ұсыныстары мен шешімдеріне қарсы оң шешімді қорытынды қабылдауы да мүмкін. Олар министрлер коллегиясында бұл мәселені талқылап мемлекеттік экологиялық сарапшылар кеңесімен бірігіп жасайды.
Жауапты қызметкер тарапынан экологиялық сараптама жұмыстарына штаттан тыс сарапшылармен келісім шарттар жасалады, сонымен қатар мемлекеттік экологиялық сараптама кеңесінің мүшелерінің жұмысын төлеу ведмосы жасалып, мемлекеттік экологиялық сараптама органдарының тиісті деңгейдегі басшысы жағынан бекітіліп қол қойылады. Бұл құжаттар соңында облыстық басқарма немесе министрліктің бухгалтериясына жіберіледі. Сонымен қатар бұл арада сараптама комиссиясының төрағасының және қорытынды дайындаудағы топ басшыларының жалақысының көлемдері ескеріледі.
Мемлекеттік экологиялық сараптама мүшелері жалақыларының төленуі ҚР мемлекеттік экологиялық сараптаманы қаржыландыру тәртібі бойынша Кеңес мүшелерінің отырыстарға қатысу тізіміне қарай жасалады.
Қазақстан Республикасының штатында бар экологиялық Кеңес мүшелеріне сараптама кеңестеріне қатысқандары үшін жалақыларына қосымша ешқандай төлем жасалмайды.
Бұл сатыда шаруашылық қызметінің инициаторы ұсынылып отырған жоспарланушы қызметтердің нұсқаларының талдауын өткізіп тіпті ол қызметті өткізуден бас тартуға дейін әр түрлі нұсқалармен «нольдік вариант», түрлі ақпарат жүйесін таныстырады, сонымен қатар жергілікті жердегі экологиялық комиссия органдарын жоспарланып отырған қызмет туралы хабарландырады.
ҚОӘБ алды сатысы міндетті түрде істелуі қажет емес ол тек инвесторге жоспарлап отырған шаруашылық қызметтің іске асырылуы жөнінде оң шешімі алынбаған жағдайда қаржысының үнемделуі үшін жасалады. Бірақ инвестордың қоршаған ортаға әсерді бағалау процедурасын түгел жасату құқығы әрине сақталады.
Жоба материалдары құрылыс орнын анықтау сатысынан бастап «Басмемсараптауға» берілгенге дейін жазбаша түрде хатталып, ескертулер мен ұсыныстар жасалуы үшін территориялардың облыстық (Алматы қаласында қалалық) экология және биоресурстары басқармасына тапсырылады да, министрлікке әдейі хат жазылып хабарландырылады.
Содан соң, барлық құжаттар бұл сатыда министрлікке жіберіледі. Мемлекеттік экологиялық сараптама басқармасы тарапынан обьектінің қоршаған ортаға әсерін бағалау (ҚОӘБ) толық көлемде жүргізілуі анықталады. Бұл нұсқаудың (РНД-03.02.01.93) арнайы процедурасы деген 5.1.бөліміне сәйкес жүргізіледі.
Бұнда жоспарланып отырған обьектінің маңыздылығына сәйкес қажет болса қосымша жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарының көлемі анықталып, экологиялық сараптама жүргізудің келесі кезеңі жоспарланады (республикалық, халықаралық). Бұл сатыда экобиоресурстар министрлігінде оң келісімге қол жеткізілсе, онда жергілікті жердегі әкімшілік тарапынан жоспарланып отырған шаруашылық қызмет орнында жобалау қазба жұмыстарын бастауға уақытша келісім беріледі.
Жобалаушы құжаттардың келесі сатысы – таңдалып алынған обьекті орнында құрлыстық техникалық – экономикалық негіздемесін (ТЭН) жасау болады. Жобалау қатарының жасалуы және енделу дәрежесі, ТЭН сатысында негізгі СН және ПА2.2.-1-96 «Қазақстан Республикасының СССР Госстрой құжаттары орнына өндірістік құрылыс, үй және ғимараттар құрлысы үшін қабылданған жобалау құжаттарын дайындау, келістірілу және бекіту нұсқауына (инструкция) сәйкес жүргізіледі.
ҚОӘБ материалдары негізінде шаруашылық жүргізушісі тарапынан «Экологиялық зардаптар туралы мәлімдеме дайындалады. Онда шаруашылық қызметті жоспарлаушы қоғам мүшелеріне және жалпы территорияға экологиялық ешқандай залал бермейтініне кепілдік, әрі онымен байланысты ешбір әлеуметтік экономикалық және ГаскГзардаптық салдардың болмайтыны көрсетіледі.
Экологиялық зардаптар туралы мәлімдемені шаруашылық қызмет мемлекеттік органдарға, басқару және бақылау органдарына және қоғамдық ұйымдарға береді. Бұл мәлімдемені қоғамдық талқылау нәтижелері және хаттама хатталып келешекте қоршаған ортаға әсерді бағалау құжаттары мен қосып мемлекеттік экологиялық сараптауға ұсынылады.
ҚОӘБ жұмыстар аяқталғаннан соң бұл құжаттар Басмемсараптауға беріледі (Главгоэкспертиза). Оған қосымша бақылаушы екі орынның келісімдері және ведомостваның сараптамасының қорытындысы мен облыстық экология және биоресурстар басқармасының ескертулер мен ұсыныстары беріледі.
Жобалау құжаттарының сараптама мерзімі (ҚОӘБ-ды) барлығын бірге қосқанда жоспарланып отырған қызметтің сипаты және оны қоршаған ортаға әсері, сол территорияның табиғи ерекшеліктерімен реглементтенеді де, алты календарлық айдан аспайды.
Бас мемлекетік экологиялық сараптама ТЭН және ҚОӘБ қарастырудың нәтижесінде мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын береді. Егер берілген қорытынды нәтижесі оң болмаса, ТЭН және ҚОӘБ құжаттарын толықтыру үшін жөндеуге қайтарылады.
Құрылыс жұмысытары үшін бөлінетін учаскелерді мемлекеттік экологиялық сараптама нұсқаудың (инструкцияның) 5,6-бабындағы талаптарға қарай жүргізіледі (ҚР-ның 20.06.96ж.№760 қаулысынан І-ші және ІІ-ші бөлімдеріндегі).
Мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізудің жоғарыдағы мазмұндалған тәртібі облыстық (Алматы қалалық) экология және биоресурстар басқармаларында да жобалау тәртіппен жүргізіледі.
Шешім қабылдаудың негізгі белгілері (критерийлері).
Қарастырылатын обьектілердің жоспары мен жобалары құжаттарының толық, материалдардың сапалы болуы, сараптаманың қорытындыларының хаттамасын дайындау кезінде негізгі шарттарының төмендегі позицияларды қамтуымен анықталады, жоспарланып отырған қызметтің сипаттамасы:
Жоспарланып отырған қызметке дейінгі территориядағы қоршаған ортаның күйі:
Жоспарланып отырған қызметтің қоршаған ортаға әсерінің бағасы:
Жоспарланған қызмет іске асырылғаннан кейінгі соң қоршаған ортаның күйі бағаланады:
Бұл сатыда шаруашылық қызметтің инициаторы ұсынылып отырған жоспарланушы қызметтердің нұсқауларының талдауын өткізіп тіпті ол қызметті өткізуден бас тартуға дейін әртүрлі нұсқалармен «нольдік вариант», түрлі ақпарат жүйесін таныстырады, сонымен қатар жергілікті жердегі экологиялық комиссия органдарын жоспарланып отырған қызмет туралы хабарландырады.
ҚОӘБ-алды сатысы міндетті түрде істелуі қажет емес ол тек инвесторге жоспарлап отырған шаруашылық қызметтің іске асырылғаны жөнінде оң шешімі алынбаған жағдайда қаржысының үнемделуі үшін жасалады. Бірақ инвестордың қоршаған ортаға әсерді бағалау процедурасын түгел жасату құқығы әрине сақталады.
Бұнда жоспарланып отырған обьектінің маңыздылығына сәйкес қажет болса қосымша жүргізілетін ғылыми зерттеу жұмыстарының көлемі анықталып, экологиялық сараптама жүргізудің келесі кезеңі жоспарланады (республикалық, халықаралық). Бұл сатыда экобиоресурстар мнистірлігінде оң кеілсімге қол жеткіжілсе, онда жергілікті жердегі әкімшілік тарапынан жоспарланып отырған шаруашылық қызымет орнында жобалау қазба жұмыстарын бастауға уақытша келісім беріледі.