Зертханалық жұмыс№3. Атмосфераның экологиялық жағдайын бағалау
Тапсырма 1 Жұмыс орындары ауасы құрамындағы СО2 көлемін анықтау.
Жұмыстың мақсаты: көмірқышқыл газының құрамын сандық анықтау арқылыауа сапасын бағалау.
Біз тыныс алатын ауа құрамындаөте аз мөлшерде көмірқышқыл газы болады. Бірақ адамдар немесе жануарлармен шығарылатын ауаның жиналу, органикалық заттардың ыдырауы, көмір немесе мұнай жағу салдарынан жеке аудандарда оның концентрациясы күрт өсуі мүмкін. Бұл жұмыста сіз ауаның кейбір үлгілеріндегі көмірқышқыл газының құрамын салыстырасыз.
Әдіс принципі:
Ұсынылып отырған әдіснақты әрі қолайлы болып табылады. Анализ СО2 кальций гидроксидімен өзара әрекеттесуіне негізделген.