Тапсырма 3 – Топырақ құрамындағы органикалық заттарды анықтау Мақсаты: топырақтағы органикалық заттарды анықтау.
Топырақ немесе жер қыртысының жоғарғы қабаты әртүрлі факторлар нәтижесінде пайда болды: аналық тау жыныстары, климат, өсімдіктер мен жануарлардың өмір сүру процесінен, антропогендік және т.б. процестер. Топырақтың басқа тау жыныстарынан ерекшеленетін қасиеті- оның құнарлылығының болуы. Оның ең басты шарты, органикалық немесе қарашірінді заттың болуыда. Құрамында қарашірінді бар топырақтарды бай деп те атайды. Органикалық зат қалыптасуының қайнар көзі ---организмдердің қалдықтары және аз мөлшерде микрофауна, макрофауна қалдықтары жатады. Топырақтың құрамында органикалық заттаың болуы, оның аналық тау жыныстарының өзгеруіне әкеледі. Топырақта оргиникалық затты анықтайтын тәсіл бар. Ол оның жеңіл болуында негізделеді. Минералдық бөлшектерді суға батырғанда батады, ал органикалық заттың бөлшектері су бетіне қалқып шығады.