экологиялық мониторинг - қоршаған ортаның жай-күйiн және оған әсер етудi жүйелi түрде байқау мен бағалау;
экологиялық таза өнiм белгiсi - таңбаланған өнiмнiң экологиялық таза өнiм стандарттарына сәйкестiгiн растайтын тiркелген белгi;
экологиялық талаптар - осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi мен нормативтiк-техникалық құжаттарында қамтылған, қоршаған ортаға және халықтың денсаулығына терiс ықпал жасайтын шаруашылық және өзге де қызметтi шектеу және оларға тыйым салу;
экологиялық таңбалау - Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiгi растаудан өткен өнiмге экологиялық таза өнiм белгiсiн беру;
экологиялық тәуекел - белгiлi бiр факторлардың ықпалы салдарынан қоршаған орта және (немесе) табиғи объектiлер жай-күйiнiң қолайсыз өзгерiстерге ұшырау ықтималдығы;
эмиссиялар нормативтерi - қоршаған орта сапасы нормативтерiнiң сақталуы қамтамасыз етiлетiн жол берiлетiн эмиссиялар көрсеткiштерi;