Дид-қ ойын: «Президент саябағы»
2018 жыл, Қаңтар айы
Өтпелі тақырып «Табиғат әлемі»
Мақсаты:Балалардың қимыл әрекетін ұйымдастыра отырып, ересектермен, балалармен еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту. Табиғатта өзін ұстай білу Ережелері мен тірі және өлі табиғат объектілеріне деген ұқыпты қарым-қатынасын дамыту. Эстетикалық талғамдарын жетілдіру.
Міндеттері:
Дене жаттығулары мен сауықтыру шараларына деген қызығушылықтарын күшейту, қимылдық дағдыларын жетілдіру;
Шағын әңгімелер құрастыру, ойында әдеби бейнелерді қолдану білім, біліктерін дамыту;
Қарапайым зерттеуге қызығушылықтарын туғызу, сенсорлық қабілеттерін жетілдіру, бекіту;
Балалардың дербес тәжірибелік әрекеттерімен байланысты эстетикалық қабылдауларын дамыту;
Жеке тұлғаны дамыту, әлеуметтік дағдыларын жетілдіру.
Достарыңызбен бөлісу: |