Бекітемін Күні: Сыныбы: 10 «ә» Пәні: биология Сабақтың тақырыбы



бет1/3
Дата19.05.2017
өлшемі385,42 Kb.
#16396
  1   2   3
Бекітемін

Күні:

Сыныбы: 10 «ә»

Пәні:биология

Сабақтың тақырыбы: Вирустар және фагтар. ЖИТС-тің (жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромы) вирусы. Оның құрылысы мен тіршілігінің ерекшеліктері.

Сабақтың мақсаты:

А)білімділік:  оқушыларды  жасушасыз тірлік құрамы-вирустармен таныстыру; Вирустардың құрылысы, көбеюі, таралу ерекшеліктерімен, олардың басқа ағзалардан айырмашылығын түсіндіру.

Б)дамытушылық:  оқушылардың өздігімен тақырыпты танып-ізденуге, топпен жұмыс істеуге; алған білімдерін іс жүзінде көрсетуге үйрету; білімге құштарлығының дүниетанымдылық көзқарастарын қалыптастыру.

С)тәрбиелікке: Білімділік пен сауаттылыққа тәрбиелей отырып, бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға салауаттылыққа үйрету. Өз ойларын ашық айтуға дағдыландыру.

Сабақтың түрі: Түрлендірілген сабақ.

Сабақтың типі:

Сабақтың әдісі: сөз-көрнекілік,сұрақ-жауап,топпен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: Презентация, үлестірмелі материалдар,видео,көрнекіліктер
Пәнаралық байланыс: Экология, медицина.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру (рефлексия, ой маржан)

Рефлексия (мен қандаймын) «Психологиялық тренинг»
2. Үй тапсырмасын тексеру

Лездемелік сұрақтар

1.Фагоцитоз қандай құбылыс?

2.Жасушаралық байланыстың қызметі?

3.Цитоплазма дегеніміз?

4. Мембраналы органоид митохондрияға сипаттама бер?

5.Пластидтер қайда кездеседі.Қызметі қандай?

6.Өсімдіктердегі фотосинтез процесі

7.Қозғалу органоидтері.

8. Вакуоль органоидына сипаттама

9.Жасуша ядросы құрылысы мен қызметі

10.Саңырауқұлақтардың өсімдіктерге ұқсастығы

11. Саңырауқұлақтың жануарларға ұқсастығы



«Тест арқылы» талдау

«Семантикалық кесте»

Прокариоттық және эукариоттық жасушалардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын кестеге толтыру.



Құрылымы

Эукариоттық

Прокариоттық

Хромосомалар

+

Өте ұзын сақина тірзді ДНҚ молекуласы болады

Эндоплазмалық тор

+




Рибосомалар




+

Гольджи жиынтығы







Лизосомалар




+

Митохондриялар







Вакуольдер




+


3. Жаңа сабақ жоспары

1.Тіршіліктің жасушалық емес формалары

2. Вирустар

3.Бактериофагтар

4.ЖИТС вирусы
І.Білу «Миға шабуыл»

Проблемалық сұрақ қою арқылы жаңа сабақ тақырыбын ашамын.


  1. Қазіргі таңдағы кең таралған вирустық аурулар

  2. Вирустық аурулардың қалай алдын-алуға болады

«Вирус және бактериофаг» тақырыбын слайд суреттерін пайдалану арқылы ашады.

1.Вирустар

Дүниежүзілік микробиология тарихында орыс ғалымы Д. И. Ивановскийдің алатын орны ерекше. Ол XІX ғасырдың соңында темекі теңбілі ауруын зерттеп, ол аурудың қоздырғыштары бактериялардан да ұсақ тіршілік иесі екенін тапқан. Д. И. Ивановский ауруға шалдыққан жапырақты жуып, ол жуындыны бактерияларды сүзетін сүзгіден өткізгенде одан өтіп кеткен. Осы сұйықтықты темекіге жұқтырғанда, оның жапырағы қайтадан сарғайып, ауруға ұшыраған. Зақымданған темекі жапырағын үлкейткіш құралдармен тексергенде кристалдар  байқалған. Кейіннен 1935 жылы америкалық ғалым Уэнделл. Стенли бұл кристалдардың темекі теңбілі вирустарының шоғырланған жиынтығы екенін тапты.





Вирустың ерекшелігі

  • Латынша «у» деген мағына

  • Тірі организмде паразит жолмен тіршілік етеді

  • Ол РНҚ және ДНҚ,нуклеопротеитерден,капсидтен тұрады

  • Бұл қабықша вирустың құрамындағы нуклеин қышқылдарын сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларынан қорғайды

  • Кейбір вирустар құрамында көмірсулар,май тәрізді заттар,мыс молекулалары кездеседі

  • Пішіні таяқша,жіп,іші қуыс цилиндрге ұқсас

  • Ол организм барлығын уландырады

Бактериофагтар

  • Бактерияларды зақымдап ерітіп жіберетін вирустарды\

  • 1915 жылы ағылшын вирусологі Ф.Туорт сипаттап жазды

  • Оның денесі арнай басы,құйрығы,іші қуыс пластинкадан тұрады

  • Басының мөлшері-40 нм,құйрығы ұзындығы-20-22 нм тең

  • Бактериофагтар өндіріске,тамақ өнеркәсібінде көп зиян келтіреді

  • Фаг жасуша ішінде енісімен көбейіп өзінің зиянды әсерін тигізе бастайды

  • Фагтың көбею ұзақтығы 30-50 минут созылады




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет