«Бекітемін» Мектеп директоры: А. М. Жунусова Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 2016жылдың 14-19наурыз аралығында «Сен және сенің құқығың»



Дата31.12.2019
өлшемі25,82 Kb.
#55104
«Бекітемін»

Мектеп директоры: А.М.Жунусова

Хамза Есенжанов атындағы жалпы орта білім беретін мектебі

2016жылдың 14-19наурыз аралығында «Сен және сенің құқығың» атты онкүндіктің жоспары





Шараның атауы

Өтетін күні

Сыныптар

Жауапты

1

«Сен және сенің құқығың» атты онкүндіктің жоспары

14наурыз




Биғазиева А.М

Арыстанова А.У



2

«Ата заңым - айбыным»тәрбие сағаттары

15наурыз

5-11

Сынып жетекшілер

3

«Сенім жәшігі», «Сенім телефоны» жұмысына бақылау жүргізу

16наурыз

5-11

Биғазиева А.М


4

«Бақытты балалық шақ»сурет байқауы

17наурыз

5-6

Самигуллина Б.М

5

«Сіз өз құқықығыңызды білесіз бе?»сауалнама жүргізу

18 наурыз

5-9

Нұрмұханбетова З.Ш

6


«Сенің құқығыңменің құықығым»танымдық сайыс

18 наурыз

5-7

Арыстанова А.У




Онкүндікті қорытындылау


19наурыз


5-11


Биғазиева А.М

Арыстанова А.У





«Сеннің құықығың- менің құқығым»

Мақсаты:

1.      Оқушыларға адам құқықтары мен бостандықтары  жайлы баптардан  түсінік қалыптастыру , құқықтық білімдерін толықтыру.

2.      Адамгершілік , ізгі  қасиеттер  мен ар-ождан бостандығына , адалдық пен мейірімділікке  баулу  арқылы  құқықтық тәрбие беру.

3.      Оқушылардың саяси  саналығы  мен таным  белсенділігін  арттыру, заңдарды  талдай отырып, өз  беттерімен салыстыра  білуге ,  өмірде қолдана білуге  баулу.



Түрі: Сыныптан тыс жұмыс.

Сайыс жоспары: оқушыларды топқа бөлу

1.      Тәртіп орнат «Тікелей сұрақ» әр топқа 7 сұрақ

2.      «Өз құқықтарын білу»

3.      «Жағдаяттық сұрақтар»

4.       «Мұны әрбір оқушы білуі тиіс»

Қанатты сөздер:

«Тәртіпке бас иген құл болмайды» Б.Момышұлы

«Балам бол, басқа бол- бәріңе  заң біреу»

«Тура биде  туған жоқ, туғанды  биде  иман жоқ.»  Ж. Баласұғын.

Сабақ   барысы:Ұйымдастыру-екі топқа бөлінген  оқушылар жеке-жеке отырғызылады, сабақ  мақсатымен таныстырылады.

І топ


ІІ топ

-Құрметті оқушылар және ұстаздар! Мемлекетіміздің Ата Заңының 1 бабында «Қ.Р құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең қымбат қазынасы-адам және  адамның  өмірі, құқытарымен бостандықтары» деген қастерлі  сөздерді енгізген.

      Бүгіндері құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір  адамның  өз құқықтарын  жете  біліп, жалпы  заң білімі саласынан мағлұмат  алғаны дұрыс. Заңды аттамай, тура  жолмен  жүріп, еліне  адал қызмет еткен  азамат қана мұратына жетеді. Сондықтанда заңды білу- заман талабы.

І бөлім.  Глоссарий «Тәртіп орнат»

1. Құқық -----------------------------------------А – Еліміздің негізгі заңы.

2. Конституция ---------------------------------Б – Мемлекет басшысы

3. Мемлекет ------------------------------------В – Негізгі саяси қоғамдық ұйым

4. Азамат -----------------------------------------Г – Тәуелсіздік

5. Құқық бұзушылық -------------------------Д – Заңдар жүйесі

6. Президент ------------------------------------Е – Заң шығарушы орган

7. Парламент ------------------------------------Ж – Заң жүйесін бұзу

8. Егемендік --------------------------------------З – Құқығы бар ел тұрғыны

1-Д, 2-А, 3-В, 4-З, 5-Ж, 6-Б, 7-Е, 8-Г

Сабағымыздың алғашқы  бөлімі «Тікелей  сұрақтар». Әр топқа заң, құқық тақырыптарына  қатысты 7 сұрақ  қойылады. Әрбір  дұрыс жауап 1 ұпаймен  есептелінеді.

 

І топ слайд

1.      Конституция сөзінің аудармасы қалай?(латынша, «құрылым» «өкілім»)

2.      Қ.Р Мемлекеттік  биліктің бірден бір бастауы? (халық)

3.      Республика заңдары  қай кезде күшіне енеді? (президент қол қойған соң)

4.      Егемендік алғаннан кейін ҚР Конститутциясы қанша рет  қабылданды? ( 2 рет, 1993.28.01.  1995 .30.08)

5.       «Қасым ханның қасқа жолы» қанша  бөлімнен тұрады? (5 бөлім)

6.      ҚР қабылдаған қандай заңдарды білесін?

7.      ҚР тәуелсіздігі туралы заң қашан қабылданды? (1991 ж 16 желтоқсан)

ІІ топ

1.      ҚР Конституциясы қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады? (9 бөлім, 98 бап)

2.      ҚР «Бала құқытары туралы» заң қай жылы  күшіне енді? (2002 ж 8 тамыз)

3.      ҚР валютасы қашан қолданысқа енді. (1993 жыл 15 қараша)

4.      ҚР «Мемлекеттік нышандар туралы» заң  қай жылы қабылданды? (1992 ж 4 маусым)

5.      ҚР «Баланың құқығы туралы » заң  қанша  баптан , қанша  тараудан тұрады? (10 тарау 53 бап)

6.       «Жеті жарғы» қабылдаған қазақ  ханы кім? (Тәуке жан)

7.      Балалар құқықтарының конвекциясы қашан қабылданды? (1998 жыл)

ІІ бөлім. Постер қорғау . Өз құқығынды біл  (Бала құқытары туралы) Әрбір дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады.

1.      Баланың азаматтық  құқығы қай кезден кезден  басталады? (бала туған кезінен басталады)

2.      Қай жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы «Балар  құқығы туралы» конвекция қабылданды?(1989 жыл 20 қараша)

3.      Неше жасқа  толмаған адам  бала болып есептелінеді? (18)

4.      Әр адамның жеке басының  куәләндыратын  құжат  қандай (төлқұжат)

5.      Адамның дүниеге келуі негізінде жатқан  негізгі ажырамас табиғи құқығы қандай? (өмірсүру құқығы)

6.      «Бала құқытары туралы»  конвекцияға  қосылуға ниет  білдірмей отырған елдер? (АҚШ, Сомали)

7.      Бала неше жастан  бастап қылмыстық  жауапкершілікке тартылады? (16 жастан бастап)

Сергіту сәті

ІІІ бөлім. «Жағдаяттық сұрақтар»  слайд


  1. Сенің  өзіңнің жақын адал досың бар,бірақ  онымен  дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

  2. Сенің  өзіңнің жақын адал досың бар,бірақ  онымен  дос болуға ата-анаң қарсы. Сен не істейсің?

Жұмбақ слайд

Оқушы болсаң жақсы, жылдам зерек,

Ондайлар отаныма өте керек.

Тәуке хан жазған екен заң жинағын,

Тапсаңдар болғандарың асқан зерек.

(Жеті жарғы)

Мерекең құтты болсын ұстаздарым,

Оқушы, келім – кетті бар достарым.

Тәуелсіздік заңының қабылданған,

Жылын тап мықты болсаң, біз тосалық.

(1991 жыл)

Еліме білім керек, ғылым керек,

Жазған жөн стратегиялық мақсат қылып.

Білесің бе Нұрекеңнің төл еңбегін,

Жазған екен болашаққа көзін тігіп.

(Қазақстан – 2030)

Жақсы ел шығарып заң игілікті,

Депутат заң шығарып билік қыпты.

Парламент палатасы нешеу екен,

Таба алсаң бұл жауапты игі екен.

(екі)

(мақал-мәтелдің жартысын тауып, түсінік беру)

1.     Біреуге ор қазба ... (өзің түсесің)

2.     Заңның құрығы ... (бәрінен ұзын)

3.     Ұрлық түбі ... (қорлық)

4.     Өтірікшінің құрығы ... (бір-ақ тұтам)  

5.     Қолыңмен істегенді ... (мойныңмен көтер)

6.     Тек жүрсең ... (тоқ жүресің)

7.     Заңды сыйлаған ... (еркін жүреді)

ІV бөлім   Мұны әрбір оқушы білуі тиіс.

І топ    Оқушы құқықтары

ІІ топ   Оқушы міндеттері

  Оқушы жауапкершілігі



Мектебімізде 15-25 ақпан аралығында  «Сен және сенің құқығың» атты онкүндік ұйымдастырылды. Онүндік төңірегінде «Сенім жәшігі», «Сенім телефоны» жұмысына бақылау жүргізілді. «Бақытты балалық шақ» атты байқау ұйымдастырылды. 7 «Б» сыныбында «Ата заңым - айбыным» тақырыбында ашық тәрбие сағаты болды. Мақсаты - Ата Заңның бағасын білу, оқушыларды еліміздің басты  құжатын құрметтеуге үйрету. Тәрбие сағатынан оқуышлар «Ата заң» туралы білімдерін толықтырды. 5 «Д» сыныбында «Еңселі Әнұран, Айбынды Елтаңбам, Тұғырлы туым- тәуелсіздік белгісі!» тақырыбында сынып сағаты, 9 «Б» сыныбында «Мемлекеттік тіл – ұлт тірегі» тақырыбында тәрбие сағаы ұйымдастырылды. Тәрбие сағатының мақсаты оқушыларға өз ұлтының қадір қасиетін ,мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін және одан әрі дамыту үшін  өз үлестерін қосуға дәріптеу.

Іс шара барысында Ата заңымыздағы тіл мәселесіне және қазақ тілінің әдеби бай мұраларына тоқталды. Тіл тақырыбындағы ақын-жазушылар шығармалары оқылды, оқушылар өз ойларын ортаға салды. Шара соңында қазақтың үш биінен қалған асыл сөзді қойылым ретінде көрсетті. «Туған жер» тақырыбында өлең айтылды, биші қыздардың орындауында би орындалып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік гимнімен іс шара аяқталд

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет