4. Кіші ғылым академиясының ғылыми жобаларының байқауының қорытындысы
«Зерде» зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалармен айналасып жатқан оқушыларды ойын арқылы ғылыми ізденіске баулиды, оқулық, сөздіктермен жұмыс істей білуге үйретеді. ОҒҚ мүшелерінің үстінен бағыттар бойынша пән мұғалімдері жетекшілік етеді, мектепішілік ғылыми жоба жазып жатқан оқушылардың жұмыстары секциялар бойынша тыңдалып, бағыт-бағдар беріледі.
Республикалық кіші ғылым академиалық жобасына информатика пәні бойынша «MOBIE MAKER» тақырыбында 10 сынып оқушысы Базарбай Абзал ІІІ орын алса,орыс тілі пәні бойынша «Путешествия Гулливера» 7 сынып оқушысы Нұрқас Айбек ІІІ орынды иеленіп, ауданның қоржынын еселеді.(Жетекшілері Бимағанбет Шарапат информатика пән мұғалімі, Жакашева Динара орыс тілі пән мұғалімі)