Әдістемелік тақырып: Мұғалімнің кәсіби шеберлігін жетілдіру арқылы оқыту мен оқудағы оқушылардың тұлғалық құзіреттілігін дамыту.
Әдістемелік жұмыстың мақсаты: Мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін үздіксіз жетілдіру.
Әдістемелік жұмыстың негізгі міндеттері:
-
Әдістемелік апталықтар мен күндерді сапалы әзірлеп, өткізу және оларды мектеп басшылары мен мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдірудегі ролін көтеру.
-
Мұғалімдердің теориялық және педагогикалық-психологиялық даярлық деңгейін көтеру;
-
Тәрбие, білім берудің жаңа бағдарламаларын, оқу жоспарларын, мемлекеттік стандартын, нормативті құжаттар, әдістемелік нұсқауларды талдау, игеру жұмыстарын ұйымдастыру;
-
Оқуты мен тәрбиені ұйымдастырудың жаңа формаларын, әдістерін педагогикалық технологиялармен байыту;
-
Оқу жоспары мен бағдарламаларын үйлестіру, жетілдіру, оқу пәндерінің мазмұнын жаңартуға және өндеуге ұсыныстар беру;
-
Оқу сабақтарының барлық түрлерінің өткізілуінің әдістемесін, тиімділігін жетілдіру, әдістемелік апталықтар мен онкүндіктер ұйымдастырып, олардың мектептегі педагог қызметкерлердің шеберлігін арттыруға ықпал ету;
-
Басқа ғылыми орталықтармен және білім беру мекемелерімен байланыс орнату, педагогикалық ұжымның, мұғалімдердің, жас мамандардың ғылыми-әдістемелік сауатын, өзара тәжірибе алмасу әрекетін, өзін-өзі бағалау, өз білімін көтеру, кәсіби шеберлігін арттыру жолдарын анықтау;
-
Педагог қызметін ғылыми-әдістемелік тұрғыда талдау, бағалау, көмек көрсету, әдістемелік бірлестіктердегі ғылыми әдістемелік жұмыстардың жандануына педагогикалық ықпал ету, оқу тәрбие үрдісінің деңгейін көтеруді әдістемелік тұрғыда қамтамасыз ету, әдістемелік кеңес жұмысының мазмұнын, бағыт-бағдарын айқындау, болжам жасау.
-
Мұғалімдер мен оқушыларды ғылыми-зерттеушілік шығармашылық жұмыстарға баулу, ынталандыру.
-
Жас мұғалімдердің кәсіптік шеберлігін көтеру жұмыстарын ұйымдастыру.
-
Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесін жинақтау және тарату.
-
Әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру мен олардың есебін жүргізу құжаттарын реттілік ұстау.
Жүргізілетін жұмыстар төмендегідей әдістемелік жұмыстар арқылы ұйымдастырылуда. Олар:
-Педагогикалық кеңес.
-Әдістемелік кеңес.
-«Жас мамандар» мектебі.
-«Игі істер, ізденістер» шығармашылық топтар.
-«Ізденіс» атты оқушылардың ғылыми қоғамы.
Достарыңызбен бөлісу: |