1-4 сыныптар бойынша оқу жылын 93 оқушы аяқтады. Олардың 23-сы оқу озаты, 45 – екпінділер. Бастауыш мектеп бойынша білім сапасы – 73%.
5-9 сыныптар бойынша жыл басында 108 оқушы болды, оқу жылы соңында да 106 оқушы қалды. Солардың ішінде 13 оқушы оқу озаты, 57 оқушы – екпінді, білім сапасы - 67 %. Өткен оқу жылымен салыстырғанда білім сапасы - 4 % -ға жоғарылаған.
10-11 сыныптарда - жыл басында 31 оқушы болса, оқу жылын 31 оқушы аяқтап отыр. Білім сапасы – 67 %, өткен жылмен салыстырғанда жоғары сынып оқушылары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген . Десек те, оқушылардың білім деңгейінің өз дәрежесінде болуы оқу - тәрбие процесінің тиімді ұйымдастырылуы мен мектепішілік бақылаудың жүйелі жүруі және білікті мамандардың тұрақтануы оң әсерін тигізді. Сондықтан жаңа оқу жылында да пән мұғалімдері оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту және тиянақтау жолындағы жұмыстарын жалғастыруды дәстүрге айналдыру қажет Жалпы мектеп бойынша оқу жылын 44 оқу үздігі, 115 оқу екпіндісі аяқтап, 69,6 % білім сапасын көрсетіп отыр, ал өткен оқу жылында 67 % білім сапамен аяқтаған болатын.