Жекелеген ұстаздар қауымының өз іс тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ниет білдірмеуі, негативті көзқарастардың болуы.
Мүмкіндігі:
Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігі;
Оқытудың жаңа әдістерін біртіндеп енгізу мүмкіндігі;
Оқушыларды өз бетінше білім алуға ынталандыру арқылы білім сапасын арттыруға, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу мүмкіндігін жүзеге асыру мүмкіндігі;.
Ұстаздар мен оқушыларды ғылыми-ізденіс жұмыстарға тарту және дарындылық қабілеттерін арттыру бағытындағы жұмысты дамытып, нәтижелі көрсеткішке қол жеткізу мүмкіндігі;
Сынып жетекшілердің тәрбие мәселесін толыққанды дамыту мүмкіндігі;
Ата-аналар тарапынан қолдау көрсету мүмкіндігі.
Қаупі:
Педагог мамандардың өзін-өзі бақылау және бағалау жүргізе алмауы;
Уақытты дұрыс пайдалана алмауы;
Оқу-тәрбие үдерісінде болып жатқан өзгерістердің жекелеген мұғалімдер тарапынан қолдау таппауы, дәстүрлі әдіс-тәсілдерден арыла алмауы;
Ақпарат құралдары арқылы террористік, жат ағымдағы діндердің ашық жариялануының жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен тосын жағдайлардың орын алуына әсері.