Бекітемін Мектеп директоры: Д. Е. Самбетова


-2020 оқу-жылына арналған оқу-тәрбие жоспары бойынша атқарылған жұмыстардың SWOT талдауы



бет18/36
Дата06.02.2022
өлшемі140,29 Kb.
#79674
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36
Байланысты:
Шанханай НМ 2019-2020 годовой план школы

2019-2020 оқу-жылына арналған оқу-тәрбие жоспары бойынша атқарылған жұмыстардың SWOT талдауы:
Күшті жағы:

  • Ұжымда психологиялық ахуалдың дұрыстығы, ынтымақтастықтың орнауы;

  • Атқарылатын іс-шаралардың мақсат, міндеттері, күтілетін нәтиженің айқындығы;

  • Мектептің 5 жылға арналған даму жоспарының болуы, алдын ала жасалуы;

  • Жоспарланған іс-шаралар қолжетімділігі;

  • Кадрлар мәселесінің дұрыс жолға қойылуы, жеткіліктілігі;

  • Деңгейлік курстан өткен мұғалімдердің болуы (мектеп басшысы -1, І деңгей - 1, ІІ деңгей -0, ІІІ деңгей -6).

  • Мұғалімдердің сабақта оқытудың жаңа-әдіс тәсілдерін меңгеруі. Мұғалімдер білім саласына енгізіліп жатқан ақпараттар көзімен таныс болуы;

  • Аудандық семинарлар, мектепішілік көрмелер, байқаулардың көптеп уақтылы өткізілуі. Ұстаздардың шығармашылықпен жұмыс жасауы;

  • Озық іс-тәжірибелерді зерттеу, жинақтау, тарату жұмыстарының дұрыс жолға қойылуы, жүргізілуі.

  • Қоғамдық орындар және ата-аналармен қарым-қатынастың бар болуы;

  • Педагогтар қызметіндегі жаңашылдық;

  • Мұғалімдердің мектеп әкімшілігі тарапынан қолдау көруі.

Әлсіз жағы:

  • Жаңа модификация кабинеттерінің жеткіліксіздігі;

  • Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының төмендігі, оқушы білімінің шынайы бағаланбауы;

  • Ұстаздар тарапынан атқарылатын жұмыстарға критерий құру дағдысының қалыптаспауы;

  • Жекелеген ұстаздар қауымының өз іс тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ниет білдірмеуі, негативті көзқарастардың болуы.

Мүмкіндігі:

  • Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасын жүзеге асыру мүмкіндігі;

  • Оқытудың жаңа әдістерін біртіндеп енгізу мүмкіндігі;

  • Оқушыларды өз бетінше білім алуға ынталандыру арқылы білім сапасын арттыруға, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу мүмкіндігін жүзеге асыру мүмкіндігі;.

  • Ұстаздар мен оқушыларды ғылыми-ізденіс жұмыстарға тарту және дарындылық қабілеттерін арттыру бағытындағы жұмысты дамытып, нәтижелі көрсеткішке қол жеткізу мүмкіндігі;

  • Сынып жетекшілердің тәрбие мәселесін толыққанды дамыту мүмкіндігі;

  • Ата-аналар тарапынан қолдау көрсету мүмкіндігі.

Қаупі:

  • Педагог мамандардың өзін-өзі бақылау және бағалау жүргізе алмауы;

  • Уақытты дұрыс пайдалана алмауы;

  • Оқу-тәрбие үдерісінде болып жатқан өзгерістердің жекелеген мұғалімдер тарапынан қолдау таппауы, дәстүрлі әдіс-тәсілдерден арыла алмауы;

  • Ақпарат құралдары арқылы террористік, жат ағымдағы діндердің ашық жариялануының жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық пен тосын жағдайлардың орын алуына әсері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   36




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет