«ҚР мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Гимніне»сый құрмет қалыптастыру, насихаттау және жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру мақсатында «Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздіктің қасиетті белгілері» онкүндік барысында 1-4 сынып оқушылары арасында «Рәміздерді құрметтеу-халықты құрметтеу», 5-8 сынып оқушылары арасында «Рәміздерім-Тәуелсіздік белгісі», 7-8 сыныптар арасында «Мемлекеттік рәміздер-тәуелсіздіктің қасиетті белгілері», 5 сыныбында «Рәмізді құрметтеу-халықты құрметтеу», 6-7 сыныбында «Рәміздерім егемендік белгісі» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттары өтті. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы мәліметтер толығымен берілген және оқушылар ашық тәрбие сағатында өз белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсетті. 5-8- сынып оқушылары арасында «Мемлекеттік Рәміздердің жастарды отаншылдық рухқа тәрбиелеудегі маңызы» тақырыбында оқырмандар конференциясы өткізіліп, соңынан кітап және «Рәміздерім-мақтанышым» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. «Сен өз Отаныңның рәміздерін білесің бе?» тақырыбына сауалнама алынды. Сынып жетекшілер мен пән мұғалімдерге нұсқаулық бойынша қосымша әдістемелік көмек көрсетілді. Ақпан айында 5-7 сыныптар арасында ҚР Рәміздері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді және 1-9 сынып оқушыларынан жас ерекшеліктері ескеріле отырып, сауалнама алынып, қорытынды сараптама жасалынды.
Аудандық білім бөлімінің 03.03.2018 жылғы №75 бұйрығы негізінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін қолдану мен насихаттау бойынша 2016-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары №136–03.16.03.2018 ж бұйрық бойынша жасалынып, бекітілді. 1-8 сынып оқушыларынан жас ерекшеліктері ескеріле отырып сауалнама алынып, қорытынды сараптама жасалынды, 5-7 сыныптар арасында ҚР Рәміздері бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Рәміздер туралы бума толықталып, жинақталды. Мектептің І-қабатында стандартқа сәйкес бекітілген мемлекеттік рәміздері: Ту, Елтаңба, Гимнінің стендтері ілінген.
30 қараша күні ҚР Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдау 5-8 сынып оқушылармен педагогикалық ұжымы бірге тікелей эфир арқылы тыңдады. Кезектен тыс педагогикалық кеңесте Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауы талқыланып, директордың тәрбие ісі жөнінен орынбасары бастауыш сынып мұғалімі К.Баисбекова, қазақ тілі пәнінің мұғалімі А.Нурадилова, бастауыш сынып мұғалімі Г.Құрманова кітапханашы Б.Жоканова өз ойларын ортаға салды.