Байланысты: Шанханай НМ 2019-2020 годовой план школы
Пән мұғалімдерінің курстан өтуі. Пән мұғалімдері өз пәндері бойынша арнайы курстан өтті. Мұғалімдердің курстан өтуі кестеге сәйкес болды. Жаңартылған бағдарлама бойынша курстан 6 мұғалім өтіп келді. Қалған мұғалімдер алдағы уақыттарда өтуге сұраныс берілді.
Мұғалімдердің білім-біліктілігін көтеру өз деңгейінде жүргізілуде. Пән мұғалімдері тек үлгілі сабақ жоспарларымен шектелген жұмыс төңірегінде ғана ой қозғап, баспасөз беттеріне материалдар ұсынады деген ескертпеден қорытынды шығарып, жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану, жалпымектепішілік ұйымдастырылып жатқан іс шаралар, шығармашылықпен жұмыс жасау, авторлық бағдарламалар даярлау, оқушылардың қызығушылығы бойынша жасалынған жұмыстар, т.б. туралы тақырыптарды назарда ұстады. Пән мұғалімдері сыныптан тыс іс-шараларда оқушыларды шығармашылыққа баулып, пән бойынша қосымша білімдерін тереңдетсе, үлгілі сабақтарда оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған жұмыстар атқарып, әр сабақта оқушыларды нақты білім алуға, қорытынды жасай білуге, нәтижесін көруге үйретті.