Жас мамандармен жұмыс «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры мұғалімдердің қолында» деп Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей Шанханай негізгі мектебінде биылғы оқу жылында 3 жас маман бар.
Самбетова Гүлдана – логопед
Жұманова Динара – психолог
Усенбекова Аяна – бастауыш сынып мұғалімі
Әр жас мамандарға өз пәндерінің негізінде тәлімгерлер бекітілді.Жас мамандар күнделікті сабақ жоспарларын көрсетіп, бекітіп отырады.
Оқу жылының бірінші күндерінен бастап тәлімгерлер оларға жоспарлары бойынша мектеп құжаттары: сынып журналы, оқушылардың жеке іс-қағазы, үлгерімі туралы табельдерді толтыру жолдарымен таныстырып, пәндері бойынша мемлекеттік стандарттың негізгі құжат екендігі туралы түсінік берді. Сол бойынша мұғалімнің өз құжаттары күнтізбелік жоспар, тәрбие жоспары, сабақ жоспарын жазу үлгілерімен қоса өз білімін жетілдіру жоспарларын құруға көмектесті. Сабақ жоспарларын жазу барысында үш мақсаттың маңыздылығын, олардың аспектілерін қарастыру керек екендігіне зор ден қойылды. Жас мамандармен ұйымдастырылған семинар барысында сабақтың типологиясын, оған байланысты кезеңдерің туралы айтылды. Келесі отырыста педагогикалық технологиялардың түрлеріне тоқталдық. Сонымен бірге сабақты талдау әдістерімен таныстырылды.