Байланысты: Шанханай НМ 2019-2020 годовой план школы
Әдістемелік жұмыс. Оқу жылының басында әдістемелік кеңес отырысының жоспары құрылып, бекітілді. Осы құрылған жоспар бойынша тоқсанына 1 рет әдістемелік кеңес отырыстары өткізіліп, хаттамалары жазылып, құжаттары жинақталды. Оқу жылы барысында 5 әдістемелік бірлестік бекітілген жұмыс жоспары бойынша жұмыстар атқарды. Барлық әдістемелік жұмыстар бірлестік жетекшілерінің назарынан тыс қалмай, бақылауда болды. «Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушылардың оқуын жақсартуға ықпал ету» басымдықты ескере отырып МДЖ жасалынды. Мақсаты: Оқушылардың оқуын жақсарту үшін,мұғалімдердің әр сабақта қалыптастырушы бағалауды, кері байланыстың түрлерін үздіксіз жүргізіп отыруына ықпал ету. Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер қалыптастырушы бағалауды үнемі қолдануға дағдыланады. Әр сабақта қалыптастырушы бағалауды түрлендіріп отырады. Оқушылар бір бірін әділбағалауды меңгереді. Мұғалімдер сабақ жоспарын жазуда оқушылардың идеяларын есепке алады. Мұғалімдер өз сабақтарын жоспарлауда және өткізуде үздік сабақтың алты белгісін ескереді. Мұғалімдер мен оқушылар өз жұмыстарына рефлексия жасай алады. Ата аналар мектеп жұмысына белсенді қатысып,кері байланыс жасауды үйренеді. Мұғалімдер оқушылардың оқуын жақсарту үшін үнемі кері байланыс жасап отырады. «Ата- ана- мұғалім», «Ата- ана- оқушы», «Мұғалім оқушы» байланыстары нығаяды. Желілік қоғамдастық аясында өзге мектептермен ынтамақтастық орнайды. Мұғалімдер,оқушылар,ата аналар әр мәселе бойынша өз пікірін,идеясын айта алады. Ұжымдық іс әрекеттің тиімділігін бағалай біледі. Мұғалімдер іс әрекеттегі зерттеу жұмысының тиімді екендігіне көз жеткізеді. «Мақсат дұрыс қойылса,жұмыс та ілгері басады», «Формативті және суммативті бағалаудың ерекшеліктері», «Үздік сабақтың алты белгісі және сабақта қолданылатын стратегиялар», «Сабақта формативті бағалауды үнемі тиімді жүргізудің бір тәсілі топтық жұмысты тиімді ұйымдастыра білу», «Мектепте формативті бағалауды қолданып оқушылардың оқуын жақсартуға ықпал етудің бір тәсілі», «Оқушының мотивациясын арттыруда ақылдың алты қалпағы тәсілін сабақта пайдалану жолдары», «Оқу үдерісіне диалогтық оқыту әдісін қолданудың маңызы», «АКТ пайдалану арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру», «Критериалды бағалау», «Оқушылардың білім жетістіктерін бағалаудағы оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы», «Блум таксономия бойынша түрткі сұрақтар» тақырыптарында коучингтер өткізілді. Нәтижесінде коучинг арқылы бақылау жасалынып, мұғалімдерден коучинг соңынан кері байланыс алынып, «Шеринг» жаттығуы жасалынды. «Коучинг қызықты өтті. Жақсы түсіндірілді. Осы бағытта жиі жұмыстар жүргізілсе», «Коучингтен біраз мағлұмат алдым. Әр модулге жеке коучинг өткізілсе», 7 модуль идеясын түсінген ұстаздар сабақтарына енгізіп, білім сапасының көтерілуіне ықпал етсе, «Инновациялық бағыттағы жұмыстардың нәтижеге жетудің тиімді жолдары» тақырыбында өткізілгенаудандық семинардан мұғалімдер әрбір әдістің, модульдің тиімді және тиімсіз жағын саралай отырып пайдалану керек екендігін ұғынып, желілік байланыс орната келе, эвалюация кезінде қоғамдастық мүшелері жылдық жұмыстарын жинақтап, әріптестерінің алдында шығармашылық есеп берді. Оқушылардың нәтижеге жетуде оңтайлы шешім қабылдауы, өзін-өзі бағалаудың тиімділігіне көз жетуі, сын арқылы түзету, қайталау арқылы бекіту мен пәнаралық және тақырыптық байланыстарды басқаша қабылдап, зерделеді. Топ мүшелері өз білімдерін ұдайы жетілдіріп, әр мұғалім материалдарын бір бумаға жинақтап, жетістіктерін мерзімдік баспаға ұсынды. Нәтижесінде, шығармашылық топ мүшелерінің жұмысына «қанағаттанарлық» деген баға берілді. Осы бағалаудан кейін кез келген мұғалім өз әдістемесін көтеруге ұмтылып, іс-тәжірибесін тарату, озық іс-тәжірибелерді үйрену қажеттілігін сезіне біліп, шығармашылық топтың іс-тәжірибесін мерзімдік баспа арқылы насихаттап, әдістемелік жинақ шығаруға ұсыныс жасалынды. Сонда осындай шығармашылық жұмыстардың нәтижесі алдағы уақытта оқушылардың нәтижесінен де көрінетіні байқалса, ал жас мамандарға тәжірибе жинақтауда мәні зор болар еді. Мектепті дамыту жоспарынан шыққан нәтиже: мұғалімдер қалыптастырушы бағалауды үнемі қолдануға дағдыланды, әр сабақта қалыптастырушы бағалауды түрлендіріп отыруға тырысты, оқушылар бір бірін әділ бағалауға үйренді, мұғалімдер сабақ жоспарын жазуда оқушылардың идеяларын есепке алды, ата аналар мектеп жұмысына белсенді қатысып, кері байланыс жасап үйренуге дағдыланды, ұжым бірлесе отырып жұмыс жасай білді.
Аудандық «Алаш арысы» атты байқауынан «Тағылымды тарихшы» номинациясын иеленгені үшін тарих пәнінің мұғалімі Өмірхан Самал марапатталды. Сондай-ақ «БОЛАШАҚҚА ПРЕЗИДЕНТІМІЗБЕН БІРГЕ» республикалық байқауына балаларды белсене қатыстырылғаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Шанханай ауылдық мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен «Қыс кереметі» атты мекемелер арасындағы қыстық спорттық ойындар жарысында Шанханай негізгі мектебі ұжымы І – орынды иеленіп мақтау қағазымен марапатталды.
Шанханай негізгі мектебінің педагог-психологы Жұманова Динара мұғалімдер арасындағы аудандық Мұқағали оқуына қатысып номинация бойынша мақтау қағазымен марапатталды.
Мұғалімдер байқауларына өз пәндері бойынша үлгілі сабақтар мен сыныптан тыс шаралардың, тәрбие сағаттарының жоспарының үлгісін көрсетіп, мұғалімнің сабақ жүргізу шеберлігі, сабақтың құрылымы, кезеңдерінің мақсатына жетуі, сабақта қолданған жаңа әдіс-тәсілдерді интербелсенді тақтаны, слайдты жүйелі қолдануы бағаланды. Ұйымдастырылған шаралардың нәтижесінде мұғалімдердің ізденісі мен шеберліктері ұшталды. Мұғалімдердің кәсіби өсуі күнделікті педагогикалық жұмыс барысында жүзеге асты. Әдістемелік жұмыстың мазмұны білім беру үрдісінің сапасы мен әрбір мұғалімнің біліктілігін көтеруге бағытталды.