Байланысты: Шанханай НМ 2019-2020 годовой план школы
Мектептің материалдық-техникалық базасы. Оқу жылы барысында пән кабинеттері көрнекіліктермен толықтырылып отырды. Қорыта айтқанда, мектептің материалдық-техникалық базасы «қанағаттанарлық» деңгейде болды. Оқу жылы барысында мектепке 2 проэктор келді. Кез келген өзгеріс өскелең ұрпақтың психологиясына әсер етіп, оқушылардың жақсы оқуға деген ынтасының артуына, дүние тануының кеңеюіне, қоғамға, өмірге, әлеуметтік құндылыққа, мінез-құлық нормаларына, көзқарастар мен қарым-қатынастарына түзетулер енгізеді. Олай болса, арнайы жабдықталған кабинеттермен жабдықтау жұмыстары күн тәртібінен түспеуі тиіс. Сонымен қатар, мектеп 40 жыл бойы күрделі жөндеуден өтпеген, алдағы жылдарда күрделі жөндеуден өткізілсе деген проблема күн тәртібінен түспейді. Бүгінгі күні күрделі жөндеу жұмыстарына бөлінетін қаржы аудан әкімі М.Бигельдиевтің назарында тұр. Жаз айында мектептің электр жүйесін жөндеу,жылу жүйесін ауыстыру, терезелерді ауыстыру жұмыстарына қаражат бөлініп қыркүйек айында жөндеу жұмыстары жүргізілді.Мектебімізге су жүйесі де іске қосылып, ауыз су мәселесі де шешілді.