Тәрбие жұмысын зерделеу бойынша жадынама



Дата17.11.2019
өлшемі40,5 Kb.
#51958
Байланысты:
ТӘРБИЕ ЖАДЫНАМА 2019

Тәрбие жұмысын зерделеу бойынша

ЖАДЫНАМА


  1. Оқушылардың оқытумен қамтылуы.

  2. Білім беру жүйесіндегі тәрбие стратегиясын анықтайтын нормативтік құжаттар.

  3. Тәрбие жұмысын жоспарлау (жылдық тәрбие жоспары, кәмелетке толмағандар арасындағы келеңсіз оқиғалардың алдын алу бойынша іс-шаралар жоспары).

  4. Тәрбие жұмысының өзекті мәселесі.

5. Тәрбие тұжырымдамасы, бағдарламаның орындалуы, Білім алушының тәртіп Ережесі.

6. ҚР 09.07.2009 ж. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз, панасыз қалуының алдын алу туралы» Заңының орындалуы.

7. Облыс әкімінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 136 – ө өкімімен бекітілген «Кәмелетке толмағандарға қатысты құқықбұзушылықтың алдын алу жөніндегі 2019 жылға арналған бірлескен іс-шаралар жоспары» тармақтарының орындалуы.

8. Ақтөбе облысы әкімінің 2018 жылғы 4 мамырдағы № 180-ө өкімімен бекітілген «Ақтөбе облысында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 – 2022 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарының» орындалуы.

9. Аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің кеңестерінде, жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық, өндірістік кеңестері мен класс жетекшілердің әдістемелік бірлестік отырыстарында тәрбие мәселелерінің қаралуы (қайда, қашан қаралды, қандай шаралар қабылданды және т.б.).

10. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, тәлімгерлер, класс жетекшілердің сапалық құрамы.

11. Класс жетекшілерінің жұмысын ұйымдастыру. Олардың қызметінің негізгі бағыттары. Класс жетекшілерінің ӘБ.

12. Тәрбие субъектілерінің өзара іс-қимылы (мұғалімдер, оқушылар, ата-аналар). Оқушылар отбасымен жұмыс. Қиын отбасыларды анықтау. Тәрбие ортасын қалыптастыру.

13. Оқушылардың соңғы 3 жылдағы тәрбиелік мәні бар шаралардағы жетістіктері.

14. Мектептегі өзін-өзі басқаруды ұйымдастыру. Класс жұмысының түрлері. Балалар қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерін дамыту. Олардың жұмысындағы бағыттар. Аға тәлімгердің жұмысын ұйымдастыру.

15. Үйірмелерде, клубтарда, секцияларда оқушылардың, әсіресе тәрбиеленуі қиын балалардың қамтылуы.

16. Тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы мектептен тыс мекемелердің үлесі (салыстырмалы көрсеткіш).

17. Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру.

18. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестер мен ата-аналар комитеті жұмыстарының ұйымдастырылуы. Ата-аналармен жұмыс әдістемесі, байланыс.

19. Аудандық, қалалық ішкі істер бөлімдерінің кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекциямен байланыс.

20. Құқық қорғау органдарымен бірлескен жұмыстар, рейдтер.

21. Құқық бұзушылықтың алдын алу Кеңесінің жұмысы (жоспар, хаттамалар, шешімдер және т.б.).

22 Соңғы 3 жыл бойынша құқық бұзушылықтың, қылмыстың сараптамасы.

23. Құқық бұзушылыққа бейім оқушыларды есепке алу, жүргізілген жұмыстар.

24. «Тәртіп сақшылары» тобының жұмысын ұйымдастыру.

25. Құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықтық тәрбиелеу мен оқыту бойынша түсіндірме жұмыстарының орындалуы. Лекторлар тобының жұмысы.

26. Құқық бұзушылық пен қылмыстың талдауы және есебінің схемасы.

27. Салауатты өмір салты дағдыларын тәрбиелеу. Балалар ортасындағы жағымсыз көріністердің алдын алу. Бейәлеуметтік мінез-құлықты балалармен жұмыс.

28. Балаларды психологиялық-педагогикалық және медициналық – әлеуметтік оңалтуды құру. Білім беру ұйымдарындағы педагог-психолог пен әлеуметтік педагогтардың жұмысы.

29. Мектептің Ішкі тәртіп Ережесінің сақталуы (Мектепте қабылданған және тұлғаның әлеуметтік маңызды қасиеттерін дамытуға бағытталған нормалар, ережелер, тәртіптер, этикет, атрибутика). Мектеп формасының сақталуы бойынша жүргізілген жұмыстар.

30. Тәрбие жұмысында инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану.

31. Тәрбие жұмысының нәтижелілігі (баланың тәрбиелік деңгейі, белсенділігі, оқу, еңбек қарым-қатынасы).

32. Сенім телефоны, Сенім жәшігінің жұмысы (республикалық call центр).

33. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша шаралар

34. Жасөспірімдерге қатысты құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу шаралары (жыныстық қол сұғылмаушылық, зорлық-зомбылық және т.б.).



35. Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жұмыстары.



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет