Байланысты: Шанханай НМ 2019-2020 годовой план школы
Құқықтық тәрбие бойынша оқу жылының басында мектептегі 2-11 сынып оқушыларының арасынан тәрбиесі қиын оқушылардың тізімі алынып, олармен атқарылатын жұмыс жоспары жасалынды. «Тәуекел» топ және инклюзивті оқушылардың анықталмаған, «Баланың бас ұстазы ата- ана» тақырыбында пікірталас өтті. Бұл пікірталастың басты мақсаты – ата- аналардың мектеппен тұрақты қарым қатынасын қалыптастыру. Балалар өмірінде ата- аналардың рөлі туралы мағлұматтар бере отырып, оқушылардың дүниетанымын, қабілетін, салауатты ұрпақ тәрбиелеуде отбасының рөлін дамыту.
Қазан айында «Заңды білу-заман талабы» құқық апталығында 1-4 сынып оқушылары арасында «Заң және мен», 5-8 сынып оқушылары арасында «Заң талабы-заман талабы», 7-8 сынып оқушылары арасында «Құқық бұзушылықтың алдын-алу» тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. 5-8 сынып оқушылары арасында «Заң бұзушылық деген не?» тақырыбында әңгіме-лекция, 8 сыныпта «Жасөспірім және заң» тақырыбында ауызша әңгме жүргізілді.
Мектепте жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылықты болдырмау мақсатында 5-8 сынып оқушыларымен жасырын түрде сауалнама жүргізілді. Оқушылар арасында бір-біріне күш көрсету, ақша сұрау, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсету фактілері анықталған жоқ, жыныстық тиіспеушілік бойынша оқиға тіркелген жоқ.
«Түнгі ауыл көшелері» операциясы бойынша «Түнгі ауыл көшелері», «Көше», «Жасөспірім» тақырыбында акция жарияланып, мектеп ұстаздарынан құрылған «Мұғалімдер отряды» бекітілген кезекшілік кестесі бойынша кезекшілікке шығып, тәртіп бұзуға бейім оқушылардың үйлерін аралап, кешкі мезгілде балалардың өз уақыттарын қалай өткізетіндіктерін бақылап отырды. «Көше» акциясы бойынша жоғарғы сыныптың ата-аналарымен бірлесіп педагогикалық топ рейдтерге шықты. Ауылдық әкімшілік территориясында өткізілген рейдтер бойынша қайыршылықпен айналысып жүрген балалар, ата-анасының қамқорынсыз қалған немесе тәулік бойына балаларын жалғыз тастап кеткен ата-аналар тіркелген жоқ. Мектепте «Тәуекел тобындағы» оқушылар тіркелмеген.
Кәмелеттік жасқа толмағандар арасында өзіне-өзі қол жұмсауға ұмтылған және суицид оқиғасының алдын-алу мақсатында 2017-2018 оқу жылына арналған және ауылдық округ әкімімен, ауылдық учаскелік инспекторымен, ауылдық аурухананың бас дәрігерімен, психологпен жасөспірім балалар арасындағы өз-өзіне қол жұмсауға ұмтылған және суицид оқиғасының алдын алу бойынша бірлескен жұмыс жоспары жасалып, бекітілген.
Мектепте «Сенім жәшігі» қойылған. Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид және жазатайым оқиғалардың алдын-алу мақсатында мектеп психологы 5-8 сыныптар арасында «Өмірден өткен тәтті жоқ» тақырыбында әңгіме жүргізіп, оқушылардан сауалнама алып, қорытынды сараптама жасалынды.
Кәмелетке толмағандар арасындағы суицид және жазатайым оқиғалардың алдын-алу мақсатында сынып жетекшілердің ата-аналармен жүргізген жұмысы мектеп әкімшілігінің үнемі бақылауында болды.
Оқушылармен атқарылған іс-шаралардың нәтижесінде олардың егеменді еліміз Қазақстанға, туған жерге сүйіспеншілігін оятсақ, елбасымыз Н.Назарбаевты, ҚР Конституциясы мен ҚР Рәміздерін құрметтеуге, қастерлеуге тәрбиелей отырып, құқықтық мәдениеті мен санасы қалыптасты.
Рухани-адамгершілік тәрбиесі бойынша оқушылардың өзіндік сапасын дамытуға жағдай жасап, адамгершілік пен имандылыққа толы рухы мен әдеп ұстанымы мықты әлеуметтік жағынан белсенді жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында 1 Қыркүйек-«Білім күніне» арналған «Армысың, алтын ұя, мектебім!» атты салтанатты жиын өтті. 1-Қыркүйек-Білім күнінде 1 сабақ 1-8 сыныптарда «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында өткізген ашық тәрбие сағаттарына ауыл әкімі мен мектеп әкімшілігі қатысты.
«Адамгершілік-адамның басты құндылығы» тақырыбында өткізілген апталық барысында 1-8 сыныптар арасында «Адамгершілік-адамның басты құндылығы» тақырыбында сынып сағаттары өткізілді.Оқушыларды адамгершілік пен имандылыққа тәрбиелей отырып, рухы биік азамат болып өсуіне ықпал ету арқылы ата-анасына, ұстаздарына деген сүйіспеншілігі қалыптасты.
Ұлттық тәрбие бойынша ҚР-ның «Тіл Туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында пән сабақтарында, тәрбие және сынып сағаттарында 1-8 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасындағы «Тіл туралы» Заңның жалпы ережелері туралы толық мағлұмат беріліп, заңның маңыздылығы ашып көрсетілді. ҚР мемлекеттік тілге құрметті қалыптастыру жұмыстары жүргізіліп, «ҚР мемлекеттік Тіл туралы» заңының орындалуына арналған құжаттармен толықтырылды. Мектеп кітапханасында қазақ және Қазақстан Республикасындағы басқа да тілдердегі әдебиетпен қамтамасыз ету жұмыстары үнемі жүргізілді. Мектепте «Тіл – ұлттың жаны» атты айдармен тіл мерекесінің апталығының іс - шаралар жоспары жасалып, бекітілді. Белгіленген жоспар бойынша барлық іс - шаралар өз мәнінде өтті. Атап айтқанда жалпы мектепішілік лездемеде «Ана тілі- рухани құндылығымыз» атты тақырыпта 8 сынып оқушысы Болатхан Ажар оқушылар алдында баяндама оқыды. Өз баяндамасында 1989 жылы 22-ші қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тілінде «Мемлекеттік тіл» мәртебесі көтерілді.1992 жылы 30 тамызда Ата заңда қазақ тілі мемлекеттік тіл болып қабылданды. 1997 жылы 11-ші шілдеде Қазақстан Республикасының Парламенті «Тіл туралы» жаңа заңын қабылдады. 2007 жылы «Мемлекеттік тіл жылы» деп жарияланды. Тілдің тазалығын сақтаушы академия да емес, грамматика да, емес, білімдер да емес,тілді таза қалпында сақтайтын халықтың рухы. «Тілден тілдің кеңдігі болғанымен, кемдігі жоқ», соның ішінде мемлекеттік тіл өз құзіреттілігін барынша сақтап келеді. Халқымыздың аса бай рухани қазынасы туған ана тіліміз деп айтып өтті.
«Ел тірегі – тіл» атты тақырыпта 1-8 сыныптар арасында сынып сағаттары өткізілді.
«Тілдің мерейі, елдің мерейі» атты тақырыпта 5-8 сыныптар арасында мәнерлеп оқудан байқау болды. Байқау барысында орын алған оқушылар кітаптармен марапатталды.
«Ана тілім болашағым, ертеңім» атты тақырыпта 6-7 сыныптарда дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-қағаздардың жүргізілуі, кіріс, шығыс қағаздары, бұйрықтар, хаттамалар, анықтамалардың барлығы дерлік қазақ тілінде жазылады.
«Қош келдің–Наурыз думан» тақырыбында өткізілген апталық барысында 1-9 сыныптарында «Қош келдің, Әз Наурыз!» тақырыбында сынып сағаттары, 2-6 сынып оқушылары арасында өткен «Күлімдейді, көкте нұр!» тақырыбында сурет көрмесі өткізілсе, «Ұлыстың Ұлы күні-әз Наурыз!», «Наурыз- жыл басы», «Наурыз-думан» үлгі тәрбие сағаттары өз деңгейінде өтті. Үлгі тәрбие сағаттарына ата-аналар шақырылып, наурызға бата беріліп, ақ тілектер айтылды, соңынан ата-аналардың демеушілігімен наурыз көже берілді.
Наурыз мерекесіне арналған «Армысың, әз Наурыз» атты музыкалық кеш өткізілді. Мақсаты: Қазақ халқының ежелден сақталып, атадан балаға мұра етіп қалдырған салт – дәстүрін, наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, әрі дамыту және көркейту болатын. Халық әндерімен билерін мың бұрала биледі, Қызыр атаны қарсы алып, бата сұрады, заман өзгерсе де ұлттық салт-дәстүрлерімізді көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту мақсатында, ұлттық салт- дәстүрден «Бесікке салу», «Тұсау кесер», «Қыз ұзату» сияқты көрініс көрсетті .
Өткізілген іс-шаралардың нәтижесінде, оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелей отырып, өзінің ана тілін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін сақтауға, құрметтеуге, дәріптеуге үйренді.
Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие бағыты бойынша оқушылар мен жастардың өзіне-өзі қызмет көрсету шеберлігін және дағдыларын еңбек қызметінің сан алуан түрлеріне адалдықпен, шығармашылық және жауапкершілікпен қарап, ұжымда, топта жұмыс істей білу икемдігін қалыптастыру, табиғатқа әдепті көзқарастың және оған қарым-қатынастың қалыптасуы мен дамуын табиғи ресурстардың жағдайына жеке жауапкершілік сезімін және адамдардың олармен парасатты іс-әрекеттерде болуына тәрбиелеу мақсатында қыркүйек, қазан, наурыз, сәуір айларынан бастап ауыл бойынша өткізілген «Таза сенбі» күніне мектеп ұжымы, оқушылар және кіші техникалық қызметкерлер мектеп маңындағы ағаштардың түптеріне тазалық жұмыстары жүргізді. Әр сынып өздеріне бекітілген мектеп ауласындағы жерлерді тазартып, аулада өсіп тұрған ағаштардың бұталарын кесіп, түптерін тазалап, мектеп ауласында өсіп тұрған ағаштарды суғару үшін арықтар қазылды және ескі арықтар тазартылды.
«Табиғат-тал бесігім» тақырыбында өткізілген апталық барысында 1-4 сыныптар арасында «Табиғат-тал бесігім», 5-8 сыныптар арасында «Табиғат-құндылықтары», 8 сыныптар арасында «Табиғатты қорғау және экологиялық проблемалар» тақырыптарында сынып сағаттары, 3 сыныптарда «Табиғатты қорғайық!» тақырыбында үлгі тәрбие сағаттары өткізілді. 7-8 сыныптар арасында «Экологиялық апаттар дегеніміз не, ол қалай пайда болады?» тақырыбында пікір-сайыс ұйымдастырылды. Оқушылар экологиялық апаттар туралы дайындаған дайындамалары мен бейне жазбаларына тоқталып, қорғады. «Табиғат-біздің досымыз» тақырыбында кітап көрмесі, 1-7 сыныптарда «Табиғатты қорғайық» тақырыбында сурет көрмесі ұйымдастырылды. Осындай атқарылған жұмыстардың нәтижесінде оқушылардың бойына еңбекке, табиғатқа деген көзқарастың және онымен қарым-қатынастың қалыптасуына жол ашты.
Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты тәрбиесі бағыты бойынша дене тәрбиесі және салауатты өмір сүру салтын және денсаулық қорғаушы орта қалыптастыру бағытында оқушылар мен жастардыңбойына психикалық тұрақтылықты жәнетиімді кәсіби қызмет қажеттілігін қамтамасыз ететін салауатты өмір салтын дарыту және жеке тұлғалық сапаны қалыптастыру мақсатында «Салауатты өмір салты» бағдарламасын іске асыру бойынша 2-8 сыныптар арасында темекі шегетін және насыбай ататын оқушыларды анықтау жұмыстары жасалынып, темекі шегушіліктің алдын алу мақсатында 2-8 сынып оқушылар арасында ақпараттық-оқыту материалдарына сынып жетекшілер шолу жасады, ақыл-кеңестер берді. 2-8 сыныптар арасында «Салауатты өмір-ата салтымыз» атты сынып сағаттарын өткізіп, темекі мен арақтың адам ағзасына келтіретін зияны туралы айтылып, слайдтар көрсетілді.
1-5 қыркүйек аралығында өткен «Денсаулық» апталығында 1-4 сыныптарда «Тазалық-денсаулық кепілі», 5-8 сыныптарда «Жұқпалы аурулар туралы не білесің?», 8 сыныптарда «Зиянды заттар, олардың денсаулыққа тигізер зияны» тақырыптарында сынып сағаттары өткізіліп, оқушыларға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, бейнефильмдер көрсетілді.
1-8 сынып оқушылары дәрігерлік байқаудан өтті. «Гепатит» туралы округ медбикелері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, санбюллетеньдер шығарды.
«Есірткісіз болашақ» тақырыбында өткен онкүндікте 2-8 сынып оқушыларымен «Жаман әдеттен аулақ болайық» тақырыбында сынып сағаттары, «Нашақорлық-жайлаған індет» үлгі тәрбие сағаттары, «Есірткіз болашақ» акциясы, «Жасөспірімдерді зиянды заттардан аулақ ұстау» тақырыбында конференция, спорттық жарыстар ұйымдастырылып, өткізілді. «Зиянды заттар және денсаулық» тақырыбына 7-8 сыныптар арасында лекция оқылды.
Салауатты өмір салтын насихаттай отырып, оқушыларды жаман, жат қылықтардан бойларын аулақ ұстауға, зиянды заттардың адам өміріне қауіпті екендігін ұғынды, денсаулық сақтаудың өмірлік дағдысы мен жауапкершілік тәртібіне дағдыланды.
Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие бағыты бойынша оқушылар мен жасөспірімдер бойына әсемдік арқылы, халықтар мен дәуірдің әлемдік көркем құндылықтарын насихаттау, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарын зерделеуге тәрбиелеу мақсатында 5-8 сынып оқушылары арасында «Арайлы алтын күз» тақырыбында күздік балы өтті.
Өткізілген іс-шаралардан оқушылар өз бойына әсемдік пен әдемілікті қалыптастыруға, ұлттық және адамзаттық құндылықтарын зерделей білуді үйренді.
Отбасы тәрбиесі бағыты бойыншаата-аналармен жұмысты жандандыру, оқушы, ата-ана, мектеп ұжымының ынтымақтастығын дамыту және жанұядағы ата- ана мен бала арасындағы қарым- қатынасын нығайта түсу мақсатында әр сыныпта және жалпымектепішілік ата-аналар комитеті құрылып, комитеттің оқу жылына арналған жұмыс жоспары жасалды. Жанұядағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынастын нығайта түсу үшінжалпымектептік ата-аналар жиналыстары жоспарға сәйкес өткізілді.
«Отбасы-бақыт мекені» тақырыбында өткен апталық барысында 1-4 сыныптарда «Менің байлығым-менің отбасым» тақырыбында сынып сағаттары, 5-7 сыныптарда «Ата-ананы құрметтеу-әрбір адамның қасиетті борышы» тақырыбында сұхбаттасу, 5-8 сыныптарда «Жанұясыз адам-бұл тамырсыз, сабақсыз, жапырақсыз, жеміссіз ағаш» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Жалпы мектепішілік ата-аналар комитетінің отырысында тәртіп бұзған және тәртіп бұзуға бейім оқушылардың ата-аналарымен кездесу ұйымдастырып, бала тәрбиесі туралы ақыл-кеңестер берілді. Ата-ана комитетінің мүшелерінің ықпалымен ата-аналар мектепішілік, сыныпта өткізілетін іс-шараларға, ашық тәрбие сағаттарына қатысып, демеушілік көрсетті.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, мектеп пен ата-аналар арасындағы ынтымақтастық қалыптасып, бала тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігі артты.
Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі бағыты бойынша мектепте 5-8 сынып оқушыларының арасында «Ақпараттық технологияларды (ұялы телефондарды) пайдалану және оның әсері» туралы сынып сағаттары өтті. Тәрбие орынбасарлары, сынып жетекшілерімен және ата-аналармен бірлесе отырып 5-8 сынып оқушыларымен ұялы (мобильді) телефондарды қоғамда пайдалану мәдениетін қалыптастыру бойынша ой-бөлісу ұйымдастырылып өткізілді.Жалпы ата-аналар жиналыстарында «Балалардың денсаулығы мен дамуына ұялы телефондардың оң және теріс әсерлері туралы», «Ұялы телефондардың сақтығының жауапкершілігі туралы» түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Қарт ұстаздар мектепке шақырылып, мектеп оқушыларының дайындаған сазды бағдарламаларын, 1-8 сынып оқушыларының әдеби-сазды қойылымдарын тамашалап, ата-аналардың демеушілігімен дастархан жайылып, ескерткіш сыйлықтар берілді. «Қарттар күні» мерекесі қарсаңында ауыл округінің аумағында тұратын қарттарға көмек көрсету үшін сыныптар бөлініп, олар сынып жетекшілерімен бірге қарттардың ауласын тазартып, отындарын жаруға көмектесті. Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, оқушылардың зияткерлік және ақпараттық мәдениеті қалыптасты.
Жазғы демалыс бойынша 2018 жылғы жазғы демалыс кезінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыруға дайындық жұмыстары туралы №195-03 30.04.2018ж. бұйрық шығарылып, «Жаңа ұрпақ - Нұрлы жаз- 2018» арнайы бағдарламасының рухани адамгершілік және азаматтық патриоттық тәрбиелеу контексінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағдарламасын қамтитын «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтарының жұмысы және тәрбие саласының сегіз бағыты бойынша іс-шаралар жоспары құрылып, бекітілді. Мектепте «Балбөбек» жазғы демалыс лагері ата -аналардың өтініштері бойынша әр ауысымда 1-4 сыныптардан сынып бойынша балалар демалды. Лагердің әр күнін қызықты өткізу мақсатында «Ауылым алтын бесігім» топ серуен, «Мен және менің отбасым», «Туған жер ыстық әрқашан», «Жүз сом ақшаң болғанша, жүз досың болсын», «Бақытты балалық шақ мекені» атты сурет көрмелері, «Менің сүйікті ертегім» тақырыбында қазақ ертегілерінен көрініс, «Кітап- рухани байлық», «Досыңды бағалай білесің бе?», «Әдепті адамның сөздігі»,. Мектепте сонымен қатар спорттық сауықтыру лагері, профильдік лагерь және тілдік лагерлерде өз деңгейінде өтті. Аудандық білім бөлімінің тарапынан ұйымдастырылған бір күндік танымдық саяхатқа Алматы қаласына Рахымжан Медет пен Халық Мақсат барып, демалып келді.
Қорыта айтқанда, 2019-2020 оқу жылында тәрбие жоспары бойынша жоспарланған мектепішілік іс-шаралар, сынып, үлгі тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылармен өткізілген сынып және үлгі тәрбие сағаттарының тақырыптарының мағынасы мен мазмұнының ашылуы, мақсатына жетуі сынып жетекшілердің білімділіктерін, ізденімпаздықтарын, шеберліктерінің шыңдалғандықтары мен тәжірибелерінің мол екеніне көз жеткізді. Сынып жетекшілер өздері өткізіп отырған іс-шараларының толық қанды өтуіне, сауаттылыққа, көрнекіліктердің эстетикалық талаптарға сай болына, балалардың сахна мәдениетін сақтауына үлкен мән берді. Оқушылдардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, дайындалған үлгі тәрбие сағаттарына, мектепішілік іс-шараларға ата-аналарды қатыстырып, олармен тығыз қарым-қатынаста болу сынып жетекшілерден үлкен тәжірибені талап етті. Десе де, сынып жетекшілер бірлестігінің әр отырыстарында, семинарларда айтылып, ескертіліп отырылған кемшіліктер әлі де кездесуде. Тәрбие жұмысының сәтсіз тұстары өткізілген тәрбие, үлгі сынып сағаттарында құрғақ слайдтар көрсету, интернеттен алынған дайындамаларды жиі пайдалану, тіпті кейбір сынып жетекшілер тақырыптың ашылуымен, іс-шараның мазмұнына, мағынасына жете мән бермей, дайындамалардың тақырыбы, алынған іс-шараның мақсаты, әдісі, түрі дұрыс көрсетілмей, қатемен жазылды. Өткізілген үлгілі сынып, тәрбие сағаттарының дайындамалары, суреттері уақтылы өткізілмей, мұның өзі тәрбие жұмысына біраз қиындықтар келтірді.Қиындықтар келтірілген сынып жетекшілерге ескертулер айтылды.