Байланысты: Шанханай НМ 2019-2020 годовой план школы
А л д а ғ ы м і н д е т т е р (SMART мақсаттар):
Білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасын басшылыққа ала отырып, 1-9 сынып оқушыларының білім сапасын
5 % арттыру, яғни 75% білім сапасына қол жеткізу,оқушыларды өз бетінше білім алуға ынталандырып, алған білімдерін өмірде қолдануға бейімдеу.
4 оқушыны мектепішілік ғылыми-ізденіс жұмыстарына тарту және облысқа1 оқушы шығару, 1 оқушыны республика көлеміне шығару, дарындылық қабілеттерін арттыру бағытындағы жұмыстарды дамыта отырып жалғастыру.
Әдістемелік бірлестік жұмысын жандандырып, қоғамдастық топ мүшелері мен мұғалімдер кәсіби біліктілігін өз еркімен нәтижелі көрсеткішке қол жеткізіп, оқушылармен топтық жұмыста педагогикалық шеберлігінің сапалық көрсеткішін көтеру.
Отбасы тәрбиесі негізінде баланы жан-жақты дамуға, адами қасиеттерді бойына сіңіруге, жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды түйсінуге тәрбиелей отырып, мектеп пен ата-ана ынтымақтастығын жалғастыру.
Тәрбие сағаттарында оқушылардың сөздік қорына мән бере отырып, тақпақ, өлең айту мәнеріне, сахна мәдениетіне тәрбиелеуді дамыту.