Қызылсая орта мектебінің 2017-2018 оқу жылындағы кәмелеттік жасқа толмағандардың жыныстық тәрбиесі бойынша жүргізілген жұмыс
Қызылсая орта мектебінде кәмелеттік жасқа толмаған балалардың жыныстық тәрбиесін, жыныстық тиіспеушілігін күшейту мақсатында үнемі тақырыптық іс-шаралар жүргізілуде. 15.02-19.02.2016 аралығында жыныстық тәрбиеге байланысты жұмыстар уақытында атқарылды.
15.02.2016. күні сынып жетекшілер«Күн тәртібін сақтау» және «Киім кию мәдениеті» тақырыптарында әңгіме сынып сағаттарын жүргізді. Бастауыш сынып оқушыларына күнделікті күн тәртібі мен киім киюдің мәдениеттілігі, қарапайымдылығы мен үйлесімділігі туралы көптеген мағлұматтар берілді.
15.02.2016. күні 9-11 сыныптарда сынып жетекшілер «Отбасы өміріндегі әдеп пен психология» тақырыбында сынып сағаттарын жүргізді. Жоғары сынып оқушыларына тақырыпты емін еркін ашып түсіндірді. Отбасылық құндылық, отбасылық әдеп пен отбасындағы болатын көңіл-күйлер туралы тақырыптар барысында пікір-таластар өрбіді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, мұғалімдер мен бірге тақырыпты талқылады.
16.02.2016. күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысында тәрбие ісінің меңгерушісі Аукарова Г.Ж.. «Білім ошағындағы ата-ананың рөлі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды. Мақсаты: Ата-аналардың мектептегі маңызы, бала тәрбиесіндегі ықпалдастығы. Жиналысқа келген ата-аналар арасында осы тақырып бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстелге келген ата-аналар білім ошағындағы ата-ананың рөлі жайында әңгімелеп берді.
17.02.2016. күні «Әкем-шешем және мен тату-тәтті жанұя» көңілді мәре атты 3-4 сыныптар арасында бастауыш сыныптың денешынықтыру пәнінің мұғалімдері спорттық жарыс өткізді. 6 кезеңнен құрылған отбасылық жарысқа командалар белсенді қатысты. 4 отбасылық команданың арасындағы өткен бұл сайыс өте тартымды болды. Балалармен бірге сайысқа түскен ата-аналар мәре-сәре болып жарыстың қызығын қыздыра түсті. Әр топ жеке жеке марапатталып, арнайы сыйлықтар табыс етілді.
18.02.2016 күні «Оқушылардың жыныстық тәрбиесіндегі ақпарат құралдарының маңызы» тақырыбында педагогикалық ұжыммен баяндама оқылды. Баяндамашы тәрбие ісінің меңгерушісі Аукарова Г.Ж.. Баяндаманың негізгі мазмұны баспасөз, газет, журналдар, теледидар жне әлеуметтік желілердің ролі туралы болды.
Баяндама соңынан пікір-талас туындап, маңызды мәселелер талқыланды.
19.02.2016. күні сынып жетекшілер5-8 сыныптарда достық және махаббат туралы сынып сағаттарын жүргізді. Сынып жетекшілер орта буын оқушыларына өз кезеңдеріндегі болатын балалар арасындағы достық пен махаббат жайында қызықты мәліметтер беріп, тақырыпты тартымды етіп өткізді. Оқушылардың пікірлері ортаға салынып, сынып сағаттары тақырыпқа сай жүрілді.
1-11 сыныптардың оқушылары арасында жасырын түрде сауалнама жүргізілді. Сауалнаманы жүргізген мектеп психологы Рахимжанова А.М. Мақсаты оқушылар арасындағы және үлкендер мен ата-аналар мен ұстаздар тарапынан бопсалаудың, жәбірлеудің, күш көрсетудің алдын-алу. Жүргізілген сауалнама негізінде Қызылсая орта мектебінде оқитын 80 баланың ешқайсысына ешқашан қысым көрсетілмеген. Сауалнама барысында сыныптастар, басқа сыныптың оқушыларынан, үлкендерден, ата-аналардан, ұстаздар тарапынан күш көрсету, бопсалау, жәбірлеу сияқты фактілер жоқ.
Сонымен қатар 9-11 сыныптардыңқыздары арасында тәрбие ісінің меңгерушісі Аукарова Г.Ж..«Қыз қылығымен...» тақырыбында ашық әңгіме жүргізді. Іс-шараға Қызылсая отбасылық амбулаториясының дәрігері Саденова К.К., ата-аналар ұйымының төрайымы Есімсейтова А.Қ. қатысты. Іс-шара «Айтуға оңай...» бағдарламасы негізінде жүргізілді. Бағдарламада қазіргі таңдағы болып жатқан жайттар, қыздардың ерте жүкті болып қалу себептері, жыныстық жолдары арқылы жұғатын жұқпалы аурулар мен олардың алдын-алу жолдары, ерте жыныстық қатынастың қауіптілігі, жеке бас гигиенасы туралы мәселелер көтерілді. Сонымен қатар қазақ қыздарының тәрбиесі мен әдебі, қазақи тәрбиенің маңыздылығы мен мәні туралы көптеген сұрақтар қарастырылды. Студияға келген қонақтар осы тақырыптарды ашық ортаға салып оқушылармен ой бөлісіп отырды. Оқушылар арасында да пікір-талас туындап, бір бірлерімен келіспей кей жерлерде құптап іс-шараны мазмұнды етіп өткізді. Қонақтарға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, тұшымды жауаптар алды. Іс-шара соңында қазіргі кездегі елді лең еткізіп, жаға ұстатып жатқан қыздардың әрекеттері талқыланды. Кім кінәлі? Неге бұлай болды? деген сұрақтар төңірегінде өз ойдарын ортаға салды. Жалпы осы апта барысында жоспар бойынша барлық іс-шара белгіленген уақытта жүргізілді.
Тәрбие ісінің меңгерушісі: Аукарова Г.Ж.
Достарыңызбен бөлісу: |