ӘӨЖ 371. 01. Мектеп жасына дейінгі балалардың рухани- адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру



Дата01.06.2017
өлшемі54,8 Kb.
#17464
ӘӨЖ 371.01. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ РУХАНИ- АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Оқытушы п.ғ.магистрі Н.А.Шынтаева. п.ғ.магистрі А.Е.Исабекова.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Аталмыш мақалада мектепке дейінгі тәрбие мәселесі негізіндегі нормативтік-құқықтық құжаттарда көзделген басты мәселелердің бірі – Қазақстандық жас ұрпақты Отанын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу болып табылатындағы баса айтылады. Мектепалды даярлық тобындағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақша мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан жағдайда ғана жүзеге асатындығы көрсетіледі.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан 2050» стратегиясында негізгі бағыттардың бірі ретінде халықтың ұлттық моделі мен салт-дәстүрлерін есепке ала отырып, білім мен білігі жағынан өркениетті елдердегі замандастарымен қатар тұра алатын, бойында ұлттық, отаншылдық рухы мықты қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған [1].

Мектепке дейінгі тәрбие мәселесі негізіндегі нормативтік-құқықтық құжаттарда көзделген басты мәселелердің бірі – Қазақстандық жас ұрпақты Отанын сүюге, адамгершілікке тәрбиелеу болып табылады. Балаларды рухани-адамгершілікте тәрбиелеу әрқашанда өзекті мәселе ретінде қарастырылып, көптеген ғалым-педагогтардың еңбектерінде көрініс тапқан (Л.С.Выготский, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, В.А.Сухомлинский, т.б.).

Өткен ғасырдағы педагогика тарихына көз жіберсек Әл-Фараби, Ибн Сина, Фердауси, Ж.Баласағұн, шетел педагогтары Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, К.Д.Ушинский, А.С.Макаренко, Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добролюбов, Л.Н.Толстой, отандық педагог-ағартушылар Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлиханов, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ойшыл ғалымдардың еңбектерінде рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мен дамытудың мәні мен маңызы сипатталған [2].

Атақты педагог Сухомлинский: «Бала кезде үш жастан он екі жасқа дейінгі аралықта әр адам өзінің рухани дамуына қажетті нәрсенің бәрін де ертегіден алады» деген [3].

Мектепалды даярлық тобындағы баланың рухани-адамгершілік дамуы балабақшасы мен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, рухани-адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершіліік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер қалыптасады. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің негізгі міндеттері мына жайлармен түйінделеді: ізгілік бастамасымен тәрбиелеу, балалар мен үлкендер арасындағы саналы қарым-қатынас кеңпейілдік, қайырымдылық, жақын адамдарға қамқорлықпен қарау және т.б.

Балаларды тәрбиелеуде адамгершілік сана-сезімі, рухани байлығының көрінісі ретінде адалдық, кішіпейілділік, қоғамдағы және өмірдегі қарапайымдылық пен сыпайылық, үлкенді сыйлау мен ибалық адамгершілік тәрбиесінің жүйелі сатылап қамтитын мәселелерді айтамыз. Рухани-адамгершілік тәрбиесінің әрқайсысының ерекшеліктерін жетік білетін ұстаз халық педагогикасын ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жан-жақты терең білумен қатар, өркениетті өмірмен байланыстыра отырып, білім берудің барлық кезеңдеріне пайдаланғаны дұрыс. Ата–ананың болашақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі ұрпақтан ұрпаққа жалғасуда. «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей ата-ананың күн сайын атқарып жүрген жұмысы балаға үлкен сабақ.

Қазір балабақша бағдарламаларында адамгершілік қасиеттерді бала бойына қалыптастыруға арналған шығармалар іріктеліп алынған. Ол шығармаларда сөз болатын негізгі қасиеттер: әдептілік, ұят пен ар, шындық пен әділет, ынтымақ пен бірлік, жолдастық пен достық, құмарлық т.б. М.Әуезов: «Адам баласынан жаман құлқы жаратылысынан емес, өскен орта, көрген үлгі өнеге білетіндігінен... Көпшілікті адамшылыққа тәрбиелеу үшін, жас буынды жақсылап тәрбиелеу қажет» - деген [4].

Баланың алғашқы адамгершілік түсініктерін аңғарып, мінез-құлқы мен тәртібін қалыптастыруда мектепке дейінгі шақ – ең жауапты кезең. Балалар үй ішіндегі жақындарымен қарым-қатынасында, оқу-тәрбие ісінде, тікелей өмір тәжірибесінде ненің жақсы, ненің жаман екенін байқайды, жақсы мен жаманға үлкендер тарапынан берілген бағаны меңгереді.

Психология ғылымы да баланың айналадағы болмысты дұрыс түсінуі мектеп жасына дейінгі қалыптасатынын, олар өз айналасындағы адамдардың көзқарасы мен талпынысынан, мұраттарынан жастайынан-ақ үлгі алатынын дәлелдеді. Бірақ бұл өзгерістердің бәрі де өзінен-өзі немесе жүйкенің туа біткен заңдылық күші арқылы емес, әдейі мақсат көздеп ұйымдастырылған оқу-тәрбие үстінде іске асады.

Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеудің нақты міндеттері:

1) балалардың үй-ішіне, жақындарына, құрбы-достарына, жалпы адамдарға, Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;

2) адамгершілік ережелеріне сай балалардың мінез-құлқын, ұйымдасқан тәртібін, мәдениеттілігін, жақсы әдеті мен дағдысын қалыптастыру;

3) балалардың адамгершілік түсініктері мен қасиеттерін тәрбиелеу.

Адамгершілік тәрбиесінің мазмұнына баланың Отанға, адамдарға деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу жатады. Ол үшін алдымен балалардың ата-анасына, үйіне, туған жеріне, оның табиғатына, өз ауылына, қаласына, туған-туысқандарына, дос-құрбыларына, балабақшаға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу қажет.

Балалар бойына тәрбие дарытуда балабақшада оқылатын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бәрі бірдей дәрежеде маңызды. Әсіресе балаларды адамгершілікке тәрбиелейтін «Қатынас» білім беру саласы. Ол шәкірттерде отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеялық сенімді қалыптастырады. Қазақ халқының тарихына байланысты хандарымыз бен билеріміздің, шешендеріміз бен жырауларымыздың орны бөлек. Көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті баланың рухани байлығын кеңейтіп өзінің қоғамдағы орнын түсінуге көмектеседі, ұрпақтың батырлығына көмек көрсетуді тудырады, олардың ізгі талап-тілектерін оятады. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті тәрбие арқылы балалардың еңбексүйгіштік, ұқыптылық, моральдық қасиеттерін қалыптастырады.

Балалар бойына тәрбие дарытуда балабақшада оқылатын ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің бәрі бірдей дәрежеде маңызды. Әсіресе балаларды адамгершілікке тәрбиелейтін «Қатынас» білім беру саласы. Ол шәкірттерде отансүйгіштік, ұлтжандылық, идеялық сенімді қалыптастырады. Қазақ халқының тарихына байланысты хандарымыз бен билеріміздің, шешендеріміз бен жырауларымыздың орны бөлек. Көркем әдебиет ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті баланың рухани байлығын кеңейтіп өзінің қоғамдағы орнын түсінуге көмектеседі, ұрпақтың батырлығына көмек көрсетуді тудырады, олардың ізгі талап-тілектерін оятады. Сондай-ақ, қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, мәдениеті мен әдебиеті тәрбие арқылы балалардың еңбексүйгіштік, ұқыптылық, моральдық қасиеттерін қалыптастырады.




Пайдаланған әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты жолдауы. – Астана, 15 желтоқсан 2012

2.Бромлей Ю.В. Очерки теории этноса. – М., 1983. – 412

3.Амирова Б.А. Оқыту процесінде этникалық жаңсақ нанымдардың өзгеруі: пс.ғыл.кан.дисс…. автореф. – Алматы, 1998. – 24 б.

4.Қазақ Совет энциклопедиясы. 12 томдық. – Алматы, 1973-1975.

5.Мењжанова Ж. Мектеп жасына дейінгі педагогика. - Алматы, 1996.



6.Табылдиев Ә. Халық тағылымы. – Алматы: Қазақ университеті, 1992. –

198 б.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет