Бекітемін мектеп директоры Ғ. Есенбекова



бет1/5
Дата04.12.2023
өлшемі34,04 Kb.
#194974
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5
Байланысты:
Тәрбие жоспары 5 сынып


«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры
________ Ғ.Есенбекова
« » _______ 2023 жыл
Арыстанды орта мектебінің 5 сыныбы бойынша
«Біртұтас тәрбие бағдарламасын» іске асыру мақсатында атқарылатын
2023-2024 оқу жылына арналған іс-шаралар жоспары


Сынып жетекші:А.Жүсіпбаева
ТӘРБИЕ ЖҮЙЕСІНДЕ БАСШЫЛЫҚҚА АЛЫНАТЫН ҚҰЖАТТАР

1.1995 жылғы 30 тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;


2.«Қазақстан Республикасындағы Баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 8 тамыздағы Заңы;
3.«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңы;
4.«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 27 желтоқсандағы № 293-VІ Заңы;
5.«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы № 726 қаулысы;
6.Мемлекет басшысының «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» мақаласы (2020 жылғы 8 қаңтар);

7.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы


ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ.

ЖОСПАРДЫҢ НҰСҚАУЛЫҒЫ

Өскелең жас ұрпақты рухани-адамгершілік қасиетке баулу, тәрбиелеу – барлық кезеңде өзекті. Біздің келешегіміз - жас ұрпақ, ал ұрпақ тәрбиесі адамзаттың мәңгілік тақырыбы. Ел ертеңі болар бүгінгі балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыдан барынша қамтамасыз ету, толыққанды білім алуына жағдай жасау, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау Қазақ елінің ұлттық саясатының басты бағыттарының бірі.


Тәрбие мен оқыту өзара тығыз байланысты, бір бірінен бөліп алуға болмайтын біртұтас процесс. Білім беру ұйымдарындағы тәрбие пән мазмұны, сынып сағаттарының және мектептен, сыныптан тыс қосымша білім беру мазмұны арқылы жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы қасиетті Түркістан қаласы, Түркі елінің шаңырағында өткізілген «Әділетті Қазақстан - Адал азамат» атты ІІ Ұлттық құрылтайда сөйлеген сөзінде: «Адал азаматқа тән қасиеттер әрбір жастың бойынан табылуы керек, ұрпақтың бойында жаман әдет болса, бұл үлкендердің кінәсі»- дей келе, Әділетті Қазақстанды құру үшін: бүкіл қоғам болып жұмылу керектігін:

  • ең бастысы, әр азаматтың сана-сезімі жаңғыруы қажеттігін;

  • халқымыздың дүниетанымы және өмірлік ұстанымдары өзгеруге тиіс екендігін;

  • әйтпесе, басқа реформаның бәрі бекер болатындығын нақты атап өтті.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет