Күтілетін нәтижесі:
Жан мен тән тазалығын сақтайды;
Дұрыс тамақтану мәдениетін түсінеді;
Ақпараттық, медиа және қаржылық сауаттылық;
Ізденімпаз, жасампаз тұлға;
Қоршаған орта тазалығын сақтайды.
Тәрбиенің кешенді жоспарын іске асыруда балалардың жас ерекшеліктерін ескеруде берілетін ұсынымдар:
Жастар тәрбиесі (15-18 жас)
Ұсынылады:
жастар тәрбиесі ел мен жер тұтастығын, ел тәуелсіздігін қадірлеуге, ар-ұят, намысты жоғары ұстауға, адал еңбекпен қызмет етуге, қоғам игілігі үшін азаматтық белсенділік танытуға, жауапкершілікті саналы түсінуге, салауаттық, зияткерлік құндылықтарына негізделген тәрбиеге басымдық берілуі тиіс;
ел болашағы үшін маңызды буын екендіктерін сезінуіне, отбасы алдындағы парызын, Отан алдындағы борышын өтуге белсенділігін арттыруға бағытталған әлеуметтік тәжірибелер мен жобаларға жастарды тарту;
ұлттың тарихи сана-сезімін жаңғыртудың маңыздылығы, тарихи
төл шежіресін дәріптеуге айырықша мән бере отырып, халқымыздың ата-бабадан мирас болып қалған мұрасын дәріптеу, ұлттың кодын сақтауда жастардың бойындағы рухты ояту, отаншылдық пен мемлекетшілдік сезімдерін арттыруға бағытталған шаралар ұйымдастыру;
отбасы құндылықтарын дәріптеуге,отбасын құруға жауапкершіліктітүсіндіруге бағытталған іс-шараларға тарту;
адал еңбекті жоғары бағалауға, еңбек адамын құрметтеуге бағытталған іс-шараларға тарту, кәсіптік бағдарын дұрыс анықтауға қолдау көрсету ұсынылады.
Білім беру ұйымдары мен педагогтың міндеті:
балаларды заңға, адамның және азаматтың құқықтарына, бостандықтарына, ата-анасына, үлкендерге, отбасылық, тарихи және мәдени құндылықтарға, мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсету, жоғары имандылық, патриоттық, қоршаған ортаға ұқыпты қарау рухында тәрбиелеуге;
білім алушылар мен тәрбиеленушілердің өмірлік дағдыларын, құзыреттерін, өздігінен жұмыс істеуін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және саламатты өмір салты мәдениетін қалыптастыруға.
Достарыңызбен бөлісу: |