«... Беделді халықаралық зерттеулердің нәтижелері біздің оқушыларымызда оқу сауаттылығы дағдылары тиісті деңгейде дамымағанын көрсетеді. Сондықтан жоғары оқу мәдениетіне баулу, оқу сауаттылығын дамыту қазақстандық мектептердегі білім беру үдерісінің басым бағыттарының бірі болуы тиіс. Оқуға деген қызығушылық, кітап арқылы қоршаған әлемді тану балаларда мектеп қабырғасынан қалыптасуы керек. Кітапхана осы қызығушылықтың орталығы, кітаптардың қызықты әлеміне жетелейтін орын болуы керек".
(Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың 22.10.2020ж. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің IV отырысында сөйлеген сөздерінен) Осы маңызды құжаттардың мақсаты Қазақстанда балалардың шығармашылық дамуы үшін «ОҚЫРМАН БАЛАЛЫҚ ШАҚ» атты белсенді орта құру болып табылады.
Соңғы уақытта ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуына байланысты балалардың қазіргі ұрпағы кітап оқуға деген сүйіспеншілігі мен әдетін, зияттық және бір-бірімен шығармашылық қарым-қатынас жасау қабілетін жоғалтты. Нәтижесінде балалардың танымдық белсенділігі, кретивті ойлау қабілеті, тілдік және сөйлеу құзыреттілігі, толеранттылығы төмендеп кетті.
Кітап оқу - бұл күрделі интеллектуалды процесс, онсыз өмір бойы оқу мүмкін емес. Кітап оқу - кез-келген ақпаратпен жұмыс істеудің негізі болып табылады: ауызша және жазбаша, дәстүрлі және жаңа электрондық кітап. Кітап оқи отырып, адам уақыт өте келе, өзінің дүниетанымын қалыптастырады, оның әлемге деген көзқарасы тереңдей түседі және кеңейеді. Құндылықтарға деген көзқарасы қайта қаралып, қалыптасады.
Көптеген кітаптар өзін-өзі тануға, өзін-өзі жетілдіруге, нәтижелерін арттыруға ынталандырады және шабыттандырады. Сондықтан балаларды ерте жастан бастап өмір бойы жақсы көркемдік талғамға, күн сайын кітаппен «дос» болуға, кітап оқу арқылы білім әлемін шарлауға үйрету өте маңызды. Бұған біздің "Оқуға құштар мектеп" жобамыздың іске асырылуы ықпал етеді.