Пәні: Қазақстан тарихы
|
Күні: 23.01.2015
Класс: 9 «А»
|
|
Сабақтың тақырыбы:
|
§33. Саяси қысым жағдайында.
|
Сабақтың мақсаты:
|
-Коммунистік партия билеген тұста Қазақстан лагерлер өлкесіне айналып, онда жазықсыз адамдардың жазаланып, азап шеккендігі, «Хрущев жылымығы» деп аталған кезең, ұлт зиялыларының қайта қудалануы туралы баяндау.
-Әділетсіздікке төзбеуге, халық арасынан шыққан ұлы тұлғаларды қадірлей білуге тәрбиелеу.
|
Негізгі мақсаттар:
|
-оқушыны өз бетімен қорытынды жасап, құбылыстарды салыстыра, айырмашылығын ажырата білуге үйрету.
-топтық жұмысқа жұмылдыру;
-өзін-өзі бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыру
|
Оқыту нәтижелері:
|
-оқушылардың ой-өрісі кеңейіп,таным қабілеті артады;
-топпен жұмыс істеуге дағдыланады;
-сыни ойлауға талпынады;
-ұлт зиялыларын қудалау, ату арқылы халқымыздың ақыл-ойын тежемек болған тоталитарлық жүйені әшкерелеу.
|
Сабақтың әдіс-тәсілі:
|
Топтық жұмыс,Блум таксономиясы, Жигсо І, бес жолды өлең, венн диаграммасы, шығармашылық жұмыс,формативті бағалау.
|
Сабақтың көрнекілігі
|
Интерактивті тақта,маркер,оқулық,стикер ,парақтар, презентация.
|
Модульді кіріктіру
|
Сыни тұрғысынан ойлау,
|
Кезең
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Білу
Мақсаты:
Өткен сабақ бойынша алған білімдерін нақтылау
5 мин.
2 мин
|
1.Үй тапсырмасын тексеру, тест арқылы
Жұппен тексеру
1,2,3,4 номерлер арқылы топқа бөлу.
|
Интерактивті тақтада үй тапсырмасы бойынша тест сұрақтарына жауап береді.
10 сұрақ.
Бағалау парақшасына бағаларын қояды.
|
Түсіну Мақсаты:
Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау
7 мин
|
«Мағынаны тану» кезеңі
Тақырыпты 4 бөлікке бөліп, оқушыларға оқу тапсырылады.
|
Оқып болған соң, үй тобына оралып, кезекпен оқығанын түсіндіреді.
|
Қолдану Мақсаты: Алған теориялық білімді практикада қолдана білу
5 мин
|
1-топ: Ұлт зиялыларын қудалаудың жаңа толқыны.
2-топ: Осы репрессиялардың себебі.
3-топ: Репрессияның зардаптары.
4-топ: Хрущев жылымығы.
|
Берілген сұраққа жауап бере отырып оқушылар постер немесе кластер құрастырады. Ортаға шығып өз жұмыстарын қорғайды.
|
Талдау Мақсаты: Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру
10 мин
|
«Ойтолғаныс» кезеңі
«Бес жолды» өлең құрау
|
Бірнеше оқушының жауабын тыңдау. Басқа оқушылардың жазғанын дәптерден тексеру.
|
Жинақтау Мақсаты: Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау
5 мин
|
Венн диаграммасы
1937-1938жж репрессия мен 1946ж репрессияның ұқсастығы мен айырмашылығы.
|
Оқушылар «Венн диаграммасы» арқылы соғысқа дейінгі және соғыстан кейінгі репрессиялардың ортақ қасиеттері мен айырмашылықтарын ажыратып айтады.
|
Бағалау
Мақсаты: Алған білімдерін саралау
3 мин
|
Осы репрессияларға бір сөзбен баға беріңдер.
|
Оқушылар топ болып бірін-бірі бағалайды;
мұғалімнің қорытынды бағасы
|
Рефлексия
2 мин
|
Бүгінгі тақырыпты қаншалықты түсіндіңдер?
|
Стикерге өз ойларын жазып,плакатқа іледі
|
Орындауға берілген тапсырма
|
§33, 139-142 бет.
Оқу, конспект жазу.
|
Үй тапсырмасын орындайды
|