14.04.16 ж.
1.Ашық сабақ ана тілі «Көктемнің кереметі»
Тақырыбы: Көктемнің кереметі.Заттың атын білдіретін сөздер.
Мақсаты: Оқушылардың түсініп оқуын, заттың атын білдіретін сөздер туралы түсініктерін кеңейту.
Өз бетімен жұмыс жасау арқылы логикалық ойлауын , сөздік қорын, тілін дамыту.Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Міндеттері: суретті сөйлете білу, оқыту әдістеріне сай топпен жұмыс жасай алу, талдау, демонстрациялау кезеңдерінде іздену.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Күтілетін нәтижесі:
Мәтіннің идеясын ашып үйренеді .
Құстардың адам өміріндегі орнына, тіршіліктің тірлігіне мән береді.
Топта шығармашылықпен жұмыс істеуді меңгереді.
Психологиялық дайындық
Армысың шапағатты күніміз
Армысың мейірімді жеріміз
Армысың табиғат –анамыз
Келді Сізге өзіңіздің балаңыз
3 топқа бөлінеді (геометриялық пішіндер арқылы топқа бөлу-
Үй тапсырмасын тексеру
«Ыстық орындық»(орындыққа отырып оқу)
Мәтінді мәнерлеп оқу, сұрақтарға жауап беру.
Достарыңызбен бөлісу: |