Бекітемін Мектеп директоры Сарсенбанва М. А бастауыш сынып апталығы Тақырыбы:«Таза болса табиға- аман болар адамзат»



бет9/20
Дата18.02.2017
өлшемі2,25 Mb.
#10076
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20

1-ші кезең

Кім көп ертегі біледі деп аталады.

2-ші кезең

Мына оқылған үзінді қай ертегіден алынған. Ертегінің атын тап деп аталады. Жас ерекшелігін ескере отырып мына ертегілер бірінші сынып оқушыларына арналған мен ертегіден үзінді оқимын сендер сол оқыған ертегінің мәтінің табасыңдар.

1. Ерте, ерте, ертеде, ен даланы шегіртке жаулапты. Егістіктер тақырға айналып, ағаштар жапырағынан айырылып, жалаңаш қалыпты. Шегіртке әдейі басынғандай, патшаның алтын ордасына дейін басып кіріпті. Патша уәзірлерінен ақыл сұраса, бірі:

-Дәрімен құрту керек, -десе, енді бірі:

-Отпен құрту керек, -дейді екен. Енді біреуі:

-Оның жұмыртқалайтын жерін құртуымыз керек,- десе, тағы біреуі... (Баланың тапқырлығы 1-ші сынып ана тілі)

2.Ерте, ерте, ертеде, атақты Жыл ақсақалдың Қыс, Күз дейтін екі ұлы, Көктем, Жаз дейтін екі қызы болыпты.

Ұлдары мен қыздары есейгеннен кейін, Жл ақсақал оларды алдына шақырыпты.

Ұлдарым мен қыздарым! Ақылдарың толысты, буындарың бекіді. Енді мен сендерге үлкен сенім артып, зор міндет жүктегелі отырмын. Қалай көресіңдер? – деп, ол ұлдары мен қыздарына сынай қарапты. (Төрт мезгіл 1-ші сынып ана тілі)

3.Баяғыда Үсен деген бала болыпты. Бірде ол көршісі Қанаттың ойыншығын тартып алып, бермей қояды. Қанат жылап, үйіне кетеді. Әжесін ертіп келеді. Ерегіскен Үсен ойыншықты шалшық суға лақтырып жібереді. Қанаттың әжесі ренжіп, бір нәрсені іштей күбірлеп айтып, Қанатты ертіп кетіп қалады. (Көзге көрінбейтін бала 1-ші сынып ана тілі)

4. Бірде құстар қардың қандай болатынын білгілері келіп, айналасындағыларға сұрақ қояды:

-Қар қандай болады?

- Алтындай жарқырап тұрады,- деп жауап береді Таң.

- Көгілдір түсті,- дейді мұнтаздай таза Аспан. (Қар қандай? 1-ші сынып ана тілі)

5. Бір құмырсқа сусап, су ішуге өзенге келеді. Бейшараны толқын соғып, суға түсіріп жібереді. Сол мезгілде аузында тістеген бұрағы бар көгершін суға кетіп бара жатқан құмырсқаны көреді де, аяп, бұтағын оның үстіне тастайды. Құмырсқа бұтаққа жабысып, толқынның айдауымен судың жиегіне шығып, аман қалады. Мұның артынша манағы көгершін өзеннің жағасына қонып, бір аңшының құс аулауға құрып қойған торының астындағы бидайды теріп жей бастайды. (Құмырсқа мен көгершін 1-ші сынып ана тілі)



Ал енді екінші сынып оқушыларына тапсырма:

1.Жиренше үнемі Жәнібек ханның сарайында тұрады екен. Бірақ ханнан: «Үйіме барып келейін» - деп сұрана беріпті. Хан бір күні Жиреншені үйіне жібереді. Содан «Осының үйін көрейінші» -деп, өзі де оның соңынан барыпты. Жиреншенің үй дегені- күрке, көрпе- төсегім дегені- өлеңшөп екен. Өз- үйім- өлең төсегім 2-ші сынып әдебиеттік оқу



2. Бірде Күн мен солтүстік үскірік Желі бірінен- бірі күштімін деп, айтысып қалады. Олар ұзақ дауласты, ақырында, сол мезетте үлкен жолмен өтіп бара жатқан жолаушыны көріп қалды да, өз күштерін соған жұмсап, сынаспақ болды. Жел мен Күн 2-ші сынып әдебиеттік оқу

3. Бір күні Арыстан ұйықтап жатқан екен, Тышқан келіп, оның үстінен жүгіріп өтеді. Арыстан оянып, Тышқанды ұстап алады. Қорыққан Тышқан жылап жіберіп, Арыстаннан жалынып сұрайды: Арыстан мен Тышқан 2-ші сынып әдебиеттік оқу

4. Ертеде қалың тоғай ішіндегі үлкен бір үңгірде үш Аю тұрыпты. Олар түнімен тоғайды аралап, ал күн ысығанда үңгірге кіріп жатады екен. Ең ірісі, әрі мықтысы ақ төс Аю болыпты. Ол қазандай тасты допша домалатып, ойнайды екен. Күштілігіне мақтанып, кішкене аңдарға да маза бермепті.

Тау, Қаңбақ және Бүркіт

Бір Қаңбақты жел айдап, үлкен таудың етегіне әкеп тастап кетеді. Мұны биіктен көріп тұрған Тау:


  • Е, Қаңбағым, қайдан жүрсің, неге келдің?- деп сұрайды. Қаңбақ тұрып:

Алты батпан ауырды көтерген алып едім. Жеті қабат жер астынан шықтым. Алып деген атағыңды естіп, алысу үшін әдейі іздеп келдім,- дейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет