Қорытындылау.
Ой толғаныс. Симантикалық картамен жұмыс
Сөздер
|
Кім?
|
Не?
|
Кімдер?
|
Нелер?
|
Оқушы
|
|
|
|
|
Құмырсқа
|
|
|
|
|
Әншілер
|
|
|
|
|
Гүлдер
|
|
|
|
|
Үй жұмысы 205 жат. Оқу, маз.
«Куропаткино орта мектебі» КММ
Өткізген бастауыш сынып мұғалімі : Шаяхметова.Қ.А.
2015-2016 оқу жылы
15.04.16 ж.
Сынып сағаты:
«Табиғатты қорғайық»
Тақырыбы: Табиғатты қорғайық
Сабақтың мақсаты: «Қызыл кітап» туралы түсінік беру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: Қазақстанда жойылып кетуі қаупі бар өсімдіктерге тоқталу.
Дамытушылық: табиғатты қорғау мақсатында құрылған қорықтар , «Қызыл кітап» туралы түсініктерін дамыту.
Тәрбиелік: Табиғатқа қамқорлықпен қарауға,оны аялауға тәрбиелеу.
Экологиялық тәрбие беру.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, презентация Power Point , Қызыл кітаптың суреті , Қызыл кітіпқа енгізілген өсімдіктердің суреттері.
Сабақтың барысы:
І.Психологиялық дайындық:
Біз қандаймыз ,қандаймыз.
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз.
Ренжуді білмейміз.
Қуанамын менде,
Қуанасың сенде,
Қуанайық достарым.
Арайлап атқан күнге.
- Енді ақылдасып топ мүшесін анықтаңдар.-Спикер. Қалғандарың спикермен
бірлесе отырып, жұмыс жүргізесіңдер.
ІІ. Үй тапсырмасын пысықтау.
- Үйге қандай тапсырма берілді?
- Көбею дегеніміз не?
- Тұқым дегеніміз не?
- Пиязшық дегеніміз не?
- Түйнек дегеніміз не?
- Тамырсабақ дегеніміз не?
(әр топтың оқушылары белсенділікпен үй тапсырмасына жауап береді)
ІІІ. Сұрақ – жауап.
-Енді балалар , осы өсімдіктер бойы өткен тақырыптарды пысықтайық.Мен сендерге сұрақ қоямын ,сендер жауап берулерін керек.
- Өсімдік қандай ағза?
- Далаларда , ормандарда өсімдіктердің қандай топтарын кездестіреміз?
- Өсімдік мүшелері тамыр,тамырдың қызметі.Сабақ,сабақтың қызметі.Жапырақ,оның қызметі.
- Жеміс дегеніміз не?
- Құрғақ жеміске және шырынды жеміске нелер жатады?
- Өсімдікке су,топырақ , ауа,жылу,жарық не үшін қажет?
- Мәдени өсімдіктер дегеніміз не?
Сөзжұмбақ шешу (Ой толғаныс )
1. Қияр,қызынақ,сәбіз нелер?
2. Өсімдік мүшесі?
3. Топырақтың құрамында не бар?
4. Өсімдіктің жер астындағы мүшесі не?
5. Адамдар жабайы өсімдіктерді қандай өсімдіктерге айналдырған?
6. Өсімдіктердің бізге тарататын сыйы.
7. Тірі табиғатқа тән қасиет.
(оқушылар сұрақ – жауап бойынша сөзжұмбақты шешеді)
- Олай болса , «Өсімдік» сөзі қандай түстің ішінде жазылған? (қызыл)
- Қызыл түс нені білдіреді? (оқушылар жауап береді)
- Дұрыс айтасыңдар қызыл түс жылы түс.Сонымен қатар қызыл түс қауіптен сақтанудың белгісі.
ІV.Жаңа сабақ.
- Қызыл кітіп – қауіп дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны. 1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық одақ құрды.Бұл одақ
жойылып бара жатқан өсімдіктер мен жануарлар туралы тұңғыш
кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітап» деп атады. «Қызыл кітап»
деген атауды ағылшын ғалымы Питер Скотт ұсынды.
- Бүгін , біз сол Қызыл кітіпқа енгізілген өсімдіктермен танысамыз.
(слайдтар арқылы мұғалім Қызыл кітапқа енгізілген өсімдіктермен таныстырады)
V . Сергітіу сәті
Гүлдей болып өсеміз,
Жапырағы жайқалған
Сабағындай тік болып ,
Әдемі болып өсеміз.
VІ. Экологиялық ережені түсіндіру.
- Енді балалар біз өсімдіктерді қорғауымыз керек.Жер бетіндегі ағзалардың арасындағы қатынастарды зерттейтін ғылым – экология.
(экология жайында мағлұмат беру)
VІІ. Экономикалық логикалық есептер.
- Сонымен қатар , оқушылар экономикада керек.Экономика – үнемдеу ,
бір затты орынды іске асыру.
(экология туралы түсінік беру)
Орманнан жиһаз жасау үшін бірінші күні 5 ағаш , екінші күні 10 ағаш кесіп алды. Кесіп алған ағаштардың орнына 2 ағаштан отырғызса , қанша ағаш болады?
Бақшаға 50 көшет әкелінді . 5 ыдысқа тең бөлсе 1 ыдысқа неше көшет отырғызылады?
Тоқылдақ ағашты құрт – құмырсқадан тазартады. Өйткені ол зиянкестілермен қоректенеді. Бір күнде тоқылдақ 1кг зиянкес жесе ,
бір айда неше кг зиянкес жейді?
VІІІ . Мозайка құрастыру. (Топтарға жаңа сабақ бойынша сұрақтар дайындалынады.Егерде дұрыс жауап берсе мозайкадан Қызыл кітіпқа енгізілген гүлдер шығады).
- Не үшін «Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына» өсімдіктер енгізілген?
- Егерде жануарлар бір жерде үнемі жайыла берсе , адамдар көгалды жерлерді таптаса өсімдіктер қалай өседі?
- Алатаудың шыңдарында нелер қалың болып өседі?
- Әртүрлі дәрі жасауға қолданылатын өсімдік
- Каучук алуға көп мөлшерде қандай өсімдікті пайдаланған?
- Қандай өсімдіктің неше түрі Қызыл кітапқа енгізілген?
- Қандай басқа өсімдіктер Қызыл кітапқа енгізілген?
- Көгалды жерлерге не істемеуіміз керек?
- Орманға және баққа не тастамауымыз керек?
ІХ.Рефлексия.
16.04.16 ж. күні апталық қорытындысында өтілген ашық сабақтар мен іс шараларға талдау жасалып,сын ескертулер айтылды.Апталықта ерекше көзге түскен білімді,өнерлі,дарынды оқушылар.Алғыс хаттармен марапатталды.
Достарыңызбен бөлісу: |