Бекітемін Мектеп директоры Сарсенбанва М. А бастауыш сынып апталығы Тақырыбы:«Таза болса табиға- аман болар адамзат»



бет5/20
Дата18.02.2017
өлшемі2,25 Mb.
#10076
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
2-бөлім. “Тапқыр болсаң, тауып көр” сайысы.

1-топ.
1.Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болады, ал екі аяғымен тұрса, оның салмағы қанша? (3кг)

2. Үстел беті төртбұрышты, оның бір бұрышын арамен кесіп алсақ, неше бұрыш қалады? (5 бұрыш)

3. Үш түйеқұс үшып келе жатты. Аңшы олардың бірін атып алды. Олардың қаншасы қалады? (ұшпайды)

2-топ.
1.Наурыз тойы кезі. Ат жарысы өтуде. Үш пар ат 60 километр шауып өтсе, әр ат неше километрден шабады? (60 км)

2. Ағаш үстінде 100 торғай отырды. Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайдың қаншасы қалды? (1)

3. Екі бөлмеде 36 адам болған, олардың біреуінен 10 адам, екіншісінен 20 адам шығып кеткенде бөлмелердегі адамдардың саны тең болды. Алғашқыда әр бөлмеде неше адам болған? (13,23)

Сергіту сәті:

3-бөлім. “Кім жүйрік” сайысы.
1-топ.
1.Үстел үстінде 3 қияр, 2 сәбіз және 5 апельсин тұрған. Үстел үстіндегі барлық көкөністер қанша?
 (10)
2.Театрға әдемі киінген бес бала келе жатыр. Жолда олар үш үлкен кісіні кездестіреді. Сонда театрға неше үлкен адам келе жатыр деп ойлайсыңдар?
  (3)
3.Жол бойына қайың мен терек ағаштары отырғызылды. Әрбір екі қайыңның ортасына екі терек ағаштары отырғызылған. Егер қайың 20 болса, терек ағашы нешеу болады? (36 терек)
4.Екі залда 50 орындық бар. Бір залдан 10 орындықты алып кеткенде, екі залдағы орындықтар саны бірдей болады. Әуелде әр залда неше орындықтан болғанын тап. (30,20)
5. Бір санды 6-ға көбейтудің орнына 6-ға бөліп қойды.
Сонда 15 шықты. Дұрыс жауап қалай болу керек еді? (540)


2-топ.
1. Сатушы базарда «егер менің алмаларыма, осындай және тағы 10 алма қосса, онда менде 100 алма болар еді»,-деп ойланып отыр. Сонда сатушының алмасы қанша? (45)
2. Артық санды табыңыз: 30, 28, 24, 21, 18.
  (21)
3. Бозторғайлар 9 болса, сары шымшықтардың олардан 3-еуі артық. Барлық құстардың үштен бір бөлігі ұшып кетті. Неше құс ұшып кетті? (7)
4. Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде, екіншісіне қарағанда 4 кг кем. Сонда әр қапта неше килограмм картоп болуы тиіс. (46,54)
5. Хайуанаттар бағында 9 тордың ішіне 45 қоянды отырғызу керек. Торлардың ішіндегі қояндар саны әр түрлі болуы тиіс.
  (1,2,3,4,5,6,7,8,9)
2. Таблица бойынша 51-ге дейін санап шық (1 - 1, 5 мин ішінде)
4-бөлім. “Білгің келсе, шешіп көр” сайысы.


1-топ.

1.Қабырғасы 5 см шаршының ауданы? (20 см2)

2. Асханаға 100 кг сәбіз және одан 3 есе артық картоп әкелінді. Асханаға неше кг картоп әкелінді?(300)

3. Екі өрнектің қосындысының квадараты? (а + в) 2



2-топ.

1.Тең қабырғалы үшбұрыштың қабырғасы 5 см. Периметрі неге тең? (15см)

2. Қорада тауықтар және қояндар бар. Оларда барлығы 15 бас, 50 аяқ болса, қорада неше тауық, неше қоян бар?

3. Екі өрнектің айырмасының квадраты? (а – в) 2



«Мысық пен тышқандар»

Мысық ұйқтап жатып, түс көріпті. Түсінде бір дауыс мысыққа тапсырма беріпті мысықтың айналасындағы 13 тышқанның ішінде 12-сүр, 1-ақ болыпты Мысыққа осы тышқандарды біреуден жеу керек болыпты. Бірақ мысық бұл тышқандарды бір бағытта санағанда әр-бір 13-сін жеу керек екен және ақ тышқанды ең соңында жеу керек екен. Мысыққа көмектесейік .

5- бөлім. “Ойымды жалғастыр” сайысы.

1-топ.

1.Жеті жұрттың тілін біл,

...................................

2. Білекті бірді жығар,

................................

3. Екі жақсы қас болмас,

..................................

2-топ.

1. Бір елі ауызға,

.........................

2. Жүз теңгең болғанша,

...............................

3. Білгенің бір тоғыз,

..................................

Қорытынды:

Топтардың жинаған ұпайларын санап жеңімпаздарды анықтау.

- Әділ-қазылар топтың шешімін шығарғанша, оқушыларымыздың өнерін тамашалайық. 
- Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ-қазыларға береміз.
- Жеңіске жеткен топты және жақсы қатысқан барлық оқушыларды құттықтаймын.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет