Социализм негізгі орта мектебі
Тақырыбы: «Қарты бар ел-қазыналы ел»
6-сынып
(тәрбие сағаты)
Сынып жетекшісі: А.Ғ. Мукашева
2021-2022 оқу жылы
Бекітемін:
Мектеп директорының тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары Н.М.Абельдиева
Тақырыбы: «Қарты бар ел-қазыналы ел»
Мақсаты:Оқушыларды адамгаршілікке, қайырымдылыққа, жақсы үлгі-өнегеге, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор, болу қасиеттеріне, мейірімділікке, қарияларды құрметтеуге тәрбиелеу, ұнамды-ұнамсыз, әдепті-әдепсіз қылықтарды ажырата білуге үйрету .
Оқушы бойына адамгершілік, парасаттылық қасиеттерін қалыптастыру
Көрнекілігі: Слайдтар, нақыл сөздер, өлеңдер
І. Ұйымдастыру бөлімі
Психологиялық дайындық
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Көп жасаған қария,
Ақылы теңіз – дария.
Көп өнеге сөзі бар,
Сөзі соқпақ, өзі нәр.
Ата салты – ардақты
Сол сөздерді ұқпасақ,
Тістерсің бір күн бармақты, -
дегендей, қариялардың кеудесі – алтын сандық. Ол сандықта атадан балаға жалғасып келе жатқан имандылық, қайырымдылық, адамгершілік қасиеттері тұнып тұр.
Адамдар арасындағы қарым-қатынаста адамгершілік, әдеп, инабат үрдістерінің қаншалықты кең жайылып, терең тамырлануы, ең алдымен, олардың жекелеген отбасында өркен жаюына, яғни баланың ата-анасын жан-жүрек қалауымен, саналы түрде ардақтап, инабат тағылымымен үлкендерге деген қарым-қатынастарында оны мүлтіксіз жүзеге асырылуына байланысты. Қарттарды құрметтемейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындамайтын, әдептілік, кішіпейілділік, сергек сезімталдық көрсетпейтін, бұл қасиеттер қанына сіңіп, жүрегіне ұяламаған ұрпақтан не опа, не қайыр?!
Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі – баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында.Өз отбасынан жылу таппаған қаншама қарттарымыз қарттар үйлерінде өмірлерін жалғастыруда. Қазіргі кезде біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан- жақты үкімет тарапынан қамқорлық жасалуда. Қазақстанның өсіп- өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп есептейміз. Міне, енді қарттар күні саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын аға- апаларымыздың төл мерекесі. Олардың өмір жолдары бүгінгі ұрпаққа табылмас қазына. Қарттар – біздің асыл қазынамыз
«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген мақал текке айтылмаса керек.
Көне тәмсілдегі « Бір бала бар – атаға жете туады, бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі.
Мәтінмен жұмыс.
Ертеде бір үлкейген қарт қатты сырқаттанып жатса, жалғыз ұлы келіп:- Әке, мен сені айшылық жерде аты шыққан тәуіпке апарып емдетемін, – депті. Сөйтіп әкесін арқасына салып, жолға шығыпты. Олар ұзақ жүріпті, қас қарайған кезде алдыдан қарауытқан сұлбаны көрсетіп әкесі:
- «балам анау не?» деп сұрапты.
- «ол – түйе» – деп жауап беріпті. Сәлден кейін әкесі әлгі қарайған нәрсенің не екенін тағы сұрапты. Бала әуелгі жауабын қайталапты. Әкесі осы сауалын үшінші рет қайталап сұрағанда баласы:
- «Ол – түйе, түйе!» Өзім шаршап келе жатқанда, неге сұрай бересің? – деп ренжіпті. Сонда әкесі:
- «Балам, кішкене кезіңде мен ауыртірліктен шаршап келіп отырсам да, сенің «Анау не, мынау не?» деп күніне жүз рет сұрайтын сұрағыңа беті қайтпасын, жігері жасымасын деп үнемі жауап беретінмін. Бұл аурудан емделейін деген ойым жоқ еді, тек бетіңді қайтармайын деп көнгенмін, енді сенен сөз естігенше, үйіме барып, ажалға мойын ұсынғаным артық, мені жерге түсір» депті.
Талдау жұмысы
-Бұл әңгімеден қандай әсер алдыңдар?
Міне, балалар, ата-әжеміз бар, әке-шешеміз бар біздер бақыттымыз. Бүгінгідей егеменді елде қайғы-қасіретсіз, еркін өмір сүріп жатқанымыздың өзі осы қарияларымыздың арқасы екенін ұмытпауымыз керек.
Сәл еңкейген нұр жүзінен әл тайып,
Қуат кеміп бара жатыр қартайып
Отбасында, бала-шаға қасында,
Жетпістер мен сексендер жүр қалқайып.
Көңіл жетім, болмаған соң сыңары,
Жалқы тірлік жаман сөзден сынады.
Жас баладай жаутаңдаған жанарға,
Қайта-қайта қарағың кеп тұрады.
Қағыс естіп қалбаңдайды баладай
Ниеті ақ, пейілі кең даладай.
Кімге болса қарттық жетер аяңдап,
Мәпелеңдер, қарт біткенді аялап.
Достарыңызбен бөлісу: |