БЕКІТЕМІН
«Қостанай облысы
әкімдігінің мәдениет
басқармасы» ММ
басшысы
___________ Е.Қалмақов
2019 жылғы «__» наурыз
Нұржан Наушабаев атындағы І Республикалық «Арқада Наушабайдың Нұржаны өткен...» дәстүрлі әндерін орындаушылар байқауының ережесі
Байқаудың мақсаты
Қасиетті Ұлы Дала үнінен қуат алып, әсем әндерімен тыңдарман жұртына шуақ берген ұлы өнер иесі Нұржан Наушабаевтың шығармашылығы- ұлттық музыка өнеріндегі қайталанбас дара құбылыс. Осы киелі мұраны кеңінен, тереңінен насихаттап ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу, талантты жастарымызды өнердің кәусәр бұлағынан нәр алғызып, шеберлігін шыңдауға ықпал ету мақсатында «Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы» ММ, «Облыстық халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы» КМҚК Қостанай Нұржан Наушабаевтың 160 жылдығына орай Н. Наушабаев атындағы Республикалық І дәстүрлі әншілер байқауын өткізеді.
Өткізілу мерзімі: 2019 жылдың қыркүйек айында Қостанай қаласында өтеді.
Байқау шарттары мен үміткерлерге қойылатын талаптар
Конкурсқа Қазақстан Республикасында тұратын 18 бен 40 жас аралығындағы, қазақ композиторларының әндерін домбыра, қобыз, сырнай аспаптарының сүйемелдеуінде орындайтын өнерпаздар қатыса алады.
Конкурсқа қатысу үшін облыстық, қалалық мәдениет басқармалары, концерттік ұйымдардың дирекциясы мен көркемдік кеңесінің, мәдениет, өнер оқу орындарының педагогикалық кеңестерінің ұсыныстары болуы қажет.
Конкурс екі кезеңнен тұрады. Олар тыңдаушы – көрермендер алдында өтеді. Үміткер әр кезеңде үш шығарманы жатқа орындайды. Әр кезеңде үміткерге әндерін орындауға берілетін уақыт 6-7 (алты-жеті) минут. Ол алдын-ала көрсеткен шығармалар тізімін өзгерте алмайды.
Конкурста орындалатын 3 шығарманың біреуі Н. Наушабаевтың әні болуы қажет (екі кезеңде де орындалуы керек). Бір ән үміткердің таңдауы бойынша халық әні немесе халық композиторларының шығармасынан және үшінші ән өз таңдауы бойынша еркін тақырыпта болуы тиіс.
Бағалау өлшемдері:
Шығармалардың ережедегі талаптарға сай болуы;
Орындаушылық шеберлігі, мәнерлігі, даусының кеңдігі;
Сахна мәдениетін сақтай білуі.
Үміткерлердің тапсыратын құжаттары:
Байқауға қатысушылар мекеме, оқу орындарының мөрімен бекітілген ұсыныстары мен орындалатын шығармаларының репертуарын (әр кезеңде орындалатын шығармаларды) ұйымдастырушы мекемеге 20- күн бұрын жібереді;
Туу туралы немесе жеке куәлігі құжатының көшірмесі,
Шығармашылық өмірбаяны;
Музыкалық білімі туралы құжаттың көшірмесі, оқитын /оқушылар мен студенттер үшін/;
жұмыс істейтін жерінен анықтама;
сапасы жақсы электронды нұсқадағы суреті.
Конкурсқа қатысушылардың өтініштері 15 тамызға дейін мына электронды адреске жіберілуі тиіс: odk_yunost@mail.ru (электронды хаттың тақырыбында міндетті түрде Республикалық дәстүрлі әншілер байқауына деп көрсетілуі керек).
Байқаудағы қазылар құрамы мен құзыреті және ұйымдастырушы тараптың талаптары:
Байқаудың қазылар алқасына еліміздегі музыка өнерінің қайраткерлері шақырылады.
Қазылар алқасының шешімі талқылануға, қайтадан қаралуға түспейді. Байқау барысында қазылар тарапынан әннің толық орындалуы немесе тоқтатылуы (үміткердің ән орындау әлеуеті белгілі болған жағдайда жартылай орындалу, екі әнмен шектеу) мүмкін.
Қазылар алқасы барлық сыйлықтарды тағайындамауға, бір сыйлықты бөлуге құқылы.
Қазылар алқасының шешімі хаттамамен рәсімделеді.
Байқау лауреаттары қортынды Гала-концертте тегін, ақысыз түрде өнер көрсетуге міндетті. Гала концертке қатысушылардың құрамын және гала концертте орындайтын ән бағдарламасын ұйымдастырушылар мен қазылар алқасы анықтап, бекітеді және бұлжытпай орындалуы талап етіледі.
Марапаттау жүлделері
Асқан шеберлік танытқан үздік орындаушыға Нұржан Наушабаев атындағы Бас жүлде және лауреат атағы;
Бір бірінші жүлде және лауреат атағы;
Екі екінші жүлде және лауреат атағы;
Үш үшінші жүлде және лауреат атағы;
Төрт ынталандыру жүлдесі.
Үміткерлердің барып-қайту жол шығындарын жолдама берген, ал олардың жатын орны мен тамағын байқауды өткізетін жақ көтереді. Үміткердің шашбауын көтеріп, өз еркімен келгендер (ұстаздары,еріп келген кез-келген адам) барлық шығындарын өздері көтереді.
Байқауға Қазақстан Республикасының облыстарынан екі әншіден қатыса алады;
Қостанай облысынан алдын ала іріктеу кезеңінен өткен үміткерлер қатыса алады.
БАЙҚАУДЫҢ ТАЛАПТАРЫ:
Конкурсқа қатысатын талапкерлердің құжаттары Қостанай облысы әкімдігі мәдениет басқармасының «Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығы» КМҚК-на тапсырылуы тиіс. Мекен-жайы: Қостанай қаласы, Әл- Фараби көшесі, 111- А, тел.:8(7142) 392 393; 392 390; Факс: 8(7142) 392 395; 8 775 682 53 09
Первый Республиканский конкурс имени Нуржана Наушабаева «Аркада Наушабай Нуржаны"... положение о конкурсе исполнителей традиционных песен
Цель конкурса
Ования В священный Дала заряд энергии, творчества, выданных населению в красивый солнечный слушателей песнями владелец Нуржан Наушабаевтың искусства - неповторимое явление в искусстве музыки, национального индивидуального. В целях пропаганды и популяризации этого священного наследия, передачи из поколения в поколение талантливой молодежи, содействия повышению мастерства и обогащению духовных ценностей нашего искусства ГУ «Управление культуры акимата Костанайской области», КГКП «областной центр народного творчества и киновидеофонии» к 160-летию Н. Наушабаева в г. Костанай прошли мероприятия, посвященные 160-летию Н. А. Назарбаева. Проводит I Республиканский конкурс традиционных исполнителей имени наушабаева.
Дата проведения: в сентябре 2019 года в городе Костанае.
Условия конкурса и требования к кандидатам
В конкурсе могут принять участие артисты, проживающие в Республике Казахстан в возрасте от 18 до 40 лет, исполняющие песни казахских композиторов в сопровождении инструментов домбры, кобыз, сырнай.
Для участия в конкурсе необходимо представить предложения областных, городских управлений культуры, дирекции концертных организаций и художественного совета, педагогических советов учебных заведений культуры, искусства.
Конкурс состоит из двух этапов. Они проходят перед слушателями-зрителями. На каждом этапе претендент выполняет три произведения наизусть. Время на исполнение песен претенденту на каждом этапе составляет 6-7 (шесть-семь) минут. Он не может изменить заранее указанный список произведений.
Одно из 3 произведений, выполняемых на конкурсе, Ф. Наушабаева должна быть песня (должна быть исполнена на обоих этапах). Одна песня должна быть свободной по выбору претендента из народной песни или произведения народных композиторов и третья песня по своему выбору.
Критерии оценки:
* Соответствие произведений требованиям правил;
* Исполнительское мастерство, выразительность, широта голоса;
* Умение сохранять сценическую культуру.
Документы, подаваемые претендентами:
* Участники конкурса не позднее, чем за 20 дней направляют в организационное учреждение репертуар (произведения, исполняемые на каждом этапе) исполняемых произведений и предложения, скрепленные печатью учреждения, учебного заведения • ;
* Копия документа о рождении или удостоверения личности,
* Творческая биография;
* Копия документа об музыкальном образовании, для обучающихся /учащихся и студентов/;
• работающие-справка с места;
* изображение в электронном варианте с хорошим качеством.
Заявки участников конкурса должны быть отправлены до 15 августа на электронный адрес: odk_yunost@mail.ru (в заголовке электронного письма обязательно указывается на республиканский конкурс традиционных исполнителей).
Состав и компетенция жюри конкурса и требования организаторской стороны:
В жюри конкурса приглашаются деятели музыкального искусства страны.
Решение жюри не подлежит рассмотрению, повторному рассмотрению. В ходе конкурса жюри может быть полностью исполнено или приостановлено исполнение песни (частичное исполнение, ограничение двумя песнями, при условии, что претендент известен потенциал исполнения песни).
Жюри имеет право не назначать все подарки, разделить один приз.
Решение жюри оформляется протоколом.
Лауреаты конкурса обязаны бесплатно, бесплатно выступить на заключительном Гала-концерте. Состав участников Гала-концерта и исполнительная программа на гала-концерте определяются и утверждаются организаторами и жюри и требуют неукоснительного исполнения.
Награды
* Звание лауреата и Гран-при имени Нуржана Наушабаева;
* Один первый приз и звание лауреата;
* Две вторые медали и звание лауреата;
* Три третьих приза и звание лауреата;
* Четыре поощрительных призов.
Расходы на проезд кандидатов в оба конца несет сторона, выдавшая направление, а их проживание и питание-лицо, проводящее осмотр. Все расходы, связанные с самовыдвижением кандидата (учителя,любой сопровождающий человек), несут сами.
• В конкурсе могут принять участие два певца из областей Республики Казахстан;
• От Костанайской области могут принять участие претенденты, прошедшие предварительный отбор.
ТРЕБОВАНИЯ КОНКУРСА:
Документы абитуриентов, участвующих в конкурсе, должны быть представлены в КГКП «областной центр народного творчества и киновидеофонда» управления культуры акимата Костанайской области. Адрес: г. Костанай, ул. Аль - Фараби, 111-А, тел.:8(7142) 392 393; 392 390; Факс: 8(7142) 392 395; 8 775 682 53 09
Достарыңызбен бөлісу: |