«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет175/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

Есептер:
1. Науқас М, 47 жаста, сатушы. Оң жақ қабырғаастының ауырсынуына, жүрек айнуға, құсуға, қызбаға шағымданады. Сұрастыру кезінде қиындықпен, науқастың ішімдік ішетінін, үш күн бұрын үлкен мөлшерде спирт қолданғанын сұрап алынды. Қарағанда: тері жамылғылары сарғайған, ұлғайған тығыз бауыр пальпацияланады. Қан анализі: гипербилирубинемия, аспартат- и аланин-аминотрансфераза белсенділігі жоғарылаған, гипоальбуминемия, гиперглобулинемия, ЭТЖ жоғарылаған, нейтрофилді лейкоцитоз.
1. Қандай ауру туралы ойлауға болады?
2. Науқаста қандай асқыну бар?
3. Қандағы трансаминазаның жоғарылауы не туралы айтады?
4. ЖҚА болуы мүмкін өзгерістер?
5. Порталді гипертензия синдромын қандай зерттеу әдістерімен анықтайды?


2. Науқас Б., ұста, арқаға берілетін іштің тұрақты сыздап ауырсынуына, әсіресе түнде белдемелік ауырсынуға, арықтауға шағымданады. Осы симптомдар кезеңді түрде 2 жыл бойына мазалайды. Жағдайы ішімдік ішкеннен кейін қиындады. Рентгеноскопиялық: асқазан қабырғасының қозғалысының азаюы. Қан анализі: лейкоцитоз, лейкоцитарлық формуланың солға ығысуы, ЭТЖ жоғарылауы.
1. Сіздің диагнозыңыз қандай?
2. Оны нақтылау үшін қандай аспаптық зерттеу әдістері қажет?
3. Қандай лабораторлық зерттеу әдістері қажет?
4. Осы патологияда жалпы кал анализінің қандай өзгерістері тән?
5. Осы жағдайда көмірсу алмасуының бұзылысы болуы мүмкін бе?
1) Тақырып: №12. Эндокринді жүйелер аурулары кезіндегі науқастарды зерттеу тәсілі. Синдромдары: гипергликемия, гипогликемия, қалқанша бездің қызметінің жоғарылауы және төмендеуі. Себептері, симптомдары, олардың механизмдері. Диагностика тәсілдері.
2) Мақсаты: Студенттерге эндокринді жүйелер аурулары кезіндегі науқастарды зерттеу тәсілдерін, симптомдарын және гипергликемия, гипогликемия, қалқанша бездің қызметінің жоғарылауы және төмендеуі синдромдарын анықтауды үйрету, диагностика тәсілдерін үйрету.
3) Тапсырма:
- СӨЖ тақырыбы бойынша әдебиет таңдау (каталогтармен, журналдармен,
монографиялармен, сөздіктермен, оқу әдебиеттерімен, интернет мәліметтерімен жұмыс жасау)
- сабақ тақырыбы бойынша конспект, презентация, көрнекті құралдар (буклеттер, интеллект карта) құрастыру

  • тест тапсырмаларын шешу

  • берілген тақырып бойынша өз бетінше 4-5 тест құрастыру



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет