«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет45/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

1) Тақырып:№9. Ішкі аурулар клиникасындағы жіті жағдайлар.


2) Мақсаты: студенттерді ішкі аурулар клиникасындағы жіті жағдайлармен таныстыру, студенттерге ішкі аурулар клиникасындағы жедел жағдайларды анықтауды: жедел сол қарыншалық жетіспеушілігі, ангинозды статус, бронх демікпесі ұстамасы, анафилактикалық шок, кенеттен өлім синдромдары. Симптомдарын, диагностикасын білу.


3) Лекция тезистері:
Гипертензивті криз деп - артериялық қан қысымының кенеттен күрт жоғары санға дейін көтерілуі және артериялық гипертензия симптомдарының тереңдей түсуі мен жаңа белгілердің пайда болуын айтады.
Этиологиясы. Экзогенді және эндогенді факторларға бөлінеді.
Экзогенді факторлар:
1. Психоэмоционалды стресс.
2. Ауа-райының өзгерістері.
3. Физикалық күштеме.
4. Емнің дұрыс жүгізілмеуі (антигипертензивті дәрілерді қабылдауды кенеттен тоқтату т.б.)
5. Ас тұзын мөлшерден көп қабылдау.
6. Жыл мезгілі.
Эндогенді: 1. ЖИА-ның өршуі.
2. Церебро-васкулярлы өзгерістер.
3. Ошақты жұқпалы аурулардың.
4. Гормональді ауытқулар.
5. Іштің кебуі.
6. Әр-түрлі түйілулер.
Патогенезі: Гипертензивті криздердің түзілу механизмі тамырлық және жүректік болып бөлінеді:
-Тамырлық механизм жалпы перифериялық қан-тамырлық кедергілердің жоғарылауы, соның ішінде вазоматорлы (нейрогуморальды әсер) және базальді ( натриидің қалып қоюы ) артериялар тонусының көтерілуіне байланысты.
-Жүректік механизм жүрек лақтырысының жоғарылауына, сонымен қатар жүректің соғу жиілігі жиіленуіне байланысты қан айналыс көлемінің көбеюіне, қан айналымындағы қан көлемінің, миокард жиырылуының жоғарылауына, жүрек қақпақшаларының паталогияларында кездесетін регургитациямен болатын жүрек камераларының толып кетуіне байланысты. М.С. Кушаковский. гипертензивті криздерді 3 түрге жіктейді: Нейровегетативті, су – тұздық, және тырысу. Гипертензивті криздердің клиникалық белгілері:
Нейровегетативті криз (1-типті криз, адренальды ):
Айқын вегетативті- тамырлық реакция түрінде кенеттен дамиды. Ең негізгі симптом ретінде психоэмоционалды қозу, бастың қатты ауруы, құсу, көздің бұлдырауы болады. Терінің қызаруы және ылғалдылығы. Қарап тексергенде бетінде, мойны мен кеудесінде қызыл дақтар көрінеді. Кардиальды симптомдар: жүрегінің жиі соғуымен, кеуде тұсындағы сыздаған ауру сезімімен сипатталады. Жиі және көп мөлшерде зәр шығару. Диастолалық қысымға қарағанда, систолалық жоғарырақ болады. Аталған криздің ұзақтығы 1-3 сағатқа созылады. Криз дің басылу кезінде науқас көп мөлшерде ақшыл зәр шығарып, әлсізденіп, ұйқы шыл күйде болады. ЭКГ- диагностикасы: Синусты тахикардия. Кейде ST сегменті изосызықтан төменге ығысып, Т- тісшесінің кеңеюі байқалады.
Су- тұздық криз (ІІтипті криз, норадреналды) :
Аурудың соңғы сатысында дамиды. Оның негізінде су-электролиттік тепе- теңдігінің бұзылыстары болады, сондықтан криз біртіндеп дамиды. Науқаста баяу үдей түсетін бас ауруы басының айналуы, ұйқышылдық, лоқсу, құсу болады. Құсу науқастың жағдайын жеңілдетпейді.
Қарап- тексергенде: Науқас есеңгіреу күйінде, сұрақтарға дұрыс жауап бермейді, ашуланшақ. Науқас бастың ауруына, жүрек ауруына, көру және есту қабілеттерінің төмендеуіне шағымданады. Бетінің бозарып, ісінгенін байқауға болады. Криз кезінде көру мен ми қанайналымының өткінші бұзылыстары және жедел миокард инфарктысы сияқты гемодинамикалық асқынулар болуы мүмкін. Систолалық қысымға қарағанда, диастолалық қысым жоғарырақ болады. Бұл криздің түрі бірнеше күнге дейін созылады.
ЭКГ-диагностикасы: Тахикардия болмайды. ST сегменті изосызықтан төменге ығысып , Т-тісшесі екі фазалы немесе теріс болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет