«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет66/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

Клиникалық көрінісі. Көп уақытқа дейін кейбір науқастарда шағым болмайды. Кейбір жағдайларда тез шаршау, бастың ауруы, бел аймағының сыздап ауруы, қызулау, зәр бөлінуінің өзгерістері болады. Объективті түрде зерттегенде, аурудың соңғы сатыларында тамыр соғуы қатаяды, жүрек ұшының соғуы күшейеді, артериалдық қан қысымы жоғарылайды. Аурудың асқыну кезеңдерінде қанды зерттегенде - ЭТЖ өседі, лейкоцитоз байқалады. Зәрмен тұрақты түрде аздаған белок (1 %-ке дейін) бөлініп отырады және міндетті түрде зәрде ірің (пиурия) болады. Зәр тұнбасында ерекше «белсенді» лейкоциттер – Штергеймер –Мальбин клеткалары табылады. Егер зәрдің жалпы талдауында іріңді зәр табылмаса, онда зәрді Аддис-Каковский немесе Нечипоренко әдістерімен зерттейді.
Зәрді бактериалық зерттеудің де маңызы зор: қоректік ортаға себу арқылы бактериалардың санын білу (қалыпты жағдайда 1 мл зәрде бактерияның саны 0-10000-ға дейін) және олардың антибиотиктерге сезімталдығын анықтау.
Созылмалы пиелонефритте бүйректердің зақымдануы бірдей деңгейде болмайтындықтан, керекті жағдайда әрбір несепағардан зәр катетер арқылы бөлек алынып, оң жақ және сол жақ бүйректер жеке тексеріледі.
Бүйректердің қызметін бағалау үшін, олардың әр түрлі заттарды шығару қабілетін жеке-жеке зерттейді, яғни «тазарту коэффициентін» анықтайды (бірінші зақымданған бүйрекіің шығару қабілеті баяулайды). Созылмалы пиелонефриттің диагностикасында ретроградты пиелографияның маңызы зор. Пиелографияда созылмалы пиелонефритке тән бүйрек тостағаншалары мен түбекшелерінің деформациясы және бүйрек өлшемдерінің әр түрлі болып кішіреюі анықталады.
Сканограммада сырқаттың ауыр сатыларында, бүйректердің бүрісуі себебінен, олардың мөлшерінің кішірейгені көрінеді. Диагнозды дәлелдеу үшін бүйректердің инемен тесіп биопсиясын жасауға да болады.
Ағымы. Ауру өршімелі түрде жүреді. Ағымы бойынша созылмалы пиелонефрит жасырын және қайталама болып бөлінеді. Жасырын түрі ұзақ уақыт бойына жасырын жүреді, ал қайталама түрі оқтын-оқтын асқынып отырады. Ақырғы кезеңде бүйрек тіндерінде нефросклероз дамиды. Бұл кезеңде барлық функционалдық сынамалар бұзылады. Науқастың өлімі зәрліқан себебінен болады.
Емдеуі. Ем инфекцияға қарсы бағытталған (антибиотиктер, сульфаниламидтер, нитрофуран препараттары т.б.) және гипертониямен, азототемиямен күресуге бағытталған симптоматикалық терапия болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет