«бекітемін» Оқу-әдістемелік және тәрбие



бет133/230
Дата09.03.2023
өлшемі3,7 Mb.
#171654
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   230
Байланысты:
pr vn bol sd kz

Жіті гломерулонефрит
Жіті жайылмалы гломерулонефрит - бүйрек шумағының алғашқы рет иммунды негізде жайылмалы түрде қабынуын айтады.
Этиологиясы. Жедел гломерулонефрит көбінесе жұқпалы жедел аурулармен (баспа, жәншау, отит, пневмония т.б.) ауырғаннан кейін пайда болады. Әсіресе 12-ші типті А тобының стрептококктарының себебінен басталатын аурулардың маңызы аса зор. Жедел нефриттің себебі пневмококк те, вирустар да бола алады. Кейбір жағдайда жедел нефрит өте қатты салқын тигеннен пайда болады.
Патогенезі. Жедел нефрит инфекциялық аурудан 2-3 апта өткеннен кейін басталады, әрі бұл кезде бүйрек тінінен стрептококк бөлінбейді. Жедел нефритгің басталуы стрептококке антиденелердің түзілу кезеңімен қатар келеді. Бұл мәліметтер жедел нефриттің жұқпалық-аллергиялық ауру екенін куәландырады.
Сонымен қатар, жедел гломерулонефритте бүйрек шумақтарының капиллярларымен бірге басқа мүшелермен тіндердің де қан тамырлары зақымданады. Яғни, жедел гломерулонефрит жалпы қан тамырларының зақымдануы болып табылады. Бірақ жедел нефритте көбінесе бүйрек шумақтары зиян шегеді, бұл бүйректің бөліп шығару қызметінің өзгеше ерекшеліктерімен байланысты екенін көрсетеді.
Клиникалық көрінісі. Ол негізгі үш синдромдармен анықталады; ісіну, гипертония және зәр өзгерістерімен (гематурия, протеинурия).
Негізгі арыз шағымдары: ісіктің болуы, бас ауруы, демікпе, көздің көру қабілетінің нашарлауы, бел маңының ауруы, тәуліктік зәр мөлшерінің азаюы, несептің түсінің өзгеруі, естен тануы. Ісіну шумақ фильтрациясы азайып, организмде натрий мен су көбейгеннен пайда болады. Сонымен қатар бүйрек үсті бездерінде альдостеронның көп мөлшерде пайда болуымен, капилляр қабырғаларының өткізгіштігінің артуымен де сипатталады.
Ісік ауырған адамның 70-90 %-де кездеседі және онда бүйрек ісігіне тән белгілердің бәрі болады.
Бас ауруы артериялық қан қысымының көтерілуіне тікелей байланысты болады.
Демікпе артериялық гипертензияның және өкпе мен жүрек қабы қуыстарында ісік сұйықтығы жиналуының салдарынан болады. Көз көруінің нашарлауы, көздің тор қабығы тамырларының түйілуі мен оған қан құйылудың нәтижесінде пайда болады. Бүйректің ісініп, оның капсуласының керілуінен бел маңында сыздап ауырғаны байқалады, ауыру сезімі екі жақ бүйірде бірдей болады. Шумақ сүзгісінің бұзылуына байланысты зәрдің бөлінуі азаяды (олигурия). Олигурия ісіну пайда болған мезгілге сай келеді, кейбір кезде зәрдің мүлде болмауы мүмкін (анурия).
Қан аралас зәрде гематурия түсі «ет шайындысының» түсіндей болады. Қарап зерттегенде науқастың терісі бозарған, беттері, қабақтары, бүкіл денесі ісініп тұрады. Кейбір науқастар қатты ентіккендіктен отырғанды қалайды. Қатаң жағдайларда бүйрек эклампсиясының ұстамасы дамиды. Ұстаманың алдында науқастарда артериялық қан кысымы көтеріледі, бас ауыруы күшейеді.
Пальпация әдісімен ісіктің сипатын және таралуын, сонымен қатар қан тамырын зерттеуге болады. Жедел нефритте тамыр соғуы қатайған және жәй болады. Артериялық қан қысымының жоғарылау себебінен сол жақ қарынша қалыңдайды (гипертрофияға), сондықтан жүрек ұшының соғуы солға ығысып, күшейеді. Жалпы ісіну кезінде кеуде клеткасының перкуссиясы арқылы өкпе қабы қуысындағы сұйықтықты (транссудат), өкпе түбіріндегі қан іркілісін анықтауға болады. Жүрек тұйықтығы шекарасы бұғана ортаңғы сызықтан солға қарай ығысады.
Өкпені тындағанда везикулярлық, кейде қатаң везикулярлық тыныс естіледі, егер өкпеде қан іркілісі болса, құрғақ және ылғалды іркілістің салдарынан сырылдар да пайда болады. Жүректі тындағанда брадикардия (каротид синусындағы барорецепторлардың тітіркенуі) болады. Жүрек ұшында бірінші дыбыс әлсіз болады. Систолалық шуылдың естілуі мүмкін (сол жақ қарынша кеңейген жағдайда). Артериялық қан қысымының жоғарылауы себебінен қолқа үстінен екінші дыбыстың күшейгені анықталады. Рентгенологиялық зерттеу кезінде кеуде қуыстарында транссудаттың және өкпе түбірінде қан іркілісі анықталады. Жүректің сол жақ қарыншасының кеңеюі мен қалындауы анық көрінеді (жүрек ұшы дөңгеленген болып келеді). Артериялық қан қысымының жоғарылауы науқастардың 70-80 %-де кездеседі. Қан қысымын анықтауда сфигмоманометр арқылы зерттеудің маңызы зор, систолалық қысым 200-220 мм сынап бағанасына дейін, диастолалық қысым 100-120 мм сынап бағынасына дейін көтеріледі.
Электрокардиографиялық зерттеу жүректің сол жақ қарын-шасының гипертрофиясының белгілерін табуға көмектеседі. Жіті нефритте міндетті түрде несептің өзгеру синдромдары болады.
Ісік көбейген кезеңде зәрдің бөлінуі азаяды (олигурия). Бүйрек капиллярларының өткізгіштігінің күшеюіне байланысты жедел нефритпен ауыратын науқастың зәрінде белок пен эритроциттер көбейе түседі. Зәр тұнбасын микроскоп арқылы зерттегенде көбіне гиалинды цилиндрлермен бүйрек эпителиінің клеткалары табылады. Жіті нефрит кезінде бүйректің азотты бөліп шығару қызметі анау айтқандай бұзылмайды. Тек қана анурия кезінде науқастың қанында азот қалдықтары жиналады. Тазарту сынамасы шумақ сүзгісінің төмендегенін көрсетеді.
Жіті гломерулонефрит жұқпалы аурулармен қатар аллергияның иммунологиялық өзгерістермен сипатталады. Аурудың жедел кезеңінде науқас қанының сары суында альфа-2 және гамма глобулиндердің мөлшері көбейеді.
Қазіргі уақытта жедел гломерулонефрит көп жағдайда жеңіл түрде аздаған клиникалық белгілермен білінеді, бұл диагноз қоюды, керекті емді дер кезінде жүргізуді қиындатады. Аурудың бұл түрлері керекті ем уақытында жүргізілмесе созылмалы гломерулонефритке айналады.
Жіті гломерулонефриттің ең қатаң асқынысы - бүйректік эклампсия болады. Ол 4-10 %-ке дейінгі жиілікпен кездеседі. Эклампсия ұстамасында науқастың денесі құрысып, басы өте қатты ауырады, кейде көзі көрмей және сөйлей алмай қалуы мүмкін. Бұндай жағдай қан қысымының көтерілуімен, ми қан айналысының бұзылып, оның ісінуімен байланысты болады. Ұстама көбінесе аз уақытқа ғана созылады.
Ашмы: жедел гломерулонефриттің көп жағдайда ұзақтығы бірнеше аптаға немесе айға созылады. Сауығудың алғашқы белгісі ісік таралып, кейін соң барып артериалдық қан қысымы төмендейді. Аурудың алғашқы белгілері жоғалғаннан кейін де аздаған гематурия мен протеинурия бірнеше айға сақталады. Науқастардың кейбірі толық сауықпайды, ауруы созылмалы түрге айналады.
1. Емдәм - емдеудің негізі. Қолданатын тамақта натрий мен суды азайту қажет. Бастапқыда тағамда ас тұзы аз болуы керек (бір күнге 0,5-2,0 NаСl). Ішетін судың көлемі алдыңғы тәуліктегі диурезден 400-500 мл артық болуы шарт. Алғашқы кезде 3-4 аптаға дейін, тағамда белокты азайтады (тәулігіне 0,5 г/кг).
2. 3-4 апта бойына қатаң төсектік тәртіпті сақтау қажет. Ол қан қысымының, қалдық азоттың қалыпқа келгеніне дейін және несеп тұнбасының көзге көрінерлік жақсарғанына дейін созылады. Кейде төсек тәртібі 6-10 аптаға дейін созылады.
3. Қан қысымының жоғарылауын емдеу (раувольфия препараттары). Бүйрек эклампсиясында жүргізілетін ем: 1) 500 мл қан жіберу; 2) 2,5 %-25 мг аминазинді бұлшық етке 2-3 рет егу; 3) ганглиоблокаторларды егу; 4) жұлынды тесіп, сұйықтық алу.
4. Антибиотикотерапия: пенициллин, эритромицин, т.б.
5. Жедел нефрит клиникасында нефротикалық синдром (протеинурия, гипопротеинемия, ісіктер т.б.) орын алса глюкокортикостероидтар қолданылады.
Жедел нефриттің алдын алу шарасында денені шынықтыру және әр түрлі инфекция ошақтарынан (шіріген тіс, созылмалы тонзиллит, гайморит, т. б.) денені мұқият сақтандыру керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   230




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет