Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 7.3А Отарлау және ұлт-азаттық күрес
|
Мектеп:
|
Сағат саны: 1 сағат
|
Күні:16.01.20
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып: 8
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Қазақстанның Ресей империясына қосылуының аяқталуы
(Алғашқы сабақ, 1-сабақ)
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары
|
7.3.1.2 – Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайын талдау
7.3.2.2 – Қазақ хандығының сыртқы саясатының нәтижелерін
анықтау
|
Сабақтың мақсаты
|
ХVIII ғасырдың аяғы мен XIXғ басында Ұлы жүз аймағына үстемдік еткен Орта Азия хандықтарына қарсы Оңтүстік Қазақстан қазақтарының азаттық күресі туралы түсінеді
|
Бағалау
критерийлері
|
Қолдану-XIXғ басында Ресейдің құрамына енбеген Ұлы жүз аймағын кескін картада көрсетеді;
Сыни ойлау мен талдау- Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Орта Азия хандықтарының үстемдігіне қарсы болған көтерілісінің барысы мен нәтижесін анықтайды;
Синтез-XIXғ басында Ұлы жүз аймағында қалыптасқан саяси жағдайды нақтылайды
|
Тілдік мақсаттар
|
Тыңдалым дағдысы- бейнематериал мазмұнын талдау барысында тыңдайды;
Айтылым дағдысы-бейнематериал мазмұнына қатысты сұрақтарға жауап береді;
Жазылым дағдысы- жазба тапсырмаларын орындайды
Пәнге қатысты лексика мен терминология
Ұлы жүз, пристав, баж салығы
Диалог пен жазылымға пайдалы сөз тіркестері:
Патша өкіметінің Оңтүстік Қазақстанды жаулап алудағы көздеген мақсаты...
Ұлы жүздің Ресейге қосылуының ерекшелігі...
Қазақ жерлерінің Ресей империясына толықтай қосылудың қысқа мерзімді/орта мерзімді/ұзақ мерзімді салдарлары...
Келесісебептер/факторларәлеуметтік/
экономикалық/саяси/мәдениболыптабылады.
Еңбастыөзгерістер / жетістіктерболды…
Бұлоқиға/өзгерісмаңызды/айтарлықтаймаңыздыболды,өйткені…
|
Құндылықтарды дарыту
|
Туған жерді құрметтейтін, жер мен елдің тәуелсіздігінің құндылығын түсінетін тұлға тәрбиелеу
|
Пәнаралық байланыстар
|
Дүниежүзі тарихы, әдебиет және география пәндерімен байланыс картамен жұмыс және мазмұнды талдау барысында жүзеге асады
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Бейнефильм, интерактивті тақтамен жұмыс
|
Бастапқы білім
|
Кіші жүз бен орта жүздің Ресей империясының отарына айналғандығын біледі. Қазақстанның оңтүстік аймағында патша үкіметінің тұрғызған бекіністері мен олардың салыну себептерін түсінеді
|
Сабақ барысы
|
Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері
|
Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
0-5мин
|
(Б)Ұйымдастыру сәті. Қызығушылықты ояту кезеңі.
БЫМ Төмендегіөлең шумақтары ұсынылып, оқушылардың зейіні жаңа сабақтың тақырыбын анықтауға аударылады.
(Б) Ой шақыру.Тақырыпқа шығу.
Айдын шалқар, күміс сулы бұлағым,
Жасыл –желек ат көрінбес құрағым.
Мыңғырған мал даласында жайылған,
Бабалардың болған сондай тұрағы.
Бұхар, Қоқан бұл байлыққа қызықты,
Орыспатша арам ойлыбұзықты.
Қорғансалып, жеріналып, қусаөзін,
Сонда көргенсорлыҚазақшыжықты.
М -Бұл өлең жолдарынан қандай ой түюге болады?
(М)Сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары мен бағалау критерийлері таныстырылады. Тарихи концепт пен зерттеу сұрағына назар аударылады.
Тарихи концепт (фокус): өзгеріс пен сабақтастық
|
Презентация
Тақырыпқа қатысты өлең шумағы
Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін)
3-том. – Алматы, 2010.
Қабылдинов З.Е., Қайыпбаева А.Т.
8 сынып. Қазақстантарихы., Атамұра, 2012 ж.
|
Сабақтың ортасы
5-10 мин
10-30 мин
30-39 мин
|
Зерттеу сұрағы: Қазақстанның оңтүстікаймақтарының Ресей империясынақосылуының ерекшеліктері қандай?
Мұғалім сабақ тақырыбының мазмұнына ену мақсатында оқушыларға диалогтік-сатылай сұрақ қою тапсырмасын орындатады.
Ұлы жүздің саяси жағдайы қандай болды?
Ұлы жүздің жерлеріне қандай мемлекеттер көз тікті?
Көршілес мемлекеттердің Ұлы жүздің жеріне көз тігу себебі неде?
ХІХ ғасырдың ортасында Ұлы жүзде қандай оқиғалар орын алды?
Зерттеу мен талдау
1-тапсырма. Картамен жұмыс
(Б) XIX ғасырдың басындағы Қазақстанның картасы көрсетіледі. Оқушылар контур картаға Ресей империясының құрамына өтпеген Қазақстанның аймақтарынбелгілейді. Тапсырма орындалып болған соң, әр оқушы өзінің жұмысын бір-бірімен алмасып, «дұрыс/бұрысын» тексереді.
Дескрипторы:
-Кескін картаға Ұлы жүз (оңтүстік Қазақстан мен Жетісу) территориясын белгілейді
Кері байланыс.Жұптық бағалау
2-тапсырма. Бейнематериалмен жұмыс.
Б«Ұлы жүздің Ресейге қосылуы» тақырыбындағы анимациялық ролик көрсетіледі. Оқушылардың бейнематериал мазмұнының негізгі, маңызды ақпаратын қаншалықты игергенін анықтау үшін алдын-ала сұрақтар жазылған парақша ұсынылады. 2 рет тыңдалым тапсырмасы көрсетіліп, төмендегі сұрақтарға жауап беру ұйымдастырылады. Бірінші тыңдалым анимациялық роликті «тыңдап-тоқтап-жазу» үрдісі бойынша жүргізіледі де, ал екінші анимациялық ролик үзіліссіз тыңдалып, жауапты пысықтап-тексеру үрдісі ретінде орындалады.
1. ХVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Ұлы жүздің басым бөлігі кімдердің қарамағында болды?
|
Жауап:
|
2.1812 ж, 1816 ж, 1820 ж қазақ жеріне ірі жорық ұйымдастырған Хиуа ханы?
|
Жауап:
|
3. 1821ж Хиуа мен Қоқандықтарға қарсы ірі көтеріліс қай аймақтарда болды, қанша адам қатысты және көтерілісті кім басқарды?
|
Жауап:
|
4.Көтеріліс нәтижесі?
|
Жауап:
|
5.Көтерілістің жеңілу себептері?
|
Жауап:
|
Дескрипторы:
ХVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында Ұлы жүз аймағына үстемдік жүргізген мемлекетті анықтайды;
1812 ж, 1816 ж, 1820 ж қазақ жеріне ірі жорық ұйымдастырған Хиуа ханын атайды;
1821ж Хиуа мен Қоқандықтарға қарсы ірі көтеріліс болған аймақтарды, көтеріліске қатысқанын адам санын және көтеріліс басшысын анықтайды;
Көтеріліс нәтижесін біледі;
Көтерілістің жеңілу себептерін түсіндіреді
Кері байланыс.Мұғалімнің бағалауы
Интерпретация
3-тапсырма. Білімді қорытындылау жұмысы
Оқушылардыңалған білімдері мен дағдыларын қорытындылап,түйіндеу үшін төмендегі «Бес саусақ» тапсырмасы орындалады.
Кім?
|
ХVIII ғ аяғы мен XIX ғ басындаҰлы Жүз аймағына үстемдік еткен мемлекеттер
|
Не?
|
Орта Азия хандықтарыныңОңтүстік Қазақстандағыбекіністерінатаңыз
|
Қашан?
|
Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Орта Азия хандықтарына қарсы көтеріліс болған жыл
|
Қайда?
|
Орта Азия хандықтарына қарсы көтеріліс болған елді мекендер
|
Неге?
|
Оңтүстік Қазақстан қазақтарының Орта Азия хандықтарына қарсы көтеріліске шығу себебі
|
Дескрипторы:
-Берілгенсұрақтың кемінде 4-уіне нақты жауап береді;
Кері байланыс.Мұғалімнің бағалауы.
|
Қабылдинов З.Е.
8 сынып. Қазақстантарихы. Хрестоматия. Атамұра, 2012 ж.
Қосымша-1
Қазақтанның кескін картасы
https://commons.wikimedia.org/wiki/File:Kazakhstan_locator_blank.svg
Бейнеролик
https://www.youtube.com/watch?v=aRIyCqptlao
«Ұлы жүздің Ресейге қосылуы»
Қосымша-2
Сұрақтар топтамасы
Қосымша-3
Тапсырма үлгі парақшаға беріледі немесе слайдтан көрсетіледі
|
Сабақтың аяғы
39-40 мин
|
Рефлексия.«Өз прогресіңді бағала» Стикер жапсыру
|
Стикерлер
|
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?
|
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
|
Сабақ бойынша рефлексия
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
|
|
Жалпы баға
Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақтыжақсартуға не ықпалетеалады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?
1:
2:
Сабақбарысындасыныптуралынемесежекелегеноқушылардыңжетістік/қиындықтарытуралыненібілдім, келесісабақтарда неге көңілбөлуқажет?
|