- төменірек
қаланың аты, үтірден кейін жылы («жыл» деген сөз
жазылмайды) көрсетіледі;
Мұқаба бірінші бет болып саналады, бірақ оған «1» саны қойылмайды.
Мазмұны. Мазмұнында құрылымдық элементтердің реттік нөмірлері мен
атаулары және олардың алғашқы беттері енеді.
Кіріспе. Кіріспе курстық жұмыстың бірінші тарауы болып табылады.
Сондықтан кіріспе өте жауапты бөлімі. Кіріспеде жұмыстың өзектілігі,
жаңашылдығы қысқа да нұсқа баяндалады.
Кіріспенің көлемі шағын
болады: бір-екі бет.
Негізгі бөлім. Негізгі бөлім үш тараудан тұрады. Негізгі бөлімнің үш
тарауы да бір-бірімен логикалық байланыста болу керек. Негізгі бөлімнің
мазмұны жұмыстың тақырыбына сәйкес болу керек,
жұмыстың тілі мен
баяндау стиліне ерекше назар аударылуы қажет.
Жазбаша ғылыми тілдің стилі – жақсыз монолог. Ол үшінші жақта
жазылады, сирек жағдайларда бірінші - жақтың көпше түрінде («біз» есімдігі
қолданылады).
Қорытынды. Жұмыс қорытынды бөліммен аяқталады. Бұл бөлімде жұмыс
барысында жасалған міндеттерге сәйкестігі көрсетіледі. Жұмыстың
қорытынды бөлімі тек қана нәтижелер тізімдемесі емес, олардың қорытынды
жиынтығы, яғни автордың қарастырып жатқан мәселесін зерттеуге қосқан
жаңалығын баяндау.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Тізімде
жұмысты жазу барысында
пайдаланылған әдебиеттер туралы мәлімет беріледі. Әр әдебиетке жұмыс
мәтінінде сілтеме болу керек. Сілтемелерді әдебиеттердің тізімі бойынша
реттік нөмірмен тік жақшалардың ішінде көрсету керек (мысалы, [1]).
Қосымшалар. Қосымшаға көмекші және толықтыратын материалдарды,
кестелерді енгізеді. Әр қосымша жаңа беттен басталады.