Еріш Н. А. Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқауы



Дата31.01.2018
өлшемі379,01 Kb.
#36335

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі


А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасы

Еріш Нұрбол Амантайұлы


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ (ЖОБАНЫ) ОРЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЫ
050728 - Өңдеу өңдірістерінің технологиясы және 050732 – Стандарттау, метрология және сертификаттау мамандықтарының студенттеріне арналған

Қостанай, 2011

Құрастырушы:

Өңдеу технологиясы және стандартау кафедрасының аға оқытушысы Еріш Нұрбол Амантайұлы

Рецензенттер:

Өндеу технологиясы мен стандарттау құжырасының аға оқытушысы Байканов М.Ж

М.Дулатов атындағы ҚИПУ техникалық сервис кафедрасының доценті, т.ғ.к. Хасенов У.Б.



Еріш Н.А.

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындау бойынша әдістемелік нұсқауы


Әдістемелік нұсқау. – Қостанай: А. Байтұрсынов атындағы ҚМУ, 2011., 24 б.

Әдістемелік нұсқау 050728 - Өңдеу өңдірістерінің технологиясы және 050732 – Стандартау, метрология және сертификаттау мамандықтарының күндізгі және сыртқы оқу түріндегі студенттердің дипломдық жұмысты орындау үшін арналған.


А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің Аграрлық-биологиялық факультетінің Әдістемелік кеңесімен бекітілген. ____201_ж. № __. хаттама

Дипломдық жұмысты (жобаны) орындаудың мақсаты:

1) мамандық бойынша теориялық білімі мен практикалық дағдысын жүйелеуге, бекіту мен кеңейтуге және нақты ғылыми, техникалық, экономикалық, өндірістік, сонымен қатар мәдени мақсаттарды шешуге;

2) ғылыми зерттеу әдісін меңгеру және өз бетінше жұмыс жүргізе алу мен мәселелерді шешу кезіндегі эксперимент жүргізу дағдыларын дамыту;

3) студенттің қазіргі заманғы өндіріс, ғылым, техника, мәдениет және кәсіби құзырлылық жағдайындағы өзбетілік жұмысқа дайындығын анықтау;

Диплом жұмысы (жоба) белгілі бір мамандық пен ғылым саласының бір өзекті мәселелесін, зерттеу және өзбетінше ізденіс нәтижелерін қорытындылайды.

Диплом жұмысы ғылыми жетекшінің жетекшілігімен орындалады және мына келесі талаптарға жауап беруі тиіс:

- ғалымдармен, аналитиктермен, практиктермен, атап айтқанда, инженерлермен, конструкторлармен, менеджерлермен, экономистермен бірге өткізілген зерттеулер мен жобалар шешімдерінің қорытындылануы;

- зерттелген обьектілер бойынша ғылыми негізделген теориялық тұжырымдардың болуы;

- нақты мәселелерді шешуді қамтамасыз ететін ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;

1 Диплом жұмыстың (жобаның) тақырыптарына қойылатын талаптар

1 Диплом жұмыстың тақырыптары (жоба) қазіргі жағдай мен болашақтағы ғылымның, техника мен мәдениеттің дамуына сай болуы қажет. Диплом (жоба) жұмыстарының тақырыптарын анықтағанда, өндіріс, ғылым және мәдениеттің мәселелері мен шынайы міндеттерін есепке алу ұсынылады.

2 Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары мамандықтарға және мамандарды даярлау бағытына сәйкес болуы қажет .

3 Диплом (жоба) жұмысының тақырыптары шығарушы кафедрада әзірленеді, факультет кеңесінде қаралып бекітіледі (жоғары оқу орнының). Диплом (жоба) жұмысы тақырыптарының 30%-ы жыл сайын жаңартылып отырылуы тиіс.

Студент диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын бекітілген тақырыптардан таңдайды. Студентке бекітілген тақырыптардан да тыс тақырыпқа диплом жұмысын (жобаны) орындау құқығы беріледі. Мұндай жағдайда студент таңдаған тақырыбының негіздері дәлелденген тұжырымдамасын немесе осы тақырыпқа тапсырыс берген мекеменің хатын кафедраға тапсыруы керек.

Сырттай бөлімде оқушыға диплом жұмысын (жобаны) өндірістік қажеттілікке сәйкес таңдап алуына рұқсат беріледі.

Студентке диплом жұмысының тақырыбы диплом жұмысы қорғалатын оқу жылының басында жоғары оқу орнының ректорының бұйрығымен бекітіледі. Диплом алдындағы практика аяқталысымен диплом жұмысының (жобаның) тақырыбы қажетті жағдайларда шығарушы кафедраның ұсынысымен өзгертілуі, нақтылануы, түзетілуі мүмкін.


2 Диплом жұмысының (жобаның) жазылу ережелеріне қойылатын талаптар
Диплом жұмысын (жобасын) жазу үшін кафедраның ұсынуымен әр студентке ғылыми жетекші тағайындалады. Диплом жұмысының (жобасының) ғылыми жетекшілері болып профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар мен сол жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері және басқа ұйымдардың ғылыми зерттеу, басылым салалары студенттің мамандығына сәйкес келетін жоғары білікті мамандары тағайындалады.

Диплом жұмысының (жобаның) жетекшісі:

1) диплом жұмысына (жобаға) тапсырма береді (қосымша 3);

2) студентке диплом жұмысының (дипломның жобалануы) орындалуының барлық кезеңіне күнтізбелік кесте құруға көмектеседі;

3) студентке негізгі қажетті әдебиеттерді, анықтамалық және архивтік материалдарды, тақырыпқа қажетті типтік жобалар және басқа да дерек көздерін ұсынады;

4) барысында студенттің күнтізбелік кестесінің орындалуын қадағалайтын ағымдық бақылау жүзеге асырылатын консультация кестесін құрады;

5) диплом жұмысының (жобаның) барлық тарауының көлемін белгілейді және диплом жазушы мен консультанттың жұмысын үйлестіреді.

6) диплом жұмысына (жоба) тапсырма студенттердің дайындаған бастапқы материалдар мен дерек көздерінің сипаттамаларынан, сұрақтар тізімінен, ұсынылатын әдебиеттер тізімінен, кестелік материалдардың тізімінен (кесте, диаграмма, улгі), диплом жұмысының (жоба) күнтізібелік кестесінен тұрады.

Диплом жұмысының (жоба) тапсырмасын кафедра меңгерушісі аяқталу мерзімін көрсете отырып бекітеді. Диплом жұмысының (жоба) тапсырмасы диплом жұмысына (жобаға) тігіледі. (қосымша 7) Жекелеген тараулардың кезекпен орындалуы көрсетілген жұмыстың күнтізбелік кестесі барлық кезеңдерге құрылады және ғылыми жетекшімен келісіледі (қосымша 2). Қажет болған жағдайда диплом жұмысының (жобаның) ғылыми жетекшісінің ұсынуымен кафедра диплом жұмысының (жобаның) жекелеген тараулары бойынша ғылыми жетекшіге бөлінген уақыты есебінен консультанттар шақырады. Консультант ретінде профессорлар, доценттер, тәжірибелі оқытушылар, осы жоғары оқу орнының ғылыми қызыметкерлері, басқа да ұйымдардың жоғары білікті мамандары мен ғылыми қызыметкерлерін де тағайындауға болады. Консультанттар өздеріне белгіленген тарауларын тексеріп, қолын қояды.

Шығарушы кафедра диплом жұмысы (жоба) орындалмас бұрын әдістемелік нұсқау әзірлеп, студенттерді қамтамасыз етулері қажет, диплом жұмысының (жобаның) орындалуына ұсынылған талаптар мамандықтың мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес болуы тиіс.

Кафедра меңгерушісі диплом жұмысының (жоба) орындалуы бойынша студенттің есеп беру мерзімін белгілейді. Бұл мерзімдерде студент ғылыми жетекшінің алдында және кафедра меңгерушісіне есеп береді, осы есеп бойынша диплом жұмысының (жобаның) дайындық дәрежесі назарға алынып, факультет деканына мәлімет ретінде беріледі.

Диплом жұмысы (жоба) мамандық бойынша негізгі әдебиеттерді терең зерттеу арқылы орындалады (оқулықтар, көмекші оқулықтар, монографиялар, басылымдық әдебиеттер, лекциялық курстар, шет тілдеріне арналған журналдар, нормативтік әдебиеттер және т.б.).

Әрбір дипломдық жұмыстың (жоба) тапсырмалары жеке және перспективалық теориялық, практикалық сұрақтарды дайындау тапсырмаларымен сәйкес болуы қажет.

Инженерлік мамандықтарда дипломдық жұмыс (жоба) негізгі тақырыптан тыс технологияға байланысты жарық көрген сұрақтарды қамтуы қажет, (автоматтандырылған және кешенді өндіріс механизмі, стандарттау, ғылыми еңбекті ұйымдастыру және өндірісті басқару т.б.). Әр жобаның экономикалық негіздемесі сонымен бірге еңбек қорғау мен өндірістік экологияға арналған сұрақтарды қамтыған тараулары болуы қажет.

Диплом жұмысының (жобаның) ең негізгі мәтіні шығармашылық ойды, зерттеу әдістерін пайдаланудың негіздемесін компьютерлік технологияны қолданумен қабылданған есептеу әдістері мен есебін, жүргізілген тәжірибенің сипаттауын, оларды талдау және олардың тұжырымдары, техникалық-экономикалық нұсқаларын салыстыруды ашып көрсетуі және қажет болған жағдайда кестелермен, эскиздермен, диаграммалармен, сызбалармен және т.б көрсетіліп сүйемелденуі қажет.

Диплом жұмысын (жобасын) студент жоғары оқу орнында, сонымен бірге өндірісте, ұйымдарда, ғылыми, конструкторлық-жоба және басқа да ұйымдарда орындалады.
3 Диплом жұмыстың (жобаның) мазмұны мен құрылымы
1 Диплом жұмысы өзінің мазмұны жағынан жоғары оқу орнын бітіруші курс студентінің нақты мамандық бойынша өздігінен дайындайтын, қолжазба түріндегі ғылыми-зерттеу жұмысы.

2 Диплом жұмысының (жобаның) көлемі, ереже бойынша, 60-90 бет болуы қажет (кейбір жағдайларда гуманитарлық мамандықтар бойынша 100 бетке дейін). Қосымшалар диплом жұмысының (жоба) көрсетілген көлеміне енгізілмейді.

3 Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтеріне мыналар жатады:

- титул беті;

- диплом жұмысының (жобаның) орындалуына тапсырма;

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды (тұжырым);

- пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

- қосымшалар.

4 Титул беті диплом жұмысының бірінші беті құжатты қажетті жағдайда өңдеу және іздестіру үшін қажет болып табылатын ақпарат дерек көзі ретінде қызмет етеді (қосымша1).

Титул бетіне келесі мағлұматтар келтіріледі:

- диплом жұмысы (жоба) орындалған, ұйымның атауы,

- дипломдық жұмыс жобасы орындалған, кафедра атауы,

- шектеуіш гриф (қажет болғанда),

- кафедра меңгерушісінің бекітілген қолы,

- жұмыстың түрі - диплом жұмысы (жоба),

- «тақырыбына» деген сөздің көрсетілуімен, диплом жұмысының (жобаның) тақырыбының, атауы,

- мамандықтың атауы және коды,

- сол жағында «орындаған», қарама-қарсы оң жағынан студенттің тегі және аты жөні,

- бір жол төмен «ғылыми жетекшінің ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы» және тегі мен аты жөні,

- қала және жыл көрсетіледі,

Диплом жұмысының (жобаның) мазмұны кіріспе бөлімін, реттік нөмірлер және барлық тараулардың атауларын, тараушаларды, қорытындыны, пайдаланылған әдебиеттер тізімін, беттердің нөмірлері көрсетілген қосымшаларын қамтиды (қосымша 4).

Кіріспе бөлім диплом жұмысының (жобаның) өзекті мәселелерін, ғылыми жаңашылдығын және практикалық маңыздылығын, қазіргі ғылыми мәселелерді шешу, ахуалын бағалаудан, сонымен қатар дипломның мақсаты, міндеттерін зерттелу обьектісін теориялық және әдіснамалық негіздерін құрайды.

Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлігінде, орындалған дипломдық зерттеулердің мәнін, мазмұнын, әдістемесі мен диплом жұмысының негізгі қорытындыларын білдіретін мәліметтер келтіріледі. Диплом жұмысының (жобаның) негізгі бөлігі ережеге сай, бөлім және бөлімшелерге бөлінеді (бөлім және параграфтар).

Қорытынды бөлім (тұжырым) дипломдық зерттеулер қорытындыларының қысқаша тұжырымынан, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалаудан, зерттелінген обьекті бойынша нақты ұсыныстардан тұруы қажет. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ғылыми жұмыстарға қойылған талаптарға сәйкес рәсімделеді.

Қосымшаға дипломның зерттелуі мен орындалуына байланысты, негізгі бөлімде қамтылмаған материалдар кіргізіледі. Диплом жұмысындағы (жобаға) қабылданған шешімнің және барлық деректердің обьективтілігі мен дәлдігі туралы жауапкершілікті студент-диплом жұмысының (жоба) авторы - өз мойнына алады.


4 Диплом жұмысын (жобасын) ресімдеу тәртібі
Диплом жұмысы (жобасы) компьютер, принтер арқылы А4 форматты ақ қағаздың бір жақ бетіне бір интервал (аралық) сақтай отырып орындалады. Шрифт-қалыпты, кегль 14.

Диплом жұмысының (жобаның) мәтіні жан-жағынан қалдырылатын ашық орындардың (поля) мына мөлшерлерін сақтай отырып басылуы тиіс: сол жағынан - 30 мм, жоғары жағынан - 20 мм, оң жағынан - 10 мм және төменгі жағынан - 25 мм.

Айқындалып назар аударылатын терминдерге, формулаларға, теоремаларға, компьютерлік жағдайлардағы түрлі гарнитурлы шрифтарды пайдалануға рұқсат беріледі.

Диплом жұмысының (жобаның) орындау тәсіліне қарамастан басылған мәтіннің сапасы мен иллюстрациялардың, кестелердің ресімделу ЭЕМБ - дан басып шығарылған кездегі айқындығы талапты қанағаттандыруы тиіс.

Диплом жұмысын (жобаны) әзірлеу барысында көрінген қателер және графикалық дәлсіздіктерді, тазартқышпен немесе ақ бояумен бояу арқылы түзетуге және сол жерге машинамен басылған әдіспен немесе қара сиямен не қара тушпен - қолжазба түрінде түзетуге рұқсат беріледі.

Дипломдық (жоба)жұмыстағы тегі, мекеменің, ұйымның, фирманың аттары, өнімнің аталуы және басқа жалқы есімдер атаулары түпнұсқа тіліне келтіріледі.

Диплом жұмысының (жобаның) құрылымдық элементтерінің атаулары «Мазмұны», «Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе», «Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі», құрылымдық элементтерінің басында жазылуы тиіс.

Диплом жұмысын (жобаны) бөлімге және бөлімшелерге бөлу қажет. Әрбір бөлім және бөлімше аяқталған ақпараттан тұруы қажет.

Бөлімдердің атаулары диплом жұмысының (жобаның) тақырыбын ашып көрсетуі, ал бөлімшелердің атаулары өзі сәйкес бөлімінің тақырыбын ашып көрсетуі тиіс.

Бөлімдер мен бөлімшелердің атаулары олардың мазмұнын нақты және қысқаша дәріптеуі тиіс.

Бөлімдер мен бөлімшелердің тақырыптарын абзацтан кейін бас әріппен, аяғында нүкте қоймай, астын сызбай басу қажет.

Егер де атаулар екі сөйлемнен тұрса, оларды нүктемен бөледі.

Диплом жұмысының (жобаның) беттерін араб сандарымен нөмірлеу қажет. Беттің нөмері қағаздың төменгі жағының ортасына нүктесіз қойылады.

Титул беті жалпы беттердің нөмірленуіне қосылады. Титул бетіне нөмір қойылмайды.

Жекелеген беттерге орналастырылған иллюстрациялар және кестелер диплом жұмысы (жобаның) беттерінің жалпы нөмерлеріне қосылады.

А3 формат парағындағы иллюстрациялар, кестелер бір бет ретінде есептелінеді.

Диплом жұмысының (жобаның) бөлімдерінің барлық құжаттың өн бойында абзацтан кейін араб сандарымен белгіленіп нүктесіз қойылған реттік нөмірлері болуы қажет.

Бөлімшелер бөлімдер аясында нөмірленуі қажет. Бөлімше нөмірі, нүктемен бөлінген бөлім мен бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінен кейін нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі немесе бірнеше бөлімшеден тұрады.

Диплом жұмысының (жобаның) әр бөлім жаңа парақтан (беттен) басталуы қажет. Бір бөлімнің ішіндегі бөлімшелер бір-бірінен мәтіннен екі жол төмен түсіріліп бөлінеді.

Диплом жұмысының (жобаның) беттері және қосымшасы, диплом жұмысының (жоба) құрамына кіретін барлық беттерінде нөмірлері болуы қажет.

Диплом жұмысындағы (жобада) иллюстрациялар (сызбалар, карталар, кестелер, схемалар, диаграммалар, түсірілген суреттер) бірінші немесе келесі беттерде екендігі ескертілген мәтіннен кейін орналасуы керек. Иллюстрациялар компьютермен де түрлі-түсті жолмен де орындалуы мүмкін. Барлық иллюстрацияларға сілтемелер болуы қажет.

Диплом жұмысына (жобада) орналасқан сызбалар, кестелер, диаграммалар, схемалар, иллюстрациялар конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесі (БЖКҚ) мемлекеттік стандарттың талаптарына сай болуы тиіс.

Қосымшадағы иллюстрациялардан басқа иллюстрациялар араб сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Егер сурет біреу болса, онда ол «Сурет 1», «Сурет» сөзі және оның аталуы жолдың ортасынан жазылуы тиіс .

Иллюстрацияларды бөлімдер шеңберінде (ішінде) нөмірлеуге болады. Мұндай жағдайда иллюстрациялар нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірі мен иллюстрацияның реттік нөмірінен тұрады. Мысалы: Сурет 1.1.

Иллюстрациялардың қажет болған жағдайда, атаулары мен қоса түсіндіретін мәліметтері болуы мүмкін сурет астындағы мәтін. Бұл жағдайда былай жазылады: Сурет 1. Банк жүйесінің құрылымы.

Иллюстрацияға сілтеме жасау барысында нөмірлеуде «2 суретке сәйкес» деп жазу қажет, басынан аяғына дейін ал бөлім бойынша нөмірлеуде «1.2 суретіне сәйкес» болуы тиіс.

Кестелер көрнекілік ретінде және көрсеткіштерді салыстыру мақсатында қолданылады. Кестелердің атаулары оның мазмұнын ашу керек. Дәл, қысқаша болуы тиіс. Кестелердің атауын кестеден жоғары, жолдың енінен абзацтан кейінгі «кесте 1» сөзінен соң келесі жолға орналастыру керек.

Кестені өзі ескертілген мәтіннен кейін орналастыру қарастырылады.

Барлық кестелерге диплом жұмысында (жобада) сілтемелер болуы тиіс. Сілтеме қоюда «кесте» деп нөмірлері көрсетіліп жазылуы қажет.

Көп жол мөлшердегі кестені келесі параққа (бетке) көшіруге болады. Кесте бөлігін келесі параққа (бетке) көшіру барысында «Кесте» сөзі және нөмірі бір рет кестенің бірінші бөлігінің сол жағына, ал келесі бөлігінде «Жалғасы» сөзі жазылады, және кесте нөмірі көрсетіледі, мысалы: «1 кестенің жалғасы». Кестелерді келесі параққа (бетке) көшіру барысында тақырыбы тек қана бірінші бөлігінің үстіне орналастырады. Кестенің бөлігін көшіруде кестені шектейтін төменгі көлбеу сызық сызылмайды.

Көп мөлшерлі графалы кесте қосымшаға енгізіледі.

Егер де кестенің әр түрлі жолдарындағы қайталанатын (графаларда) мәтін бір сөзден тұрса, онда ол бірінші жазылғаннан соң, тырнақшамен ауыстырылады; егер екі немесе көп сөзден тұрса, онда бірінші қайталанғаннан соң, оны «ол да солай» сөзімен ауыстырады, әрі қарай - тырнақшалармен. Қайталанып тұрған сандардың, маркалардың, белгілердің, математикалық және химиялық символдардың орнына тырнақшалар қоюға болмайды. Егер әріптік және былайғы мәліметтер қандай да кесте жолдарында келтірілмесе, онда оған сызықша қойылады.

Қосымшаға шығарылған кестелерден басқа, кестелер арап сандарымен басынан аяғына дейін нөмірленуі тиіс.

Бөлімдер ішіндегі кестелерді нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда кестелер нөмірі нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірінен және кестенің реттік нөмірінен тұрады.

Кесте жолдары және графа атаулары жекеше түрде бас әріппен жазылады, ал графаның тақырыпшалары, егер тақырыпша бір сөйлемнен тұрса, тармақша әріптермен, немесе егер олар дербес мағынаға ие болса, бас әріппен жазылады. Кестенің тақырыбы мен тақырыпшасынан кейін нүкте қойылмайды.

Кестелердің сол жағынан, оң және төменгі жағынан, ережедегідей, сызықпен шектелуі тиіс. Кестелердің шрифт мөлшерін, мәтіндегіден кем алуға рұқсат беріледі.

Графалардың аты, ережедегідей, кесте жолына қатарлас жазылады. Қажет болған жағдайда графалардың атын перпендикуляр орналастыруға рұқсат етіледі. Кестенің басы кестенің қалған бөлігінен жеке сызықпен бөлінуі тиіс.

«Ескерту» сөзі абзацтан бас әріппен жазылуы және сызылмауы тиіс.

Егер мәтін мазмұнына, кесте немесе графикалық материялдарға түсінік не анықтамалық мәліметтер қажет болса, дипломдық жұмысқа ескерту енгізіледі.

Ескертуді ескерту қатысты мәтіннен, графикалық материалдан кейін немесе кестеге орналастырады.Егер ескерту біреу болса, онда «Ескерту» сөзінен кейін сызықша қойылып, ескерту бас әріппен жазылады. Бір ескерту нөмірленбейді. Бірнеше ескертулер арап сандарымен рет-ретімен нүктесіз нөмірленеді. Кестелер бойынша ескерту кестенің аяқталуын білдіретін соңғы сызықтың үстінен жазылады.

Формулалар және теңдеулер мәтіннен басқа жеке жолға бөліп көрсетіледі. Әрбір формулалар және теңдеулердің жоғары және төменгі жағынан бос, бір жолдан кем емес орын қалдыру қажет. Егер теңдеу бір жолға сыймаса, онда ол теңдеу теңдік таңбаларынан кейін (=) немесе қосу белгісінен кейін (+), алу (-), көбейту (Х), бөлу (:), немесе математикалық белгілерден кейін көшірілуі тиіс және келесі жолдардың басында таңба тағы қайталанады.

Символдар мен сандық коэффиценттердің мағыналарын түсіндіру формулаға сәйкес келтіріліп, формулада берілген бірізділікпен жүргізілу керек.

Диплом жұмысындағы (жобадағы) формулаларды реттік нөмірлермен нөмірлеу барлық жұмыс шегінде дөңес жақшаға алынып, арап сандарымен оң жақ шетте бір жолда қарастырылады.

Мәтіндегі формулалардың реттік нөміріне сілтеме жақшаға алынып жасалады. Мысалы – (1) формулада.

Бөлімше шегінде (ішіндегі) формулаларды нөмірлеуге рұқсат беріледі. Мұндай жағдайда формула нөмірлері нүктемен бөлінген бөлімнің нөмірлері мен формулалардың реттік нөмірінен тұрады, мысалы (3.1).

Пайдаланған дерек көздеріне сілтемелер квадратты (шаршылы) жақшаға алынады.

Дерек көздері туралы мәлімет диплом жұмысының (жобаның) мәтініндегі дерек көздерінің сілтемелерінің жасалу реті бойынша орналасу керек және абзацтан кейін арап сандарымен нүктесіз нөмірленеді.

Қосымшалар осы диплом жұмысының (жобаның) жалғасы ретінде келесі парақтарына рәсімделеді.

Диплом жұмысының (жобаның) мәтінінде барлық қосымшаларға сілтеме болуы тиіс. Қосымшалар мәтіндегі сілтемелердің ретіне қарай орналасады.

Әрбір қосымша жаңа беттен басталып «Қосымша» сөзі мен атауы беттің жоғарғы жағының ортасында көрсетілуі тиіс.

Қосымшаның аты болуы қажет, ол жеке жолға, мәтінге симметриалы түрде бас әріппен жазылады.

Егер диплодық жұмыс (жоба) бір қосымшадан тұрса, онда белгілемей жіберіледі.

Қосымшалардың диплом жұмысының (жобаның) қалған бөлімдерімен басынан басталатын ортақ нөмірлері болуы тиіс.


5 Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға ұсыну тәртібі
Дипломдық жұмыс (жобаны) алдын ала қорғаудан өту үшін шығарушы кафедраға тапсырылады.

Дипломдық жұмысты (жобаны) алдын ала қорғау кафедраның ашық отырысында студенттердің және міндетті түрде ғылыми жетекшілердің міндетті түрде қатысуларымен және қажет болған жағдайда, ғылыми консультанттардың қатысуымен өткізіледі. Алдын ала қорғау кафедра отырысының хаттамасымен рәсімделеді.

Алдын ала қорғаудан ойдағыдай өткен, қойылған талаптарға сәйкес ресімделген, аяқталған дипломдық жұмыс (жоба) ғылыми констультант пен студенттің қолы қойылып, ғылыми жетекшіге ұсынылады.

Ғылыми жетекші диплом жұмысына (жобасына) жазбаша сын-пікір жазады.

Диплом жұмысы (жоба) қабылданған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қойып және қорғауға жіберілгендігі туралы жазбаша-пікірмен бірге кафедра меңгерушісіне ұсынады.

Диплом жұмысы (жоба) қабылданбаған жағдайда ғылыми жетекші оған қол қоймайды, бірақ жазбаша сын-пікір жазады, диплом жұмысының (жобаны) қорғауға жіберілмегендігі жөніндегі өзінің жазбаша сын-пікірін жазады.

Осы материалдардың негізінде кафедра меңгерушісі диплом жұмысына (жобаға) нақты соңғы тұжырымын шығарады да, оны титул бетіне жазады.

Егер кафедра меңгерушісі студенттің диплом жұмысын қорғауға жіберуге болмайды деп шешсе, бұл сұрақ студент пен ғылыми жетекшінің қатысуымен кафедра отырысында қаралады. Кафедра отырысының хаттамасы жоғары оқу орынының ректорына бекітуге ұсынылады.

Шығарушы кафедраның қорғауға ұсынған диплом жұмысы (жоба), пікір жазу үшін факультет деканына жіберіледі.

Шығарушы кафедра меңгерушісінің өндіріс және ғылыми ұйымдардың мамандары арасынан ұсынған пікір жазушылардың тізімі ректордың бұйрығымен бекітіледі. Пікір жазушылар ретінде басқа жоғары оқу орындарының профессорлар, доценттер, оқытушылар қатыстырылады.

Пікір жазушылардың базалық жоғары білімі болуы тиіс және/немесе қорғалатын диплом жұмысының (жобасының) профиліне сәйкес ғылыми атағы, ғылыми немесе академиялық дәрежесі болуы тиіс.

Пікір жазушы диплом жұмысына (жобаға) жазбаша пікірін ұсынуы қажет, онда тақырыптың өзектілігі, жаңашылдығы және практикалық маңыздылығы, тақырыптың маманның кәсіби даярлығына, берілген ғылыми академиялық дәрежесі мен берілген біліктілігіне сәйкестігі, жүргізілген зерттеудің дербестігі, қорытынды мен ұсыныстарының барлығы, мәселелердің шешілу және зерттеудің аяқталуы дәрежесі көрсетіледі. Пікірде баллдық-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағасы және академиялық дәрежесі мен квалификация берілу мүмкіндігі көрсетілген дәлелді қорытынды беріледі.

Ғылыми жетекшінің қорғауға жіберген, бірақ пікір жазушының F - «қанағаттанарлықсыз» деп бағалаған, диплом жұмысы жалпы жағдаймен қорғалады.

Факультет деканы шығарушы кафедраның меңгерушісі мен диплом жазушы - студентті жазылған пікірмен қорғауға бір күн қалғанда таныстырады. Диплом жұмысын пікірі және сын-пікірімен қоса Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына қорғауға жібереді.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттің қалауы бойынша қазақша және орыс тілдерінде жүргізіледі. Студент кафедраның ұсынысымен диплом жұмысының (жобасының) қорғауда таныстырылып және шетел тілінде сұрақтар қоюға болатын шетел тіліндегі қысқаша мазмұнын тапсырады.


6 Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі
Диплом жұмысын (жобаны) қорғау тәртібі білім беру саласындағы орталық атқарушы органдары бекіткен білім алушылардың үлгеріміне ағымдық, аралық және мемлекеттік қорытынды аттестация жүргізу Ережесімен анықталады.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау мемлекеттік аттестациялық комиссия мүшелерінің жартысынан кем емес мүшелерінің қатысуымен ашық отырысында өткізіледі. Диплом жұмысын (жобаны) қорғау студенттердің, шығарушы кафедр оқытушыларының қатысуымен бұқаралық түрде ұйымдастырылады. Қорғауға ғылыми жетекшілері шақырылады, сонымен қатар дипломдық зерттеулер жүргізілген ұйымдардың өкілдері және басқа да ынталы тұлғалар қатыстырылады.

Бір диплом жұмысын қорғаудың ұзақтығы, ереже бойынша, бір студентке 30 минуттан аспауы қажет. Диплом жұмысын қорғау барысында студент мемлекеттік аттестациалық комиссияның және қатысушылардың алдында 15 минуттан кем емес уақыт аралығында баяндама жасап қорғайды.

Диплом жұмысын (жобаны) талқылауға барлық қатысушылар сұрақ немесе сөз сөйлеу түрінде қатысады. Талқылаудан кейін комиссия хатшысы сын пікір және пікірді оқып таныстырады (ғылыми жетекші қатысып отырған жағдайда өзі сөз сөйлейді). Сын пікір және/немесе пікірдегі ескертпелердің барлығына студент дәлелді түсіндірмелер береді.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғау қорытындысы бойынша баллдық-рейтингтік әріптік жүйемен баға қойылады. Бағалауда студенттің теориялық деңгейі, ғылыми және практикалық дайындығы, ғылыми жетекшінің пікірі және сын пікір берушінің бағасы назарға алынады.

Диплом жұмысын (жобаны) қорғаудың қорытындысы әр студент бойыншамемлекеттік аттестациялау комиссиясының отырысының хаттамасымен ресімделеді және өткізілу күнінде хабарланады.

Қосымша 1
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Аграрлық-биологиялық факультеті
Өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасы


«Қорғауға жіберілді»

Кафедра меңгерушісі

____________ П. Касьянов


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қостанай қаласының базар және көтерме сауда орындарында жеміс – жидек өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша техникалық регламент талаптарын сақтау

мамандығы 050732 – «Стандарттау, метрология и сертификаттау»


Орындаған Т. Полищук

Ғылыми жетекшісі


б. ғ. к., доцент. П. Касьянов

­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­­





Қостанай 2011

Қосымша 2

Дипломдық жұмысты дайындау кестесі





р/с


Бөлімдер атауы, қарастырылатын сұрақтар тізімі

Ғылыми жетекшісіне ұсыну мерзімі

Ескерту

1

Дипломдық жұмыстың жоспарын және әдебиеттер тізімін құрастыру

11.01.2010




2

Әдебиеттер көзімен жұмыс істеу және қолданылған әдебиеттер көлемін жазу

28.01.2010





3

Нақты мәліметтерді өңдеу, кестелерді құрастыру және оларды талқылау

17.02.2010




4

Экономикалық тиімділік бойынша бөлімді жазу

15.03.2010




5

Қоршаған ортаны қорғау бойынша бөлімді рәсімдеу

9.04.2010




6

Жұмыс рәсімдеу және тексеруге тапсыру

13.05.2010




7

Кафедраға тысталған жұмысты тапсыру

20.05.2010



8


Кафедрада жұмысты алдын ала қорғау

26.05.2010





Тапсырманы беру күні _______________________________
Кафедра меңгерушісі ________________________ (тегі, аты-жөні)
Жұмыс жетекшісі ________________________ (тегі, аты-жөні)

Тапсырманы орындауға алды

студент _________________________ (тегі, аты-жөні)

Қосымша 3

А. Байтұрсынов Қостанай мемлекеттік университеті


Өңдеу технологиясы және стандарттау кафедрасы
Мамандығы: 050728 – Өңдеу өңдірістерінің технологиясы

Оқу бағдарламасы және түрі: Негізгі оқу бағдарламасы, күндізгі оқу түрі


БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі

_________ П.Касьянов

____ __________ 201__г.




дипломдық жұмысты орындауға арналған

ТАПСЫРМА

Студент: Пилипенко Татьяне Леонидовне

Тақырыбы: «Арай-91» ЖШС өңдірілетін алкоголді өнімнің сапаысн сараптау
Унивеситет бойынша № __ бұйрықпен бекітілген «____»________________

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі «______»___________________________

Жұмыстың бастапқы мәліметтері:

Алкоголді өнімді сынау хаттамалары



Сәйкестік сертификаттары
Шикізаттың талдау карточкалары

Дипломдық жұмыста қарастырылуы тиіс сұрақтар тізімі:

а) майлардың болуы;

б) альдегидтердің болуы;

с) шөпшар және астық қосмпасының болуы;

д) алынған мәліметерді әрекеттегі нормативтік құжатармен талдау және салыстыру
Ұсынылатын негізгі әдебиеттер:

1.Закон РК «Об обеспечении единства измерений» - Алматы.: Юрист, 2002 г.

2.Закон РК «О техническом регулировании» - Алматы – Юрист.: 2002.

3.Закон Каз.ССР «О защите прав потребителей» с изменениями и дополнениями по состоянию на 1 января 2002 г. – 2002 г. – Алматы.: Юрист, 2002.

Дополнительная литература:



4.ГОСТы РК, ИСО/МЭК 2.

Лабораторный практикум по общей технологии пищевых производств.(под редакцией проф.Ковальской Л.П.) М.: Агропромихдат, 1991.
Қосымша 4

Мазмұны


Кіріспе……………………………………………………………………………......3

1 Әдебиеттерге шолу………………………………………………………………..5

1.1 Арақтың шығу тарихы..............……………………………………………5

1.2 Негізгі және қосымша шикізаттың сипаттамасы...........………………….9

1.3 Арақты дайындаудың технологиялық үрдісі ...........……………………13

1.4 Өңдірісті бақылауды жүргізу.........................…………………………….20

1.5 Арақты фальсификациялау.......…………………………………………..22

2. Сараптамалық бөлім .......………………………………………………………..25

2.1 Мақсаттары мен міндеттері …………………………………………………...25

2.2 Жұмысты жүргізу шарты және әдістемесі ................………………………...25

2.3 Алынған мәліметерді талқылау ..…………………………………………......29

2.3.1 Сәйкес келмейтін өнімдерді басқару .............……………………………....38

3. «Арай-91» ЖШС қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау …….................41

Қорытынды....……………………………………………………………………….45

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.....……………………………………………...48

Қосымша .... ……………………………………………………………………….. 54

Қосымша 5

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Васильева Г.С. Биология трансплантированных опухолей.- Алматы: Наука, 2003.- 216 с.



2 Ефимов М. Л., Васильева Г.С. Суточные биологические ритмы и злокачественный рост // Усп. совр. Биологии.- 2003.- Т.103, № 2,- С. 255-270.

3 Пат. 72931 СССР. Способ переработки сырья/ Иванов М.И., Малдыбаев Н.К.; опубл.30.03.83, Бюл.№ 12.-2 с: ил.



4 А.С. № 386018. СССР. Способ извлечения металлов./ Акатаев А.Г., Петров Б.И; опубл. 17.05.81, Бюл.№ 15.-2 с: ил..

5 Георгиева Р.С. Изменения в системе свертывания крови у больных злокачественными опухолями // Вопросы экс пер. и клин. Онкол.: сб. научн. тр. Института онкологии и радиологии.- Алматы, 2004. - С.214-217.

6 Баженов Л.Г., Кулинская Л.Л., Сорочинская И.Н. Сезонные изменения содержания иммуноглобулинов в крови клинически здоровых лиц.//Тезисы докл. III Всес. конф. по хронобиол. и хрономед. - Ташкент, 1990 - 320 с.

7 Каверина Л.П., Березовская И.В. Сезонные изменения показателей свертывания крови у крыс и кроликов. /Институт ветеринарии.- М., 1989.- 210 с.- Деп. в ВИНИТИ 13.09.89, № 5853 - В 89.

8 Изучение кинетики и химизма процессов: отчет о НИР/ИМиО АН Каз ССР.- Алматы, 1985. - 240 с.- Инв. № 81047478.



9 Свиногеева Г.П. Экспериментальная терапия саркомы Т-1 в зависимости от ее митотической активности: автореф. … канд. биол. наук: 04.03.04.- М.: МГУ, 2004. - 16 с.

10 Vachaspati T., Videnkin A. Evolution of cosmiс nets // Phys. Rev.-2003.- Vоl.46, №2- Р. 1131-1140.

11 Паустовский К.Г. Золотая роза //Соч.: В 7 т.- М., 1984. - Т. 3. – С.287-528.



12 ГОСТ Р 51771 – 2001. Аппаратура радиоэлектронная бытовая. Входные и выходные параметры и типы соединений. Технические требования. – Введ. 2002-0101. – М.: Госстандарт России: Изд-во стандартов, 2001. – lV, 27 с: ил.


Қосымша 6

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті

ғылыми жетекшісінің студентің идипломдық жұмысына (жобасына)

ПІКІР
Тегі, аты-жөні ________________________________________________________



Мамандығы__________________________________________________________

Оқу түрі_____________________________________________________________
Тақырыбы___________________________________________________________

____________________________________________________________________



________________________________________________________________________________________________________________________________________

Пікір мазмұны________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дипломдық жұмыстың жетекшісі_________________ ____________________

қолы аты, тегі

М.о.

____._____.201__ ж.

Қосымша 7
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Кафедра_____________________________________________________________

Мамандығы__________________________________________________________

Оқу бағдарламасы және түрі____________________________________________

дипломдық жұмысқа (жобаға)

СЫН-ПІКІР

дипломниктің тегі, аты-жөні ___________________________________________

Тақырыбы___________________________________________________________

Дипломдық жұмыстың (жобаның) мазмұны (түсіндірме хатта, графикалық бөлімде жасалған мәселелердің көлемі мен тізімі) ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дипломдық жұмыстың (жобаның) артықшылығ (тақырыптың маңыздылығы, орындау сапасы, тәжірибелік және ғылыми құңдылығы, ұсынылатын жобалардың экономикалық тиімділігі) ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Дипломдық жұмысқа (жобаға) ескертулер (қателіктер, кемшіліктер)

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Қорытыныды (орындалған жұмысты, жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі, барлық жұмыстың бағасы: өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық)

________________________________________________________________________________________________________________________________________

Сын-пікір білідірушінің тегі, аты-жөні __________________________________

ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы _______________________________________

Жұмыс орны________________________________________________________

Атқаратын қызметі ___________________________________________________

Қолы_____________(ұйым мөрі)
____ ______________201 _ ж.
Қосымша 8


Кафедрадағы дипломдық жұмыстар тақырыптары

Подтверждение соответствия муки различных производителей города Костаная

В КФ АО «НаЦЭКС»

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталағы» АҚҚФ Қостанай қаласының әр түрлі ұн өңдірушілерінің сәйкестігін растау.


Подготовительные работы по аккредитации поверочной работы АО «Темір жолы»

«Темір жолы» АҚ тексеру жұмыстарының акредиттеу бойынша дайындау жұмыстары



Соответствие качественных показателей продуктов питания, реализуемых ТОО «Меркурий 2030» в г. Костанае

Қостанай қаласындағы «Меркурий 2030» ЖШС өткізілетің тағамдық өнімдердің сапа көрсеткішінің сәйкестігі



Подтверждение соответствия строительных материалов, поступающих в Костанайскую область в КФ АО «НАЦЭКС»

«Ұлттық сараптау және сертификаттау орталағы» АҚҚФ Қостанай облысына келетін құрлыс материалдарының сәйкестігін растау



Обнаружение несоответствий в качественных показателей зерна, принимаемого ТОО «Иволга»

«Иволга» ЖШС қабылдайтың астықтың сапа көрсеткішінің сәйкестігін анықтау



Зависомость качества алкогольной продукции, выпускаемой ЗАО «Арай», от исходного сырья и применяемой технологии

«Арай» ЖАҚ шығаратын алкогольді өнімдердің сапасың бастапқы шикізатқа байланыстылығы



Разработка и внедрение СМК по ИСО 9001 в ТОО «Космис»

«Космис»ЖШС ИСО 9001 бойынша сапа менеджмент жүйелерін жасау және еңгізу



Сертификация качества услуг парикмахерской ТОО «Фея»

«Фея» ЖШС шаштаразында қызмет сапасын сертификаттау

Соответствие качественных показателей зерна, сдаваемого различными товаропроизводителями на ТОО Иволга, требованиям ИСО 7970

«Иволга» ЖШС-не түрлі тауар өңдірушілердің тапсыратын бидайдың сапа көрсеткіштерінің ИСО7970 талаптарына сәйкестігі



Система менеджмента качества на предприятии КФ АО «Казактелеком»

«Казактелеком»АҚҚФ кәсіпорындағы сапа менеджмент жүйелері



Соответствие качественных показателей зерна яровой пшеницы урожая 2008 года, выращенного в ТО «Михайловское»

«Михайловское»ЖШС өсірген 2008 ж өнімнің жаздық бидай астық сапа көрсеткішінің сәйкестігі



Экспертиза качества хлебобулочных изделий, реализуемых населению г. Костанай

Қостанай қаласының халқына өткізілетін нан бұйымдарының сапасын сараптау



Экспертиза качества и безопасности плодоовощной продукции, реализуемой населению города Костанай

Қостанай қаласында халыққа сатылатын жеміс-көкініс өнімдердің сапасын және қауіпсіздігін сұрыптау



Экспертиза качества зерна урожая 2008 года, проводимая в «Каз Агрекс»

«Каз Агрекс» жүргізілетің 2008 жылғы астықтың сапасын сараптау



Безопасность пищевых продуктов, потребляемых населением г. Костанай

Қостанай қаласының халқына тұтынатың тағамның өнімнің қауіпсіздігі



Экспертиза качества пшеничного хлеба, произведенного в АО «Костанайский хлебозавод» и АО «Алтын нан»

«Костанайский хлебозавод» АҚ және «Алтын нан» АҚ өңдіретің бидай нанның сапасың сараптау



Экспертная оценка молока и молочных продуктов в условиях КФ РГКП «Ветеринарная лаборатория»

РМККФ «Ветеринарлық зертхана» жағдайында сүт және сүт өнімдерін сараптық бағалау



Экспертная оценка полукопченых колбас в условиях ТОО «Фаворит»

«Фаворит» ЖШС жағдайында жартылай ысталған шұжықтарды сараптық бағалау



Экспертная оценка вареных колбас в условиях ТОО «Фаворит»

«Фаворит» ЖШС жағдайында пісірілген шұжықтарды сараптық бағалау



Экспертная оценка хлебного кваса в условиях АО «Фирма-Арасан»

«Фирма-Арасан»АҚ нанды квас өңдірудің сараптық бағалау



Экспертная оценка зерна пшеницы в условиях ОАО «КазАгрекс»

«КазАгрекс» жағдайында бидай астығын сараптық бағалау



Сравнительная оценка качества рассольных сыров в условиях ТОО «Мадии-Сервис»

«Мадии-Сервис» ЖШС – жағдайында россолды сары ірімшіктің сапасын салыстырмалы бағалау

Повышение эффективности подготовки зерна к помолу на ТОО «Агрофирма Диевская»

«Агрофирма Диевская»ЖШС-де ұн тартуға арналған дәннің дайындаудың тиімділігін жоғарлату



Фортификация пшеничной муки высшего и первого сортов производимая на предприятии АО

«Костанайский мелькомбинат» АҚ өңдірілетін жоғары және бірінші сортты бидай ұнын фортификациялау

Реконструкция мельницы в ТОО «Тенизовский»

«Тенизовский» ЖШС-де ұн тарту диірменді қайта құрастыру



Требования к качеству зерна при составлении помольных смесей на мельнице ТОО «Иволга»

«Иволга» ЖШС –нің диірменінде ұн тарту қосындыларды құрастырғанда дән сапасына қойылатын талаптар

Технологическая характеристика зерна принимаемого на элеваторе ТОО Иволга

«Иволга» ЖШС элеваторында қабылданатын дәннің технологиялық мінездемесі



Технологические процессы подготовки зерна яровой пшеницы для его последующего использования ТОО «Сарыкольский элеватор»

«Сарыкольский элеватор» ЖШС қолдану үшін жаздық бидай астығын дайындаудың технологиялық үрдістері



Производство хлебобулочных изделий с применением обогащенных добавок на ТОО «Алтын-Нан»

«Алтын-Нан» ЖШС-де байытылған қосындыларды қолданып нан бөлке өнімдерің өңдіру



Особенности производства макаронных изделий в АО «Мелькомбинат»

«Мелькомбинат» АҚ-да макарон бұйымдарын өңдірудің өзгешеліктері



Требования к качеству зерна при составлении помольных смесей на мельнице ТОО «Иволга»

«Иволга» ЖШС-де ұнды өңдірудің технологиялық ерекшеліктері



Технологические процессы подготовки зерна для производства муки в ТОО «Иволга»

«Иволга» ЖШС-де ұнды өңдіру үшін астық дайындаудың технологиялық үрдістері



Мукомольные и хлебопекарные свойства формируемых помольных партий пшеницы в ТОО «ПК Костананйский мукомольный завод»

«ПК Костананйский мукомольный завод»ЖШС бидайдың тарту партиясын қалыптастыратын ұндық және наубайханалық қасиеттері



Анализ процесса сушки при производстве макаронных изделий на линии фирмы «Паван» на АО «Костанайский мелькомбинат»

«Костанайский мелькомбинат» АҚ фирма «Паван» линясында макарон бұйымдарын өңдіргенде кептіру процесін талдау



Исследование технологических характеристик муки, производимой на мельничных комплексах ТОО «Иволга»

Формирование экспортных партий пшеницы на основе технологических показателей в ТОО «КазАгротрейд»

«КазАгротрейд» ЖШС технологиялық көрсеткіштер негізінде экспорттық бидай партияларың қалыптастыру



Технология производства «Марципана» с применением добавок искусственного и натурального типов в АО «ЖАС ОРГЫН»

ЖАС ОРГЫН АҚ-да табиғи және жасанды қосындылармен «Марципан» өңдіруінің технологиясы



Современные технологические методы определения качества зерна в производственных условиях на АО «Джаркульский элеватор»

«Джаркульский элеватор» АҚ-ның өңдірістік шарттарында дәндердің сапасын анықтаудың қазіргі технологиялық тәсілдері



Качество хлебобулочных изделий, производимых ТОО «Троянда»

«Тобыл» ЖШС өңдірілетің нан бұйымдарының сапасы



Зависимость качества пива «Лорец» от применяемого хмеля ТОО «Арасан»

«Арасан» ЖШС қолданылатың уытқа «Лорец» сыра сапасының байланыстылығы



Особенности технологии производства муки на мельнице в ТОО «Асалия»

«Асалия»ЖШС-де ұнды жаңартылған диірмендерден өңдірудің өзгешелігі



Зависимость хлебопекарных свойств муки от исходного сырья при производстве хлеба пшеничного

Бидай наның өңдіру кезеңінде бастапқы шикізаттқа байланыстылығы ұнның наубайханалық қасиеттері



Использование зерна яровой пшеницы в зависимости от его исходных показателей в ТОО «Иволга»

«Иволга» ЖШС бастапқы көрсеткіштеріне байланысты жаздық бидай астығын қолдану



«Қостанайский мелькомбинат» АҚ өңдірілетің ұнды сертификаттау

Сертификация муки, производимой в АО «Костанайский мелькомбинат»

«Иволга»» ЖШС-де қабылданатың астықтың сапасын сынау

Экспертиза качественных показателей зерна при его приемке в ТОО Иволга

Жаздық бидайдың сапа және сан көрсеткіштерінің нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкестігі

Соответствие качественных и количественных показателей зерна яровой пшеницы требованиям нормативных документов

«Алтын-дән» элеваторында бидай дәнінің сапасын сараптау

Экспертиза качества зерна пшеницы на элеваторе «Алтын-Дән»

Қостанай қаласының дара саудаға түсетің балмұздақтың сапасын қауіпсіздігін бағалау

Оценка качества и безопасности мороженного поступающего в розничную торговлю города Костанай

«Қостанайский мелькомбинат» АҚ қабылдайтың дәннің сапасына қойылатын талаптар

Требования, предъявляемые к качеству зерна в АО «Костанайский мелькомбинат»

Ауыз судың сапасының МЕМСТ талаптарына сәйкестігі

Соответствие качества питьевой воды требованиям ГОСТа

Рудный сыра зауытында сыра өңдірудің сапасын қамтамасыз ету

Обеспечение качества при производстве пива на Рудненском пивзаводе

Буревестник АҚП-ның жаздық бидайдың сапа көрсеткіштерінің нормативтік құжат талаптарына сәйкестігі

Соответствие качественных показателей зерна яровой пшеницы требованиям существующих нормативных документов в ХПП Буревестник

Сұлукөл ЖШС-нен Аманқарағай элеваторына тапсырылатың жаздық бидайдың сапа көрсеткіштерінің сәйкестігі

Соответствие качественных показателей зерна яровой пшеницы в ТОО Сулукуль, сдаваемого на Аманкарагайский элеватор

Қалдыбаев КХ өсірілетің дәндердің сапа көрсеткіштерінің МЕМСТ талаптарына сәйкестігі

Соответствие качества зерна требованиям ГОСТ выращиваемого в КХ Калдыбаев

Ақмола облысының Ауэзов ауданыңда ұнға өңдірілетің жаздық бидайдың сапа көрсеткіштерінің сәйкестігі

Соответствие качественных показателей зерна яровой пшеницы, выращиваемого в Ауэзорвском районе Акмолинской области для производства муки

«Иволга»» ЖШС элеваторларында жаздық бидайдың сапа көрсеткіштерінің НҚ талаптарына сәйкестігі

Соответствие качества зерна яровой пшеницы на элеваторах ТОО Иволга требованиям НД

«НаЦЭкС» АҚҚФ зертханасында жаздық бидайдың сапа көрсеткіштерінің сәйкестігің растау

Подтверждение соответствие качественных показателей зерна яровой пшеницы в лаборатории КФАО «НаЦЭкС»

Мустафин КХ өсірілетің жаздық бидай дәндердің сапа көрсеткіштерінің сәйкестігі

Соответствие качественных показателей зерна яровой пшеницы выращиваемого в КХ Мустафин

«Денисов элеваторы» ЖШС-да жаздық бидайдық астық сапа көрсеткіштерін халықарылық келесімшарттар талаптарына жеткізу.

Доведение качественных показателей зерна яровой пшеницы в ТОО Денисовский элеватор до требований международных контрактов

Қостанай обылысының Урицкий элеваторы қабылдайтың жаздық бидай дәнінің сапа көрсеткіштерін сараптау

Экспертиза качественных показателей зерна яровой пшеницы поступающего на элеватор Урицкий Костанайской области

«Астық нан» ЖШС-де пісірілетін нан бөлке өңімдерге қолданатын ұнның сапа көрсеткіштері

Качественные показатели муки используемой при выпечке хлебобулочных изделий в ТОО Астык-Нан

Усовершенствование технологии производства шоколадной глазури на оборудовании Lemann на АО «Баян‑Сулу»

«Баян‑Сулу» АҚ Lemann жабдығында шоколад әйнекейін өңдіру технологиясын жетілдіру



Применение новых технологий при производстве песочно-отсадного печенья на ТОО «Жас Аргын»

«Жас Аргын» ЖШС шекерлі- отсадный печенесін өңдіру кезінде жаңа технологияларды қолдану



Производство бисквитных тортов и пирожных в условиях кондитерского цеха «Лакомка»

«Лакомка» кондитерлік цех шартында бисквитті торт және пирожноеларды өңдіру



Производство помадных глазированных конфет с применением в качестве антикристализатора инвентазы

Инвентазаны антикристализатор ретінде қолдану арқылы памадалы әйнекейлі конфеттерді өңдіру









Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет