БАҒдарламасы жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесі



Дата17.02.2017
өлшемі192,81 Kb.
#9559
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті

ЖҰМЫС ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ



Жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесі.

(пәннің коды мен атауы)


«6М010200» Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

(мамандықтың коды мен атауы)



2 кредит

Орал, 2013 ж.


1. ӘЗІРЛЕНГЕН ЖӘНЕ ЕНГІЗІЛГЕН

Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің педагогика және психология кафедрасы. п.ғ.д., профессор Ә.М. Мұханбетжанова.

(жұмыс бағдарламаны жасаған білім беру ұйымының атауы)


2. РЕЦЕНЗЕНТТЕР

  1. Жангир хан атындағы БҚАТУ. п.ғ.к. Касимова А.Х.

  2. М.Өтемісов атындағы БҚМУ, Педагогика және психология кафедрасы. п.ғ.к. Мұханбетчина А.Ғ.


3. БЕКІТІЛГЕН ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНГІЗІЛГЕН М.Өтемісов атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеттің Оқу-әдістемелік кеңес отырысында 2013 жылғы «24» қаңтар №5 хаттама
4. Жұмыс оқу бағдарламасы «6М010200» Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

мамандығы бойынша элективті пәндер каталогына сәйкес әзірленген.


5. ҚАРАЛҒАН Педагогикалық факультеттің Оқу-әдістемелік кеңес отырысында 2013 жылғы «13» қаңтар №5 хаттама

Түсіндірме жазба

«Жоғары оқу орнында педагогикалық пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесі» - бұл педагогиканы оқытудың теориясы мен тәжірибесін синтездеуге бағытталған дәрістер курсы. Мұнда оқытудың мазмұнын, формаларын және әдістерін, оқытушы мен оқушылардың іс-әрекетін біртұтас ретінде қарастырыла отырып, педагогиканы оқыту процесі зерттеледі.

Педагогиканы оқыудың әдітемесі оқытудың ережелері мен принциптерін, оның формалары мен әдістерін негіздей отырып, болашақ оқытушылардың жоғары деңгейде кәсіби даярлығын қамтамасыз етуді көздейді. ЖОО педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі болашақта әрі қарай дами отырып, педагогиканы оқытудың заңдылықтарын анықтап, негіздеуге және соның негізінде оқыту процесін басқару жолдарын іздестіруге ұмтылады.

Курстың мақсаты:

магистранттарды педагогикалық пәндерді оқыту теориясы мен әдістемесі педагогиканы оқытудың теориясы мен тәжірибесін, оқытудың мазмұнын, формаларын және әдістерін, педагогиканы оқыту процесінің әдістемесі мен әдістерін меңгеруге қажет практикалық білім мен дағдыларды қалыптастыру, шығармашылық ыңғай жасай білуге үйрету.



Курс міндеттері:

  • Болашақ оқытушыларға гуманистік тәрбиені жетілдірудің және оны бала тұласының қалыпатасуында жоғары нәтижелерге жетуге қолданудың ғылыми негізі ретінде педагогиканың мәнін түсіндіру;

  • Оқыту процесінде болашақ оқытушыларды білім, білік және дағдылармен қаруландыру;

  • Болашақ оқытушыларда тұлғаның педагогикалық бағытталуын қалыптастыру.

Курстың мазмұны: педагогиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі туралы түсінік. Оқытудың мазмұны, формалары және әдістері. Оқытушы мен оқушылардың біртұтас іс-әрекеті. Педагогиканы оқыту процесі.Педагогиканы оқыудың ережелері мен принциптері, педагогиканы оқытудың заңдылықтары. Оқыту процесін басқару жолдары.

Оқыту әдістемесі: Сабақтар оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы өткізіледі.

- материалдың ауқымды блоктармен берілуі;



  • «Сыни ойлау» стратегиясын қолдану;

  • зерттеу әдісін қолдану.

Оқыту негізгі оқу материалдары қамтылған дәрістер мен практикалық сабақтар негізінде жүргізіледі және алынған практикалық дағдылар, түсініктер бекітіліп отырады. Магистранттардың білімін бақылау үй тапсырмаларын тексеру, электрондық оқулық т.б. оқу құралдарында берілген тестілерді орындау, ауызша сұрау, жеке семестрлік тапсырмалар арқылы жүзеге асады.



Пререквизиттер: Бұл курс мазмұндық және әдістемелік жағынан педагогиканың мынадай салалрымен байланысты: Мамандыққа кіріспе, Педагоиканың жалпы негіздері, Дидактика, Тәрбие теориясы, Педагогика тарихы, Педагогиканың ғылыми зерттеу әдістері т.б.

Постреквизиттер: Педагогиканы оқыту әдістемесі ол – теория мен тәжірибенің синтезі. Ол педагогикаға оқытуды білім берудегі мазмұн, оны ұйымдастыру формалары мен әдістерін оқытушы мен оқушылардың бірлігі негізінде қарастырады.

Күтілетін нәтижелер:

Білім:

  • педагогиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі

  • ППОӘ-нің пәні мен міндеттері

  • педагогиканы оқытудың мазмұны, формалары және әдістері;

  • оқыту процесінің әдістемесі мен технологиялары;

  • педагогиканы оқыту әдістемесінің жалпы және жеке бөлімдерін оқытудың әдістемесі;

Іскерліктер:

  • педагогиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі туралы білімдерін пайдалана білу;

- педагогиканы оқыту әдістемесінің міндеттері, қызметі, басты принциптері туралы білімдері негізінде өз бетімен және топта шешім таба білу;

- оқыту процесінің әдістемесі мен технологиялары жан-жақты қарастыра білуі;

- әртүрлі білім беру мекемелерінде колледжде, ЖОО-да педагогикалық пәндерді оқыту технологиясы мен әдістемесінің нақты тәжірибесін білуі.

Дағдылар:

- педагогикалық процесті ұйымдастыра білу;

- педагогиканың оқыту әдістемесін қолдану іскерліктері негізінде проблемалық жағдайларда шешімді табу;

- педагогиканы оқыту әдістемесін практика кезінде өз тәжірибесінде пайдалану.



Құзырлықтар:

- ақпараттық құзырлықтар: жеке және топтық жұмыста педагогикалық ақпаратты іздеу жоспарын құруы; жинақталған ақпараттан бірінші және екінші талдау деңгейіндегі (анализ, синтез, абстракция, салыстыру, жүйелендіру, топтастыру) жұымыстарын жүргізуі; педагогикалық ақпаратты талдау негізінде тиімді әдістер мен тәсілдерді аңықтау, оқу үрдісінде, сараман кезінде жүзеге асыру.

- коммуникативті құзырлықтар: жазбаша түрінде өз ойын нақты, жүйелі, логикалық жеткізуі; өз сөзінде ойын жеткізуде логикалық, риторикалық, кері байланыс тәсілдерін, вербалды және вербалды емес қарым-қатынас құралдарын пайдалану; өзін-өзі қарым-қатынас этикасы мен нормаларына сәйкес ұстау; жұптық және топтық жұмыс формаларында тиімді, нәтижелі қарым-қатынаста болу; оқытушымен, басқа магистранттармен диалогтық қарым-қатынас орнату.

- өзін-өзі проблемаларды шешу және өзін-өзі басқару құзырлықтар: проблеманың педагогикалық мазмұнын, қарыма-қайшылықтардын себебін анықтау, алдағы педагогикалық мәселені шешуде мақсат қою және ресурстарды жоспарлау технологиясын пайдалану; педагогикалық және психологиялық технологиялар мен әдістемелерді нәтижелі қолдану; атқарған іс-әрекет нәтижесіне, оның сапасына өзін-өзі баға беру, сырттан берілген оқытушылар мен магистранттар бағасына рефлексия жасау.



Тақырыптық жоспар




Тақырыбы

Дәріс

Семинар

1

Білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы

1

1

2

Жаңа білімдер мен қабілеттердің қалыптасу стратегиялары

1

1

3

Педагогикалық пәндерді зерттеудің құрылымдық ыңғайының жүйесі

1

1

4

ЖОО-ғы педагогиканы оқытудың принциптері

1

1

5

Педагогика пәнінен дәрістерге қойылатын педагогикалық талаптар

1

1

6

Педагогикадан семинарлық және тәжірибелік сабақтар

1

1

7

Лабораториялық сабақтарды ұйымдастыру формасы.

1

1

8

Оқытудың педагогикалық индивидуализациялауын зерттеуде проблемалық жағдаяттарды қолдану

1

1

9

Педагогикадан әр түрлі курстарды оқытудың ерекшеліктері.

1

1

10

Педагогика саб1ақтарында оқытудың техникалық құралдарын қолдану.

1

1

11

Педагогикалық пәндерді оқу барысында студенттердің білім, білік және дағдыларын бақылау мен бағалау.

1

1

12

Пән мазмұны, рейтингілік бақылау және оқыту интенсификациясының модульдік құрылымы.

1

1

13

Қазіргі заманғы білім беру технологияларының даму тенденциялары мен пректілеу принциптері.

1

1

14

Педагогикалық инновациялар.

1

1

15

Педагогика пәні оқытушысының іс-әрекетін өзбетті ұйымдастыру мәдениеті.

1

1


Курстың қысқаша мазмұны

Тақырып 1. Білім беру жүйесінің жалпы сипаттамасы

Білім беру жүйелерінің мәні.Жоғары оқу орны – ғылыми басқарудың педагогикалық жүйесі және объектісі ретінде. Білім беру жүйелерін басқарудың негізгі принциптері мен мәні.Білім берудің мемлекеттік-қоғамдық жүйесі. Білім беру жүйелерін басқарудың жалпы принциптері



Тақырып 2. Жаңа білімдер мен қабілеттердің қалыптасу стратегиялары

Стратегиялардың жалпы сипаттамасы. Жүзеге асырудың негізгі кезеңдері Оқу процесіне әсер ететін психологиялық факторлар. Мотивация қозғаушы күш ретінде.



Тақырып 3. Педагогикалық пәндерді зерттеудің құрылымдық ыңғайының жүйесі

Ғылым және оқу пәні, олардың тығыз байланысы және ерекшеліктері. Оқу пәні,ғылымдағы өнімдінің интеграциясы ретінде. Оқу пәнінің құрылымдау процесі Педагогиканың оқу пәні ретіндегі негізгі даму кезеңдері. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы



Тақырып 4. ЖОО-ғы педагогиканы оқытудың принциптері

Педагогика оқу пәні ретінде. Кәсіби даярлықтың негізі және білім, білік, дағдылардың үйлесімі. Педагогикалық оқу орындарының алдыңғы қатарлы ұжымдары және шығармашылық ізденіс. Шығармашылық ізденістің бағыттары. Педагогиканың философиялық негіздемелері. Педагог-психологтың әдістемелік мәдениеті.



Тақырып 5. Педагогика пәнінен дәрістерге қойылатын педагогикалық талаптар

Қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі дәрістің рөлі мен алатын орны. Дәрістің ұтымдығы.

Қазіргі заманғы білім беру жүйесіндегі дәріс формасының дамуы. Мәселелік дәріс, шолу дәрісі, пресс-конференция. Дәрісті өткізудің негізгі кезеңдерін анықтау. Дәрісті өткізудің формасын құрастыру.

Тақырып 6. Педагогикадан семинарлық және тәжірибелік сабақтар

Семинарлық және тәжірибелік сабақтар студенттердің алған білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру формасы ретінде. Тәжірибелік және семинар сабақтарының мақсаты. Семинар сабақтарының формалары: просеминарлар, спецсеминарлар. Семинар қатысушылардың өзара әрекеттесуі және қарым-қатынасы ретінде.



Тақырып 7. Лабораториялық сабақтарды ұйымдастыру формасы.

Лабораториялық сабақ теоретико-әдіснамалық білімдер мен тәжірибелік біліктердің интеграциясы ретінде. Бірлескен топтық іс-әрекет туралы түсінік. Жаттығулар тәжірибелік сабақтардың формасы ретінде. Лабораториялық сабақтарға жеке әдістемелік ұсыныстар.



Тақырып 8. Оқытудың педагогикалық индивидуализациялауын зерттеуде проблемалық жағдаяттарды қолдану

Проблемалық оқыту туралы түсінік және оның тарихи алғышарттары. Қоршаған шынайылықтың шығармашылықпен қайта жаңғыруының әдіснамасы. Проблемалық оқыту тосын міндеттерді шешуді оқыту ретінде. Болашақ мамандардың қажет шығармашылық қабілеттерінің қалыптасуы. Оқу жадығатын проблемалы интерпретациялау. Оқу-тәрбие үрдісінде проблемалы оқытудың рөлі. Педагогтың шығармашылық жекелігі (индивидуалдылығы)



Тақырып 9. Педагогикадан әр түрлі курстарды оқытудың ерекшеліктері.

Педагогикалық проектілеу мен педагогикалық технологиялар туралы түсінік. Педагогикалық үрдіс және педагогикалық жағдаят. Педагогикалық проектілеудің принциптері. Педагогикалық құрылымдау. Педагогикалық міндет және педагогикалық жағдаят. Олардың байланысы. «Педагогикалық үрдіс» түсінігіне анықтама беру. Педагогикалық үрдістің принциптерінің өзара байланысы.



Тақырып 10. Педагогика сабақтарында оқытудың техникалық құралдарын қолдану.

Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін белсендендіру әдістерін іздестіру мәселесі. Белсенді оқытудың айырма ерекшеліктері. Белсенді оқытудың ерекшеліктері. «case.study» әдісі – нақты жағдаяттарды талдау. Оқытудың техникалық құралдарын қолдану қажеттілігі. Тәжірибеде оқытудың интерактивті технологияларын қолдану.



Тақырып 11. Педагогикалық пәндерді оқу барысында студенттердің білім, білік және дағдыларын бақылау мен бағалау.

Жоғары мектептегі педагогикалық бақылаудың негіздері. Педагогикалық бақылау функциясы. Педагогикалық бақылау формалары. Бағалау және баға. Педагогикалық өлшем. Бақылау объективтілігін арттыру жолдары. Педагогикалық бақылаудың ұйымдастырушы принциптері. Студенттердің қабілеттері және педагогикалық бақылау. Уақыт факторы. Қабілеттердің сапалық және сандық сипаты. Педагогикалық бақылауды жүргізудің мақсаты. Бақылау жүргізудің әдістемесі.



Тақырып 12. Пән мазмұны, рейтингілік бақылау және оқыту интенсификациясының модульдік құрылымы.

Білім базисі моделі. Білім беру технологияларының қазіргі кездегі міндеттері. Қазіргі білім берудегі оқу іс-әрекетінің даму тенденциялары мен проектілеудің мәні мен принциптері оқытудың интенсификациясының факторы ретінде. «Модуль» түінігі.



Модульдік оқыту әдістері. Модульдік және проблемалық оқытудың айырма ерекшеліктері.

Тақырып 13. Қазіргі заманғы білім беру технологияларының даму тенденциялары мен пректілеу принциптері.

Білім беру технологияларының болжамды мақсаты. Білім беру технологияларының проектілеу принциптері нақты мысал арқылы. Оқытудың дәтүрлі технологиялары.



Оқытудың интенсификациясы. Қазіргі заманғы білім беру технологиялары құрылымының негізгі принциптерін анықтау.

Тақырып 14. Педагогикалық инновациялар.

Педагогикадағы жаңа енгізілімдердің мәні мен бағыттары. Инновациялық педагогика.

Инновациялық оқу мекемелері. Педагогикалық жүйені оптимизациялау. Инновацияларды енгізудің мақсатқа сәйкестігін сипаттау.

Тақырып 15. Педагогика пәні оқытушысының іс-әрекетін өзбетті ұйымдастыру мәдениеті.

Педагог-психолог іс-әрекетінің өзбетті ұйымдастырылуының тиімділігі критерилері. Тиімді өзбетті ұйымдастырудың тәсілдері. Педагогикалық іс-әрекеттегі кездесетін қиындықтарыдң сипаты мен себептері. Педагог іс-әрекетінің психофизиологиялық алғышарттары. Педагогикалық іс-әрекет субъектісінің құрылымындағы қабілеттері. Педагогикалық іс-әрекет субъектісінің құрылымындағы тұлғалық сапалар. Педагогқа қойылатын талаптарды анықтау.


Практикалық сабақтар мазмұны

1 семинар



Тақырыбы: Оқу мотивациясы тұлға белсенділігінің жетекші факторы ретінде

мазмұны:

    1. Оқу мотивациясы түсінігі, негізгі сипаттамалары.

    2. «Иеркс-Додсонның классикалық заңы»

Әдістемелік нұсқау: «Үлкен шеңбер» әдісі
2 семинар

Тақырыбы: Педагогикаға оқыту процесі

мазмұны:

    1. Педагогикаға оқыту процесіндегі жалпылық және ерекшеліктер.

    2. Оқытуды белсендендіру.

Әдістемелік нұсқау: “Миға шабуыл” әдісі
3 семинар

Тақырыбы: Педагогикалық пәндерді зерттеудің құрылымдық ыңғайының жүйесі.

мазмұны:

  1. Педагогиканың жоғары оқу орындарындағы оқу пәні ретінде қабылдануы.

  2. Педагогиканың жүйесін оқу пәні ретінде танып, бағдарламалар мен оқулықтардың жасалуы.

Әдістемелік нұсқау: “Миға шабуыл” әдісі
4 семинар

Тақырыбы: ЖОО-ғы педагогиканы оқытудың принциптері.

мазмұны:

  1. Педагогикалық пәндерді оқытудың әдістемесінің құрылымы.

  2. Педагогика салаларының және курстарының бағыттары.

Әдістемелік нұсқау: «Үлкен шеңбер» әдісі
5 семинар

Тақырыбы: Педагогика пәнінен дәрістерге қойылатын педагогикалық талаптар.

мазмұны:

  1. Дәріс құрылымы және түрлері

  2. Дәріс оқу өнері.

Әдістемелік нұсқау: “Миға шабуыл” әдісі
6 семинар

Тақырыбы: Педагогикадан семинар және тәжірибелік сабақтар

мазмұны:

  1. Тәжірибелік және семинар сабақтарының құрылымы.

  2. Тәжірибелік және семинар сабақтарының педагогикалық мақсаттары.

Әдістемелік нұсқау: Аквариум әдісі
7 семинар

Тақырыбы: Лабораториялық сабақтарды ұйымдастырудың формалары

мазмұны:

  1. Мақсатқа бағытталған талқылаудың логикасы

  2. Оқу-зерттеу сипатындағы іс-әрекеттің ортақ үрдісі.

Әдістемелік нұсқау: Аквариум әдісі
8 семинар

Тақырыбы: Оқытудың педагогикалық индивидуализациялауын зерттеуде проблемалық жағдаяттарды қолдану

мазмұны:

  1. Проблемалық оқытудың формалары: дәстүрлі және проблемалық дәріс.

  2. Түрткі болатын мотивтер топтары

  3. Проблемалық оқытудың құралдары (оқытушының іс-әрекеті, оқу жадығатын сараптап жинақтау).

Әдістемелік нұсқау: «Үлкен шеңбер» әдісі
9 семинар

Тақырыбы: Педагогикадан әр түрлі курстарды оқытудың ерекшеліктері.

мазмұны:

  1. Оқыту технологиясы

  2. Қазіргі заманғы оқытудың бағыттары.

Әдістемелік нұсқау: “Миға шабуыл” әдісі
10 семинар

Тақырыбы: Педагогика сабақтарында оқытудың техникалық құралдарын қолдану.

мазмұны:

  1. Сабақтарда оқытудың техникалық құралдарын қолданудың тиімділігі.

  2. Көрнекі құралдар, карта-сызбалар, үлестірмелі жадығаттар.

  3. Оқытудың техникалық құралдарын тәжірибелік сабақтарда қолдану.

Әдістемелік нұсқау: Аквариум әдісі
11 семинар

Тақырыбы: Педагогикалық пәндерді оқу барысында студенттердің білім, білік және дағдыларын бақылау мен бағалау.

мазмұны:

  1. Тестілеу

  2. Тест тапсырмаларының формасы.

  3. Тест тапсырмалары сипаттамаларының тізімі.

Әдістемелік нұсқау: Аквариум әдісі
12 семинар

Тақырыбы: Пән мазмұны, рейтингілік бақылау және оқыту интенсификациясының модульдік құрылымы

мазмұны:

  1. Модульдік оқытудың формалары мен құралдары.

  2. Модульдік оқытудағы рейтингілік бақылаудың түрлері.

Әдістемелік нұсқау: «Үлкен шеңбер» әдісі
13 семинар

Тақырыбы: Жалпы білім беру жүйесіндегі компьютерлік телекоммуникациялар.

мазмұны:

  1. Телекоммуникациялық байланыс түрлері. Телекоммуникациялық жүйелер. Интернет желі.

  2. Интернет желісінің дидактикалық қасиеттері мен функциялары.

Әдістемелік нұсқау: “Миға шабуыл” әдісі
14 семинар

Тақырыбы: Инновациялық оқыту және акмеологиялық ыңғай.

мазмұны:

  1. Инновациялық оқыту және акмеологиялық ыңғай.

  2. Ақпараттық технологиялар.

Әдістемелік нұсқау: Аквариум әдісі
15 семинар

Тақырыбы: Педагогтың кәсіби сапалары, педагогикалық іс-әрекеттегі шығармашылық

мазмұны:

  1. Педагогтың кәсіби өсуі мен тұлғалық дамуы.

  2. Педагогтың тұлғалық дамуының мотивткері. Педагогтың шығармашылық жекелігі (индивидуалдылығы).

Әдістемелік нұсқау: РАФТ стратегиясы
Курс бойынша жазба жұмыстарының тақырыптары (реферат)

  1. Білім беру жүйелерінің мәні.

  2. Мектеп, ғылыми басқарудың педагогикалық жүйесі және объектісі ретінде

  3. Педагогиканың оқу пәні ретіндегі негізгі даму кезеңдері

  4. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

  5. Педагогика салаларының және курстарының бағыттары.

  6. Педагогикалық білім беру мәселелерінің теориялық өңдемелері

  7. Мектеп және білім беру жүйесінің реформасы барысында педагогика мазмұнының құрылымдалуы.

  8. Оқыту технологиясы

  9. Қазіргі заманғы оқытудың бағыттары.

  10. Дидактикалық шығармашылық, технологиялық шығармашылық, ұйымдастырушы шығармашылық.

  11. Модульдік оқытудың мақсаты мен ұтымдылығының шарты.

  12. Білім беру технологияларының болжамды мақсаты


Әдебиеттер тізімі.

  1. Ананьев Б.Г. Избранные психологические труды: В 2т./Под ред. А.А. Бодалева –М., 1980.

  2. Андреева А.А. Введение в дистанционное обучение. МЭСИ, 1997.

  3. Архангельский С.М. Учебный процесс в высшей школе, его закономерности основы и методы. –М.: Высшая школа, 1980.

  4. Бабанский Ю.К. Проблема повышения эффективности педагогических исследований. –М., 1982.

  5. Бабанский Ю.К. Рациональная организация учебной деятельности. –М.: Знание, 1981.

  6. Бабанский Ю.К. Методы обучения в современной общеобразовательной школе. –М.: Просвещение, 1985.

  7. Банаский Ю.К. Педагогический процесс // Избр. пед . труды/ Сост. М.Ю. Бабанский. –М., 1989.

  8. Безрукова В.С. Педагогика. –Екатеринбург, 1994.

  9. Бершадский А.М., Краевский И.Г. Дистанционное образование на базе новых ИТ. –Пенза, 1997.

  10. Блауберг И.В., Юдин Э.Г. Становление и сущность системного подхода. –М., 1973.

  11. Бреслав Т.Е. Эмоциональные особенности формирования личности в детстве: Норма и отклонение. Педагогика –М., 1990.

  12. Введенская Л.А., Павлов Л.Т. Культура и искусство речи. –Ростов н/Д, 1996.

  13. Введение в научное исследование по педагогике /Под ред. В.И. Журавлев. М., 1988.

  14. Габай Т.В. Учебная деятельность и ее сресдства. –М., 1988.

  15. Гамаюнов К.К. Самостоятельная работа студентов. Методические рекомендации преподавателям. –Л., 1988.

  16. Гершунский Б.С. Прогностические методы в педагогике. –Киев, 1974.

  17. Гордин Л.Ю. Организация классного коллектива. –М., 1984.

  18. Готт В.С. Категории современной науки. –М., 1984.

  19. Грабарь М.И., Краснянская К.А. Психология высшей школы. –Минск, 1981.

  20. Дьяченко М.И., Кандыбович Л.А. Психология высшей школы. –Минск, 1981.

  21. Дьяченко В.К. Сотрудничество в обучении. –М., 1984.

  22. Журавлев Е.М. Педагогика в системе наук о человеке. –М., 1984.

  23. Закон РК «Об образовании» -Алматы, 1992.

  24. Занков Л.В. Дидактика и жизнь //Избран. Труды. М., 1990.

  25. Загвязинский В.И. Методология и методика дидактического исследования. –М., 1982.

  26. Загвязинский В.И. Педагогическое предвидение. –М., 1987.

  27. Зотов Ю.Б. Организация современного урока./ Под ред. П.И. Пидкасистого –М.: Просвещение, 1984.

  28. Ильин В.В., Кадинкин А.Г. Природа науки. –М., 1985.

  29. Ильин В.С. Формирование личности школьника. –М., 1984.

  30. Ильин Е.Н. Рождение урока. –М.: Педагогика, 1986.

  31. Ильина Т.А. Педагогика. –М.: Просвещение, 1984.

  32. Канн –Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество. –М., 1990.

  33. Каптерев П.Ф. Педагогический процесс //Избр. пед. соч./Под. Ред. А.М. Арсеньев.-М., 1989

  34. Козаржевский А.Ч. Мастерство устной речи лектора. М.: МГУ, 1988.

  35. Краевский В.В. Методология педагогического исследования. Самара, 1994.

  36. Кузьмина Н.В. Профессионализм деятельности преподавателя и мастера производственного обучения. –М., 1990.

  37. Куписевич И. Основы общей дидактики. –М., 1986.

  38. Леднев В.С. Содержание образования. –М., 1986.

  39. Лернер И.Я. Дидактические основы методов обучения. –М., 1981.

  40. Лернер И.Я. Процесс обучения и его закономерности. –М.: Знание, 1980.

  41. Махмутов М.И. Проблемное обучение. –М., 1975.

  42. Мигренко Г.С. Педагогика высшей школы. Новосибирск, 1992.

  43. Мищенко А.И. Педагогический процесс как целостное явление. –М., 1993.

  44. Нонан Э. Студент как личность //Высш. Образование в Европе, 1994.

  45. Основы педагогики и психологии высшей школы/ Под. Ред. А.В. Петровского. –М., 1986.

  46. Основы педагогического мастерства. –Киев, 1987.

  47. Педагогика /Под ред. П.И. Пидкасистого. –М., 1995.

  48. Психология профессиональной подготовки. СПб, 1993.

  49. Решетова З.А. Психологические основы профессионального обучения. –МГУ, 1985.

  50. Садовский В.Н. Обоснование общей теории систем. –М., 1974.

  51. Скаткин М.Н. Методология и методика педагогического исследования. –М., 1986.

  52. Рогинский В.М. Азбука педагогического труда. –М., 1990.

  53. Хуторский А.В. Современная дидактика. –СПб: Питер, 2001

  54. Шапоринский С.А. Обучение и научное познание. –М., 1981.

  55. Шевченко С.Д. Школьный урок: Как научить каждого. –М., 1991.

  56. Юсупов И.М. Психология взаимопонимания. –Казань, 1991.

  57. Янушевич Ф. Технологии обучения системе высшего образования. –М., 1984.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет