Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы
_____________Н.К. Қасимов
2016 жылғы_______________
№____ -Ө бұйрығы
Тендер құжаттамасы
Тендер ұйымдастырушысымен 2016 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша облыстық бюджет қаражаттарынан «Павлодар облыстық қан орталығы» ҚКМК үшін донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР мен ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу жөніндегі тендерге тендерлік өтінімдерді дайындау және қатысу үшін әлеуетті жеткізушілерге ұсынылады.
Тендер ұйымдастырушысы - Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасымен 2016 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша облыстық бюджет қаражаттарынан «Павлодар облыстық қан орталығы» ҚКМК үшін донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және полимераздық тізбелік реакция (бұдан әрі - ПТР) мен иммунохемилюминесцентті анализ (бұдан әрі - ИХЛА) әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу жөніндегі тендерлік өтінімдерді дайындау үшін әлеуетті жеткізушілерге әлеуетті өнім берушілерге ұсынылатын осы Тендер құжаттамасы (әрі қарай-Тендер құжаттамасы) «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» (әрі қарай-Ереже) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы N 1729 Қаулысына сәйкес әзірленді және тендерді өткізудің шарттары мен тәртібін қамтиды.
1-тарау. Кіріспе
Тендердің заты
1.Осы тендер құжаттамасы әлеуетті жеткізушілерге тендер құжаттамасын даярлау үшін 2016 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша облыстық бюджет қаражаттарынан «Павлодар облыстық қан орталығы» ҚКМК үшін донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу жөніндегі тендерді өткізудің шарттары мен тәртібі туралы толық ақпарат ұсыну мақсатымен әзірленді.
2.Тендер 2016 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша облыстық бюджет қаражаттарынан «Павлодар облыстық қан орталығы» ҚКМК үшін донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) (лоттар бойынша) сатып алу жөніндегі осы тендер құжаттамасынң 2-қосымшасына сәйкес жеткізушілерді анықтау мақсатымен өткізіледі.
3.«Павлодар облыстық қан орталығы» ҚКМК үшін донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған сатып алынатын медициналық мақсаттағы бұйымдардың (шығын материалдардың) толық тізімі осы тендер құжаттамасының 2-қосымшасында беріледі.
4. «Павлодар облыстық қан орталығы» ҚКМК үшін донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу жөніндегі тендер ұйымдастырушысы – Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы болып табылады.
Тапсырыс беруші «Павлодар облыстық қан орталығы» ҚКМК болып табылады.
2-тарау. Тендер құжаттамасы
Тендер құжаттамасының мазмұны
5. Осы тендер құжаттамасы мынаны қамтиды:
1) 2016 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша облыстық бюджет қаражаттарынан донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу жөніндегі тендерге қатысу үшін тендер құжаттамасының 3- тарауында аталған әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптары;
2) тендер құжаттамасының 3- тарауында аталған сатып алынатын донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарға (шығын материалдарға) қойылатын талаптар;
3) донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдардың (шығын материалдардың) тізімі және көлемі (саны), әр бір лот бойынша атып алуға бөлінген соммалар (қосымша №2);
4) донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдардың (шығын материалдардың) сипаттамасы, техникалық ерекшеліктермен қоса (№3 қосымша) қажетті техникалық және сапа сипаттамалары.
5)жеткізуде талап етілетін мерзімдер мен шарттар, орны;
6)төлем шарты және сатып алу туралы шарттың жобасы;
7) бағада тасымалдауға және сақтандыруға шығыстарды, кедендік баждарын, салықтарды, алымдарды және тауарлардың құнынан басқа өзге де төлемдерге шығыстар сияқты элементтердің қамтылуына қатысты нұсқауларды қоса алғанда, тендерлік өтінімнің бағасын есептеу тәсілдері мен әдістемесі;
8) тендерлік өтінімнің бағасы көрсетілуі тиіс валюта немесе валюталар, тендерлік өтінімдер бағаларын оларды салыстыру және бағалау мақсатында бірыңғай валютаға келтіру үшін қолданылатын курс тендер құжаттамасының 6- тарауында аталған;
9) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасына сәйкес тендерлік өтінімді, сатып алу туралы шарттарды құру және ұсыну тіліне қойылатын талаптар тендер құжаттамасының 8- тарауында аталған;
10)тендерлік өтінімді ресімдеуге қойылатын талаптар;
11) тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізу тәртібі, нысаны, мерзімдері;
12) тендерлік өтінімді ұсынудың аяқталу мерзіміне дейін тендерлік өтінімді өзгертуге немесе қайтарып алуға өнім берушінің мүмкіндігін көрсету
13) тендерлік өтінімді ұсынудың орны мен соңғы мерзімі және олардың қолданылу мерзімі;
14) тендерлік құжаттаманың мазмұны бойынша әлеуетті өнім берушілер түсініктеме сұрай алатын тәсілдер, сондай-ақ аталған кезеңде тендерді ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілермен ашық нысанда өтетін және хаттамаланатын кездесу өткізуге ниеті туралы хабарлама;
15) тендерлік өтінімдерімен коверттерді ашу орны, күні және уақыты;
16) тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу және тендерлік өтінімдерді қарау кезінде пайдаланылатын рәсімдер;
17) әлеуетті өнім берушілер - отандық тауар өндірушілерге басымдық беру туралы шарт;
18) сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етуді енгізу шарты, нысаны, көлемі мен тәсілі.
6. Сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерді ұйымдастырушы бір текті тауарларды оларды жеткізу орны бойынша лоттарға бөле алады.
Бір текті тауарлардың бірнеше түрлерін сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерді ұйымдастырушы тауарлардың бір текті түрлері бойынша және (немесе) оларды жеткізу орны бойынша оларды лоттарға бөле алады.
7. Әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушыдан тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін он күнтізбелік күннен кешіктірмей тендерлік құжаттамаға түсініктеме сұрауға құқылы. Тендерді ұйымдастырушы өтінімді алған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей сұраным жасаған авторды көрсетпей тендерлік құжаттама берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге тиісті түсініктеме жіберуі тиіс.
8. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімді ұсынудың соңғы мерзіміне дейін жеті күнтізбелік күннен кешіктірмей жеке бастамасымен немесе әлеуетті өнім берушілердің сұранымына жауапқа тендерлік құжаттамаға өзгерістер енгізуге құқылы.
Енгізілген өзгерістердің міндетті күші болады және олар туралы тендерлік, құжаттама берілген барлық әлеуетті өнім берушілерге дереу хабарланады. Бұл ретте тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімдердегі осы өзгерістерді әлеуетті өнім берушілердің есепке алуы үшін тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімін кемінде бес жұмыс күніне ұзартады.
9. Сатып алуды ұйымдастырушы немесе бірыңғай дистрибьютор денсаулық саласындағы уәкілетті орган көздеген тәртіппен және мерзімдерде қалыптастырған дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың жосықсыз әлеуетті өнім берушілерінің тізбесі заңды күшіне енген сот шешімдерінің негізінде денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органға оның интернет-ресурсында орналастыру үшін жіберіледі.
3-тарау
Донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алған кезде әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптар
10. 2016 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша облыстық бюджет қаражаттарынан донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу бойынша тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім беруші мынадай біліктілік талаптарға сай болу қажет:
1) фармацевтикалық қызметпен айналысуға құқығын растайтын лицензияның бар болуы және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарламасының көшірмесі немесе электрондық құжат нысанындағы талоны;
2) кәсіби біліктіліктің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының фармацевтикалық рыногында бір жылдан кем емес жұмыс өтілінің бар болуы (осы талап өнім шығарушыларға таралмайды);
3) жасалған шарттар бойынша міндетемелерді орындау үшін қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының бар болуы;
4) шарттар жасасу үшін азаматтық құқықтық қабілеттілікті меңгеру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес сатып алуды өткізу сәтіне төлем төлеуге қабілетті болу, таратылуға жатқызылмауға тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатылмауға тиіс;
6) жосықсыз әлеуетті өнім берушілердің (өнім берушілердің) тізбесінде болмауы;
7) донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу үшін ұсынылатын өндіруші не болмаса өндірушінің ресми өкіл мәртебесіне ие болуы керек. Өндірушінің ресми өкіл мәртбесіне ие донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдардың (шығын материалдардың) әлеуетті жеткізушісі тендердің бір лоты бойынша ПТР зерттемесі үшін шығын материалдың бір өндірушісін ұсынады.
8) үш айдан асатын мерзімде салық берешегі болмауы тиіс.
11. Әлеуетті өнім шығарушы біліктілік талаптарға сай болуын растау үшін сатып алуды ұйымдастырушыға осы Құжаттаманың 5 тарауының 18 тармағымен қарастырылған құжаттарды ұсынады.
12. Сатып алуды ұйымдастырушыда әлеуетті өнім шығарушыдан осы тараумен қарастырылмаған біліктілік талаптарды талап етуге құқығы жоқ.
4-тарау
Тендерде сатып алынатын донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарына (шығын материалдарына) қойылатын талаптар
13. Сатып алынатын донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарына (шығын материалдарына) қойылатын талаптар :
1) донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар (шығын материалдар) Қазақстан Республикасында тіркелген болуы және Кодекске және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік тіркеу тәртібіне сәйкес қолдануға дайын болуы тиіс;
2) төмен температураларда сақтауды және мұзданудан сақтауды талап ететін донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар (шығын материалдар) тиеу пунктінен тұтынушының соңғы пунктіне дейін сақтауды қамтамасыз етуге арналған арнайы ыдыстарда сақталуы және тасымалдануы тиіс;
3) донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) таңбалау, тұтынушылық қаптамалау және қолдану жөніндегі нұсқаулық Кодекстің және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіптің талаптарына сәйкес болуы тиіс;
4) кемінде екі жыл жалпы жарамдылық мерзімі бар донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар (шығын материалдар) үшін жеткізу сәтіне жарамдылықтың қалған мерзімі жалпы жарамдылық мерзімінің кемінде елу пайызын құрауы тиіс. Кемінде екі жыл жалпы жарамдылық мерзімі бар донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдары (шығын материалдары) үшін жеткізу сәтіне жарамдылықтың қалған мерзімі он екі айдан кем болмау керек.
14. Сатып алуды ұйымдастырушыда сатып алынатын донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарға (шығын материалдарға) осы тараумен қарастырылмаған талаптарды талап етуге құқығы жоқ.
5-тарау
Тендерлік өтінімдердің қолданылу мерзімі, мазмұны, оларды ұсыну, өзгерту және қайтарып алу
15.Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін тендерлік құжаттамаға сәйкес жасалған тендерлік өтінімді мөрленген түрде тендерді ұйымдастырушыға ұсынады. Тендер өтінімдері тендер ұйымдастырушысына қолма-қол немесе почта арқылы ұсынылады: 2016 жылғы 30 мамыр күні сағат 10.00. дейін, мекенжайы: Павлодар қаласы, И. Байзақов к-сі, 151/2, 4 қабат, 410 кабинет, лицензиялау және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімі.
16.Тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғаннан кейін ұсынылған тендерлік өтінімдер ашылмайды және оны ұсынған әлеуетті өнім берушіге қайтарылады.
17.Тендерге қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынған тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімі қырық бес күнтізбелік күннен кем болмауы тиіс. Қолданылу мерзімі тендер шартында көрсетілген мерзімнен қысқа тендерлік өтінім қайтарылады.
18.Тендерге қатысуға ниет білдірген әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімі мыналарды қамтуы тиіс:
1) осы Құжаттаманың 1-қосымшаға сәйкес тендерге қатысуға өтінім. осы Құжаттаманың №6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтінімге қоса берілетін құжаттардың тізімдемесі электрондық нұсқада міндетті түрде беріледі;
2) тендер құжаттамасының 3 тарауына көрсетілген әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:
көтерме, бөлшек саудада өткізуге әлеуетті өнім берушінің құқығын растайтын лицензиялардың көшірмелері және (немесе) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның хабарламаны қабылдау туралы талоны немесе халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдау туралы белгісі бар хабарламасының көшірмесі немесе медициналық техниканы және медициналық мақсаттағы бұйымдарды көтерме, бөлшек саудада өткізуге электрондық құжат нысанындағы талоны;
Тиісті мемлекеттік орган (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін) берген, заңды тұлғаның білімінсіз кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға құқық беретін құжаттың нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалардың соңғы қаржы жылындағы аудиторлық есебінің түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі. Егер конверттерді ашу ағымдағы жылдың 1 маусымына дейінгі мерзімде жүргізілген жағдайда, соңғы қаржы жылының алдындағы қаржы жылындағы аудиторлық есептің түпнұсқасы нотариаттық куәландырылған көшірмесі;
заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);
заңды тұлға үшін Жарғының нотариаттық куәландырылған көшірмесі (егер Жарғыда құрылтайшылардың, қатысушылардың немесе акционерлердің құрамы көрсетілмеген жағдайда, акцияларды ұстаушылардың тізілімінен үзінді көшірме немесе құрылтайшылардың, қатысушылардың құрамы туралы үзінді көшірме немесе құрылтай шартының нотариаттық куәландырылған көшірмесі);
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес төлем мерзімі ұзартылған жағдайларды қоспағанда, тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірілмей берілген үш айдан асқан салық төлеушінің Қазақстан Республикасы бойынша салық берешегінің, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар бойынша берешегінің жоқ (бар) екені туралы тиісті салық органының белгіленген нысандағы анықтамасының салық органының басшысы не орынбасары қол қойған және аталған салық органының мөрімен бекітілген түпнұсқасы. Көрсетілген анықтама электрондық түрде берілген кезде уәкілетті органның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталады;
Әлеуетті өнім беруге қызмет көрсетілетін банктің немесе банк филиалының қолы және мөрі бар әлеуетті өнім берушінің осы Ережеге 8-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі басқармасының қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы және «Қазақстанның даму банкі» акционерлік қоғамындағы бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспарына сәйкес банктің немесе банк филиалының алдындағы міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам созылған мерзімі өткен берешектің жоқтығы туралы анықтаманың түпнұсқасы (егер әлеуетті өнім беруші бірнеше банктің немесе банк филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, бұл анықтама осындай банктердің немесе банк фидиалдарының әрқайсысынан ұсынылады). Анықтама тендірлік өтінімдер салынған конверттерді ашу күнінің алдындағы бір айдан кешіктірмей берлуі тиіс. Анықтамаға қол қойған лауазымды тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттың болмауы осындай әлеуетті өнім берушіні біліктілік талаптарына сәйкес емес деп тану үшін негіздеме болып табылмайды;
біліктілігі, мамандығы бойынша жұмыс өтілі көрсетіле отырып, мамандардың болуы және саны туралы мәлімет;
егер әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмаса және Қазақстан Республикасының салық төлеушісі ретінде тіркелмеген жағдайда, Қазақстан Республикасының салық органынан осы әлеуетті өнім берушінің Қазақстан Республикасының резиденті еместігі және салық есебіне тұрмайтыны туралы анықтаманың түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі беріледі.
3) осы Құжаттаманың 8-қосымшасына сәйкес жеткізілетін донорлық қанды даярлаудың, қайта өндіруді және гематологиялық зерттеуді, ПБС-зерттеулердің скринингін өткізуге арналған шығын материалдар үшін қосалқы қызметтердің құнын қоса алғанда, түпкі бағасын құрайтын, әлеуетті өнім берушінің барлық нақты шығындары қамтылуға тиіс әлеуетті өнім беруші ұсынатын баға кестесі;
4) ұсынылатын тауардың нақты техникалық сипаттамасы көрсетілген қағаз тасығыштағы техникалық ерекшеліктер;
5) ұсынылатын қосалқы қызметтер;
6) тендерлік өтінімді қамтамасыз етуді енгізуді растайтын құжаттардың түпнұсқасы;
7) ұсынылатын донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдардың (шығын материалдардың) осы Құжаттамада көзделген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттар;
денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен белгіленген донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдардың (шығын материалдардың) мемлекеттік тіркелуін растайтын нотариат куәландырған көшірмелері;
төмен температураларда сақтауды және мұзданудан сақтауды талап ететін донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар (шығын материалдар) тиеу пунктінен тұтынушының соңғы пунктіне дейін сақтауды қамтамасыз етуге арналған арнайы ыдыстарда сақталуы және тасымалдануы туралы кепіл-хат;
донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар (шығын материалдар) үшін жеткізу сәтіне жарамдылықтың қалған мерзімінің жалпы жарамдылық мерзіміне сәйкес болу туралы кепіл-хат;
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау органдары берген «суыту тізбегі» болуы қажет болған жағдайда дәрілік заттар айналымы саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері берген дәрілік заттарды сақтау мен тасымалдау үшін жағдайдың бар-жоғын тексеру актісі (актілер өтінімдер салынған конверттерді ашу күніне дейін бір жылдан кешіктірілмей берілуі тиіс);
тендерлік құжаттамаға сәйкес ұсыну үшін қажетті басқа да құжаттар:
осы Құжаттаманың 2 қосымшасына сәйкс донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдардың (шығын материалдардың) тізімі мен көлемі,
соттың заңды күшіне енген шешімінің негізінде фармацевтикалық қызметтерді сатып алу туралы соңғы екі жыл ішінде жасасқан шарттар бойынша өзінің міндеттемелерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілікке тартылмаған болуы тиіс;
19. Дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және/немесе медициналық мақсаттағы бұйымдардың әлеуетті өнім берушісінің тендерлік өтінімінде осы Құжаттаманың 18-тармағында көзделген құжаттардан басқа мына құжаттар болуы тиіс.
1) нотариаттық куәландырыыған шарттар көшірмелері (донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) өндірушілермен не болмаса өндірушінің ресми өкілдерімен донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдар (шығын материалдар) көлемі мен тізбесін көрсете отырып);
1-1) сауда атаулары бойынша тендерлік өтінімдермен бірге конверттерді ашы күні өткен бірыңғай дистрибьютор жүргізетін донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу үшін ұсынылатын , ағымдағы жылы берілген өндіруші не болмаса өндірушінің ресми өкіл мәртебесін растайтын құжаттар түпнұсқасы немесе нотариаттық куәландырылған көшірмесі (ұажет болған жағдайда сонымен бірге нотариаттық куәландырылған аудармасы);
1-2) өндірушімен немесе өндіруші зауытпен расталған донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) жеткізу кестесі тіркеу куәлігіне сәйкес;
Тапсырыс берушілермен жасалған шарттарға және сатып ау шартында берілген жеткізу кестесіне сәйкес лоттар бойынша жеткізудің орны мен мерзімі.
20. Әлеуетті өнім берушінің тендер өтінімін тапсыру мерзімі аяқталғанға дейін жазбаша өтініші бойынша өз тендерлік өтінімін өзгертуге немесе қайтаруға құқылы. Сонымен қатар, ол тендер өтінімін қамтамасыз ететін кепілді қайтаруға құқылы:
Әлеуетті өнім берушінің тендер өтінімін қайтарып алу туралы тендер ұйымдастырушысына жіберілетін жазбаша өтініші тендер өтінімдерін ұсынудың соңғы мерзімінен кешіктірмей мерзімде жолдану тиіс.
21.Тендер өтінімін тапсырудың мерзімі аяқталғаннан кейін, тендер өтінімідеріне өзгерістерді енгізуге болмайды.
22.Әлеуетті өнім берушімен ұсынылатын тендер өтінімі тігілген, беттері нөмірленген, соңғы парағы мөрмен расталған болуы тиіс.
23.Тендерлік өтінімнің техникалық өзіндік ерекшелігі (тігілген түрде, беттері нөмірленген, соңғы беті заңды тұлғаның немесе кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғаның қолымен және мөрімен бекітілген болуы тиіс), кепілдікті қамтамасыз етудің түпнұсқасы тендерлік өтінімге жеке қоса беріледі және осы Құжаттаманың 24 тармағына сәйкес ресімделген тендерлік өтініммен бір конвертке салынып, жабылады.
24. Тендерлік өтінім басылуы немесе өшірілмейтін сиямен жазылуы және оған әлеуетті өнім беруші қол қоюы тиіс.
25.Тендерлік өтінімде әлеуетті өнім берушінің грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болатын жағдайларды қоспағанда, жолдар арасында ешқандай өндірме, өшірілген сөздер немесе толықтырулар болмауы тиіс.
26. Әлеуетті өнім беруші тендерге қатысуға өтінімді конвертке желімдейді. Конвертте әлеуетті өнім берушінің атауы мен заңды мекен-жайы көрсетілуі тиіс. Конверт Павлодар қаласы, Иса Байзақов к-сі, 151/2, 4 қабат, 410 каб. «Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасы» лицензиялау және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөліміне жіберілуі және мынадай жазулар болуы тиіс: 2016 жылға арналған тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсету бойынша облыстық бюджет қаражаттарынан «Павлодар облыстық қан орталығы» ҚКМК үшін донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу жөніндегі тендер ".
"2016 жылғы 30 мамырда сағат 12.00. дейін ашпаңыз".
6-тарау
Тендер өтінімі мен төлемнің валютасы.
27. Әлеуетті өнім берушілердің тендер өтінімдерінің бағалары теңгеде болу тиіс.
28. Әлеуетті өнім берушілердің төлемі іс-жүзінде бюджет қаражаттарының бөлуіне қарай жүзеге асырылады.
7-тарау
Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету
29. Әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінімді берген кезде сатып алынатын донорлық қанды даярлау, қайта өндіру және гематологиялық зерттеуін, ПБС-зерттеулердің скринингін өткізуге арналған шығын материалдарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу үшін бөлінген сомадан үш пайыз мөлшерінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, тендерді тендер құжаттамасында көзделген шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған лоттар бойынша бір мезгілде кепілді міндеттеме енгізеді.
30.Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету:
1) банкте орналастырылатын ақшалай кепілдік;
2) Осы құжаттаманың 9 қосымшасына сәйкес банктік кепілдік.
Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші ақшалай кепілдік түрінде тендерді ұйымдастырушының «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі БСН 940740000674, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ620705022533001001, Павлодар облысы бойынша қазынашылық департаменті, ММ коды 2533001 тиісті шотына енгізеді.
31.Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етудің қолданылу мерзімі тендерлік өтінімнің қолданылу мерзімінен кем болмауы тиіс.
32. Тендерді ұйымдастырушы тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді бес жұмыс күні ішінде туындаған мынадай жағдайларда:
1) тендер жеңімпазын қоспағанда, тендерлік өтінімнің мерзімі асқан;
2) әлеуетті өнім берушінің тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі аяқталғанға дейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алған;
3) тендерлік өтінім тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес емес деп қабылдамаған;
4) басқа өнім беруші тендер жеңімпазы деп танылған кезде;
5) тендер жеңімпазы анықталмастан, сатып алу рәсімдері тоқтатылған;
6) сатып алу туралы шарттың күшіне енуі және тендерлік құжаттамада көзделген сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді тендер жеңімпазының енгізу сәтінен бастап кері қайтарады.
33. Тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз ету тендерлік өтінімді ұсынған және оны қамтамасыз ету, егер әлеуетті өнім беруші:
1) тендерлік өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі асқаннан кейін тендерлік өтінімді кері қайтарып алса немесе өзгертсе;
2) тендер жеңімпазы болып анықталса, бірақ сатып алу туралы уақтылы шарт жасаспаған жағдайларда әлеуетті өнім берушіге қайтарылмайды.
34. Тендерлік өтінімді ұсынған кезде бір мезгілде шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілер сатып алынатын дәрілік заттардың, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техникасының, фармацевтикалық қызметтер құнының бір жарым пайызы мөлшерінде тендерлік құжаттамада көзделген тәсілімен және шарттарда оның тендерлік өтінімінде ұсынылған нысанда тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізеді.
8-тарау
Тендер құжаттамасының тілі
35. Әлеуетті өнім берушімен дайындалған тендер өтінімі, сондай-ақ тендер өтініміне қатысты барлық хат-хабарлар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тілде әзірленеді және ұсынылады. Әлеуетті өнім берушімен ұсынылатын қосымша құжаттар мен баспа әдебиеттер, басқа тілде әзірлені мүмкін, бірақ тендер өтініміне қоса тиісті тараулардың нотариуспен расталған нақты аудармасы ұсынылу қажет.
9-тарау
Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу
36. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді тендерлік комиссия Павлодар қаласы, Иса Байзақов к-сі, 151/2 мәжіліс- залында 2016 жылғы 30 мамырда сағат 12.00-де ашады. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде әлеуетті өнім берушілер не олардың уәкілетті өкілдері қатысуға құқылы.
37. Тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу кезінде тендерлік комиссияның хатшысы қатысушы тұлғаларға тендерге қатысушы әлеуетті өнім берушілердің атауы мен мекен-жайын, олардың ұсынған бағаларын, жеткізу және төлеу шарттарын, егер құжатта көрсетілген болса өтінімдерін кері қайтару және өзгерістер, тендерлік өтінімді құрайтын құжаттардың болуы туралы ақпаратты хабарлайды және аталған ақпаратты тендерлік өтінімдер салынған конверттерді ашу хаттамасына тіркейді
10-тарау
Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру
38. Тендерлік өтінімдерді бағалау және салыстыру кезінде:
1) тендерлік комиссия әлеуетті өнім берушілерден олардың тендерлік өтінімдеріне байланысты тендерге қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды жеңілдету үшін түсіндірулерді сұратуға құқылы;
2) біліктілік талаптары мен тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келмейтін тендерлік өтінімдерді осы талаптарға сәйкес келтіру үшін сұратуларға, ұсыныстарға немесе толықтыруларға жол берілмейді.
39. Тендерлік комиссия, егер:
1) әлеуетті өнім беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмесе;
2) тендерлік құжаттамада көзделген нысанда, көлемде және шарттарда тендерлік өтінімді кепілдікті қамтамасыз етуді енгізбесе;
3) осы тендерлік өтінім тендерлік құжаттаманың талаптарына сәйкес келмесе;
4) әлеуетті өнім берушілердің тендерлік өтінімдерінің бағасы сатып алу үшін бөлінген сомадан артық болса, тендерлік өтінімді қабылдамайды;
40. Тендерлік комиссия мынадай жағдайларда:
1) осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, тендерге қатысу үшін біліктілік талаптарын қанағаттандырған екіден кем әлеуетті өнім беруші тендерлік өтінім бергенде;
2) барлық ұсынылған тендерлік өтінімдер тендерлік құжаттаманың талаптарына сай келмейді деп қабылдамағанда;
3) тендерге қатысуға тек бір әлеуетті өнім беруші ғана өтінім берсе, тендерді тұтастай немесе оның қандай да бір лоты өтпей қалды деп таниды.
41. Егер тендер тұтастай немесе оның қандай да бір лоты өтпей қалды деп танылса, тендерді ұйымдастырушы қажет болған жағдайда тендердің шарттарын өзгертеді және тендерді қайта өткізеді.
42. Тендерлік комиссия тендерге қатысу үшін қабылданған тендерлік өтінімдерді бағалайды және салыстырады әрі ең төмен баға негізінде жеңімпаз өтінімді айқындайды.
43. Тендерлік комиссия тендерлік өтінімдер салынған конверттер ашылған күнінен бастап он күнтізбелік күн ішінде тендер қорытындысының хаттамасын ресімдеу жолымен тендер қорытындысын шығарады.
44. Тендерге қатысқан әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тендер қорытындысына шағым жасай алады.
11- тарау
Отандық тауар өндірушіні қолдау
45. Егер донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу кезінде әлеуетті өнім берушілер ретінде тек сол бір лот бойынша екі және одан көп отандық тауар өндірушілер қатысқан жағдайда, онда тапсырыс беруші осы лот бойынша отандық тауар өндірушілердің ғана баға ұсыныстарын қарайды.
46. Егер тендерде қандай да бір лот бойынша отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін бір өтінімі берілсе немесе әлеуетті өнім берушінің екі және одан көп өтінімі берілсе, оның біреуі - отандық тауар өндіруші болып табылатын әлеуетті өнім берушінің осы Құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін өтінімі болса, онда комиссия тендерді бұл лот бойынша өтпеген деп жариялайды (өтініш берілген көлем шеңберінде), ал тендерді ұйымдастырушы бір көзден сатып алу тәсілімен отандық тауар өндіруші болып табылатын осы әлеуетті өнім берушіден сатып алуға көшеді.
12-тарау
Тендер қорытындылары туралы хаттама
47. Донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) тендер тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде тендерлік комиссия тендер қорытындылары туралы хаттама ресімдейді, онда мынадай ақпараттар қамтылуға тиіс:
1) сатып алынатын донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдардың (шығын материалдардың) атауы және қысқаша сипаттамасы;
2) сатып алу үшін бөлінген сома;
3) тендерлік өтінім берген әлеуетті өнім берушілердің атауы және орналасқан жері;
4) тендерлік өтінім ұсынған әлеуетті өнім берушілердің біліктілік деректері;
5) тендерлік құжаттамаға сәйкес әрбір тендерлік өтінімнің бағасы және басқа шарттары;
6) тендерлік өтінімдерді бағалауды және салыстыруды баяндау;
7) тендерлік өтінімдер қабылданбаған жағдайда - оларды қабылдамау негіздемесі;
8) әрбір лот бойынша тендер жеңімпазының атауы мен орналасқан жері және олар бойынша жеңімпаз белгіленген шарттар;
9) әрбір лот бойынша жеңімпаз ұсынысынан кейін ұсынысының артықшылығы екінші болып табылатын тендерге қатысушының атауы мен орналасқан жері;
10) егер тендердің нәтижесінде жеңімпаз анықталмаған болса - тендерлік комиссияның осындай шешім қабылдауының негіздемесі;
11) сатып алу туралы шарт жасалуы тиіс (бірақ тендердің жеңімпазы хаттама қорытындысын алған сәттен бастап он күнтізбелік күннен аспайтын) мерзім;
12) сараптама комиссиясын тарту туралы ақпарат.
48. Тендерді ұйымдастырушы тендердің қорытындылары шыққан күнінен бастап үш күнтізбелік күн ішінде әлеуетті өнім берушілерге хабарлама және хаттама қорытындысының көшірмесін жіберу жолымен тендерге қатысқан барлық әлеуетті өнім берушілерді жазбаша хабардар етеді.
13-тарау
Сатып алу туралы шарт жасасу тәртібі
49. Тапсырыс беруші (облыс медициналық ұйымдары) тендердің қорытындылары шыққан күнінен бастап бес күнтізбелік күн ішінде әлеуетті - өнім берушіге осы Құжаттаманың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу туралы қол қойылған шартты жібереді.
50. Сатып алу туралы шарт, егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде өзгеше көзделмесе, оған тараптардың уәкілетті өкілдері қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.
51. Тендердің жеңімпазы донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПЦР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған шығын матер донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу туралы қол қойылған шартты алған сәттен бастап он жұмыс күнінің ішінде қол қояды немесе тендерді ұйымдастырушыны келіспеушіліктері туралы немесе шартқа қол қоюдан бас тартатындығы туралы жазбаша хабардар етеді.
52. Егер тендердің жеңімпазы болып танылған әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушыны келіспеушіліктері туралы хабарламай, осы Құжаттаманың 47-тармағында белгіленген мерзімде донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу туралы шартқа қол қоймаса, тендерді ұйымдастырушы жеңімпаз ұсынысынан кейін ұсынысының артықшылығы екінші болып табылатын тендердің басқа қатысушысымен сатып алу туралы шарт жасасуға құқылы, бұл тендердің қорытындысы туралы хаттамамен расталады.
53. Өнім берушіні таңдауға негіз болған (баға, сапа) ұсыныстар мазмұнын өзгерте алатын донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу шартының жобасына немесе қол қойылған сатып алу туралы шартқа немесе фармацевтикалық қызметтер көрсетуге арналған шартқа қандай да бір өзгерістер және (немесе) жаңа талаптар (бағаны азайтуды қоспағанда) енгізуге жол берілмейді.
Өнім берушіні таңдау үшін негіз болған баға мен сапасын өзгертпеген жағдайда және басқа жағдайларда донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу туралы шарттың жобасына сатып алу көлемін өзгерту бөлігінде өзгерістер енгізуге жол беріледі
54. Тендерді ұйымдастырушы сатып алу туралы шартқа қол қойылғанға дейін шарт сомасын азайту мақсатында тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушімен келіссөз жүргізуге құқылы. Әлеуетті өнім беруші мұндай азайтуға келіспеуге құқылы, бұл ретте тендерді ұйымдастырушының донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдарды (шығын материалдарды) сатып алу бойынша тендердің жеңімпазы деп танылған әлеуетті өнім берушімен шартқа қол қоюдан бас тартуға құқығы жоқ.
Егер сатып алу туралы шартты орындау үдерісінде осыған ұқсас сатып алынатын донорлық қанның иммунологиялық және инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және ПТР және ИХЛА әдістерімен зерттеу арқылы донорлық қанды скринингтеуге арналған медициналық мақсаттағы бұйымдардың (шығын материалдардың) бағалары азаю жағына өзгерген жағдайда тендерді ұйымдастырушы мен өнім берушінің өзара келісімі бойынша сатып алу туралы шартқа осы тармақтың ережелері ескеріле отырып, тиісті өзгерістер енгізілуі мүмкін.
14-тарау
Сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз етуді енгізу тәртібі
55. Сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету мынадай түрде ұсынылуы мүмкін:
1) банкте орналастырылатын ақшалай кепілдік;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес берілген банк кепілдігі.
Ақшалай кепілдік түрінде шарттың орындалуын қамтамасыз етуді әлеуетті өнім беруші тендерді ұйымдастырушының тиісті шотына салады: «Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасы» ММ-сі БСН 940740000674, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ620705022533001001, Павлодар облысы бойынша Қазынашылық департаменті. ММ коды 2533001.
Сатып алу туралы шартты орындауды қамтамасыз ету мөлшері шарттың жалпы сомасының үш пайызын құрайды.
Егер шарттың сомасы тиісті қаржы жылына екі мың есе айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспаған жағдайда, шартты орындауды қамтамасыз ету енгізілмейді.
56. Егер тендерлік құжаттамада тендерді ұйымдастырушы мемлекеттік мекеменің атынан шарттың орындалуын қамтамасыз етуді ақшалай кепілдік түрінде енгізуді көздесе, онда олар тендерлік құжаттаманың 5 қосымшасында көрсетілген тендерді ұйымдастырушының тиісті табыс кодына салынады.
57. Шартты орындауды қамтамасыз етудің мазмұнын, нысаны мен енгізу шартын осы Құжаттамаға сәйкес тендерді ұйымдастырушы айқындайды, ол тендерлік құжаттамада көрсетіледі және сатып алу туралы шартта ескеріледі (№5-қосымша).
58. Өнім беруші сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді егер осы шартта өзгеше көзделмесе, өнім беруші шарт күшіне енгеннен кейін он жұмыс күнінің ішінде енгізеді.
Қорытынды ережелер
59. Сатып алу туралы шартты орындау үшін салынған қамтамасыз ету шартта көрсетілген мерзімде осы шарт бойынша өз міндеттемелерін өнім берушілер толық және тиісінше орындағаннан кейін, егер шартта бұл мерзім көрсетілмесе немесе өнім беруші міндеттемелерді толық орындаған сәттен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей өнім берушіге қайтарылады немесе сатып алуды ұйымдастырушы егер өнім беруші:
1) шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаса және шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе;
2) шарт бойынша өз міндеттемелерін тиісінше орындамаса (өнім беру мерзімінің бұзылуы, сапасыз дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы беру, басқа да шарт талаптарын бұзу) және шартта көзделген айыппұл санкцияларын төлемесе, өнім берушінің енгізген шартты орындауды қамтамасыз етуді ұстап қалады.
60. Сатып алуды өткізу кезінде бұзушылықтар анықталған жағдайда, сатып алуды ұйымдастырушының басшысы мұндай сатып алуды тұтастай немесе тиісті лоттар бойынша жарамсыз деп тануға құқылы.
61.Ашылған тендерлік өтінімдер әлеуетті өнім берушілерге қайтарылмайды. Ерекшелік ретінде банк кепілдігінің түпнұсқасы болуы мүмкін, бұл ретте тендерді ұйымдастырушы тендерді ұйымдастырушы растаған осы құжаттың көшірмесін сақтауға міндетті.
62 . Өткізілген сатып алу материалдары сатып алуды ұйымдастырушының тиісті іс номенклатурасында белгілеген тәртіппен сақталады.
Басшының экономикалық сұрақтары
жөніндегі орынбасары Ж.З. Ақбұзауов
Лицензиялау және дәрі-дәрмекпен
қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Р.М.Жабагина
Ұйымдастырушылық-құқықтық және
кадрлық жұмыс бөлімінің басшысы Г.О.Елтаева
Достарыңызбен бөлісу: |