Серіков Данияр, Көкшетау қаласы. Сұрақ



бет1/4
Дата22.05.2018
өлшемі0,55 Mb.
  1   2   3   4
Серіков Данияр, Көкшетау қаласы.

Сұрақ:Қайырлы күн! Мен Сізге Ақмола облысы әкімінің халық алдындағы есеп беру кездесуіне байланысты сауал қояйын деп едім. Көкшетау қаласындағы жаңа ТЭЦ құрылысына тендер қашан жүргізіледі?

Жауап: Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде Көкшетау қаласында ТЭЦ құрылысын жүргізу жобасын жүзеге асыру үшін жеке серіктесті анықтау мақсатында екі кезеңнен тұратын конкурс өткізіледі. Конкурс 2017 жылдың 28 желтоқсанында жария-ланды. 2018 жылдың 1 наурызына дейін 4 компаниядан («Девятая концессонная компания» ООО – Ресей Федерациясы; «ДЭН» ЖШС, «Zhong Mao Group Co. Ltd» ЖШС ҚХР, «Khari Group LLC» АҚШ-Түркия) ұсыныс келіп түсті. Қазіргі уақытта конкурстық комиссия қатысушылардың техникалық ұсыныстарын қарау үстінде, оның қорытындылары бойынша жекелеген серіктес белгілі болады.

Көкшетау қаласының тұрғындары.

Сұрақ:Сізге «Ескі ет комбинаты» ауданындағы Құсайынов, Вавилов көшелері мен Жайлау шағын ауданында тұратын тұрғындар хабарласып отыр. Жеті жылдан бері бізге Вавилов және онымен жалғасатын Кенесары, Құсайынов көшелерінде асфальт төселген грейдер мен жаяу жүргіншілерге арналған тротуар болады деп уәде беріп келеді. Алайда, әкімдердің жиі ауысуынан нәтиже жоқ. Бұл көшелерде 20 мыңнан астам адам тұрады. Вавилов көшесімен №21 автобус қана жүреді. Жарық жоқ. Автобус аялдамаларына да жарық орнатылмаған. Шұңқырлар мен кезбе иттерден ересек адамдар мен балаларға жүріп-тұру қиын. Қаланың шеткі аймақтарын дамыту жөнінде бағдарлама бар, бірақ, ол бізге жетпей отыр. Көшелерде қоқыс. Таксиге тапсырыс берсек, жол жоқ, қараңғы деп келмейді. Вокзал мен қалалық ауруханаға бізден бару өте қиын. ХХІ ғасырда осындай жағдайдың орын алып отырғаны өкінішті-ақ. Сізден осы мәселелерді шешуіңізді сұраймыз. Көкшетау қаласындағы жұмысыңыздан жақсы бір із қалсын. Әйтпесе, әкімдер бір есепті жиналыстан бір есепті жиналысқа дейін уәде беріп, оны орындамайды. Алдын ала алғысымызды айтамыз. Және 2018 жылғы ақпандағы өз есебіңізде жауап беруіңізді сұраймыз.

Жауап: Биылғы жылы облыстық бюджеттен Вавилов көшесіндегі Көкшетау-Зеренді автожолынан Жайлау шағын ауданына дейінгі жолды күрделі жөндеуден өткізуді бастауға облыстық бюджеттен 178 миллион теңге қаржы бөлінді. Жобаның жалпы құны – 548 миллион теңге. Күрделі жөндеу шеңберінде жарық тарту, су өткізгіш жүйелерді, тротуарларды, бордюрлерді жөндеу, жол сызығын жүргізу, жаңа аялдамаларды, жол белгілерін, бағдаршамдар мен жүргіншілер жолдарын жасап, орнату жоспарлануда. Жөндеу жұмыстарын биылғы жылы аяқтау көзделіп отыр.
Жайлау шағын ауданына маршруттық автобустардың санын көбейту мәселесі көшеге күрделі жөндеу жүргізіліп болғаннан кейін қарастырылады. Кезбе иттер мен мысықтарды аулау мен жою жеке және заңды тұлғалардың өтінімдері бойынша «Көкшеветсервис» мекемесімен іске асырылады.

Ахметжанов Аманжол, Көкшетау қаласы.

Сұрақ:Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Комиссия төрағасы ретінде Көкшетау қаласындағы көптеген зейнеткерлердің сауалын қойып отырмын (мүмкін, облыс бойынша да осылай шығар). Көкшетау қаласына көшіп келетін көптеген зейнеткерлер субъектілердің басшыларының ұрықсатынсыз бастауыш ардагерлер ұйымдарына есепке тұра алмайды. Бұл оларды қатты ренішке душар етеді және биліктегілерге теріс пікірлер қалыптасады. Мысалы, мен өзім 2009 жылы Зеренді ауданы Ақкөл ауылдық округінің әкімі қызметінен зейнет демалысына шықтым. Отбасым 1998 жылдан Көкшетау қаласында тұрады. Екі рет облыстық әкімдікке жүгіндім. Облыстық немесе қалалық әкімдіктердің бастауыш ардагерлер ұйымына есепке тұра алмаймын. Өйткені, олардың төрағалары бұл мәселені аппараттардың басшыларының рұқсатынсыз шеше алмайды. Еліміздің басқа аймақтарында ұзақ жылдар қызмет атқарған барлық зейнеткерлер өздерінің кіші Отаны – Көкшетау қаласына көшіп келгенде осындай қиындыққа тап болады. Сізден осы мәселені түбегейлі шешуіңізді сұраймын. Себебі, Сіз басқарып отырған аймақтың зейнеткерлерінің арасында қалыпты моралдық-психологиялық ахуалдық және дұрыс атмосфераның болуы белгілі бір дәрежеде осыған байланысты. Құрметпен, Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі комиссиясының төрағасы.

Жауап: Барлық ардагерлер ұйымдары қоғамдық ұйымдар болып табылады, мемлекеттің олардың қызметіне араласуына тыйым салынған.

Зейнеткерлерді есепке қою мәселелері аталған ұйымдардың ережелерімен ғана реттеледі және мүшелерінің жалпы жиналысында көпшілікпен шешіледі.

Егер сіз Көкшетау қаласының тұрғыны болсаңыз және осында тіркеуде тұрсаңыз, қалалық ардагерлер кеңесі бұл мәселені оң шеше алады және сізді бастауыш ұйымдардың біріне тіркейді деп ойлаймын. Бұл үшін сізге өтінішпен 25-76-39 телефоны бойынша Көкшетау қалалық ардагерлер кеңесіне (Әлиев Ш.Ш., Соломина В.А.) хабарласуыңызға болады.


Ирина Нусс, Көкшетау қаласы.

Сұрақ:Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы екі сұрағым бар.

1.Сенченконы қамқоршы ретінде тану жөнінде Көкшетау қалалық қамқоршылық органдарының шешімі қаншалықты заңды (бала сірке суымен уланғаннан кейін облыстық ауруханаға жатқызылды)? Кейін аналық құқығынан айырылған мамасын полиция қызметкерлері облыс орталығының көшелерінде топталып зорлау әрекетінен кейін бала тұратын мекен-жайға жеткізген.

2.Көкшетау қаласында мен тұратын Гагарин көшесіндегі 69 үйде кәсіпкер балалар алаңын жасады. Ол жаман емес. Солай бола тұра әкім неге жаңасын жоспарлаған. Ол тиісті аттестаттаудан өткізілді ме?

Жауап:

1.Сенченко Валентина Александровна туыстық қарым-қатынасына байланысты (балалардың әжесі) кәмелетке толмаған үш баланың қамқоршысы болып тағайындалды.

Баланың сірке суымен улануы бақытсыз жағдайдың салдарынан орын алды. Қазіргі уақытта баланың жағдайы қанағаттанарлық. Кәмелетке толмағандар үшін тиісті жағдайлар жасалған.Енді аналық құқығынан айырылған балалардың анасына (Тихонова Т.В.) келсек, 2017 жылдың желтоқсанында ол расында да полиция қызметкерлерімен В.А.Сенченконың үйіне (өзінің анасы) жеткізілген. Өйткені, ол сонда тіркелген және тұрақты тұратын жері жоқ.

2.Балалар алаңын ауыстыру мәселесі сіздің аулада тұратын тұрғындардың бірнеше мәрте білдірген өтініштері бойынша туындап отыр.Аталған шешімді Көкшетау қаласының әкімі жеке өзі қабылдаған жоқ. Балалардың ойын және спорт алаңдарының орналасатын жері қалалық мәслихат депутаттарымен келісіледі.



Вера Жузанова, Көкшетау қаласы.

Сұрақ:Сәлеметсіз бе? Орталықтандырылған газ автогородокқа қашан келеді? Біздің үйде 70 пәтер – 70 газ баллоны. Оттың ортасында отырмыз.

Жауап: Бүгінгі күнге дейін автогородоктың бірқатар үйлері орталықтандырылған газбен қамтамасыз етілген.Юбилейный және Боровской шағын аудандарында орталықтандырылған газбен жабдықтауға 22 көп қабатты тұрғын үй қосылған (1352 пәтер).

ГРУ-ді қайта қалпына келтіру кезең-кезеңмен жүргізіледі. Өйткені, ол айтарлықтай қаржыны қажет етеді.Бұл жұмыс «Газ Қызмет», «ЭРСУ Газ Строй Сервис», «Көкшетау Транс Газ» ЖШС жеке компанияларымен жүргізілуде. Өкінішке орай, сіз өзіңіз тұратын үйдің нөмірін көрсетпепсіз. Сондықтан, онда қашан орталықтандырылатын газ болатындығын нақты атап көрсету мүмкін емес.



Андрей Рыманов, Садовый ауылы, Зеренді ауданы

Сұрақ:Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Зеренді ауданының Садовый ауылын дамыту жөнінде бірнеше сауалым бар. Жайлы орында тұрғаны (облыс орталығынан 10 шақырым), жанымызда Шағалалы су қоймасы бар екені, таза ауасы, кіретін жолдардың ыңғайлылығы, бәрі өте жақсы. Келешектегі Көкшетаудың Рублевкасы деуімізге болады. Мен өзім Көкшетауға осыдан 6 жыл бұрын көшіп келдім. Бұған бір күн де өкінбеймін. Енді билік жедел қимылдаса шешуге болатын төмендегі проблемалар туралы.

1.Судың көзінде тұрған ауылда ауыз су жоқ.

2.Негізгі магистральдан ауылға дейінгі 1,5 шақырым жол адам көргісіз.

3.Ауылда шаштараз, монша, пошта, банкомат, қарапайым демалыс орталығы сияқты әлеуметтік нысандардың бірде-біреуі жоқ. Өзім спорт саласында көп жыл жұмыс істеген адаммын. Кешенді спорттық-демалыс алаңының құрылысын жүргізуге дайынмын. Жергілікті биліктен жер сұрап едім, бәрін әдеттегідей күрделендіріп жіберді.

4.Сүт зауытының жарнамасы ашу туғызады. «Сүт экологиялық таза ауданнан». Зауыттың жанында тұрамын. Қандай отынмен жағылатыны белгісіз қазандығымен айналаның бәрін бүлдіріп болды.

5.Қоқысты шығару және қатты тұрмыстық қалдықтарды салатын контейнерлер орнату мәселесі шешілетін емес.

6.Ауылға газ тартыла ма және қашан?

Сұрақты көп қойып жатқаныма кешірім сұраймын. Ауылдың келешегі зор. Тек өз қызмет бабы бойынша жоғарыдағы мәселелермен айналысуға міндетті адамдар ширақ қимылдаса дейсің.

Жауап: 2017 жылы Садовый ауылына су құбыры желілерін тарту жөнінде жасалған жоба түзетуден өткізілуде, үстіміздегі жылдың шілде айында ол жөнінде салалық министрлікке өтінім береміз.

Негізі магистральдан ауылға дейінгі жол учаскесін жөндеу биылғы жылға жоспарланып отыр.

Кешенді спорттық-демалыс орталығын салу жөніндегі Сіздің бастамаңыз менің ойымша әрқашан қолдау табуы керек. Осыған байланысты Зеренді ауданының әкімі М.Қ.Мұстафинге аталған мәселені шешу тапсырылды.

«Milk project» ЖШС қазандығы қатты отынмен жағылады. Көмір Шұбаркөл кен орнынан «Косыгина Т.Н.» жеке кәсіпкерінен сатып алынған. Пешке басқа материалдар қолданылмайды. Қазандықта жағылған газдар екі баспалдақты тазартудан өткізіледі.

Кәсіпорын басшылығы ауылды тәртіпке келтіру мен абаттандыру жөнінен қосымша шаралар қолдану тұрғысында тұрғындардың өтініш-тілектерін қарауға дайын.

Қатты тұрмыстық қалдықтарға контейнерлер қою және қоқыстарды шығару мәселесіне келсек, ауылдық елді мекендерде қоқысты шығару шаруашылық субъектілерінің есебінен немесе тұрғындардың өз күшімен жүзеге асырылады. Сондай-ақ, бұл жұмысты елді мекендерді санитарлық тазарту, көркейту және көгалдандыру жөніндегі көктемгі-күзгі айлықтардың шеңберінде ауылдық округ әкімдіктері ұйымдастырады.

Облыстың елді мекендеріне газ тарту «Сарыарқа» Астана-Көкшетау газ құбыры құрылысының екінші кезеңі іске асырылғаннан кейін жүргізілетін болады.

Михаил Шейкин, Степногорск қаласы.

Сұрақ:Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Степногорск қаласында тұрамын және өзімнің тарихи Отаным – Бұланды ауданының Журавлевка селосына жиі барып тұрамын. Степногорскіден Журавлевкаға дейін ең тиімді жол Ақкөл қаласы, одан әрі Ақкөл орман шаруашылығы арқылы және Макинск-Астраханка тас жолының қиылысына дейінгі жол. Соңғы 5-6 жылда мен туған ауылыма Макинск қаласы арқылы, әрі қарай Астраханка трассасымен баратын болдым. Өйткені, Ақкөл, әрі қарай орман шаруашылығы арқылы жүретін жолды жол деп айту қиын. Ақкөл орман шаруашылығы -Акимовка учаскесіндегі жол жамылғысы өте нашар жағдайда. Орман шаруашылығына және Малоалександровка ауылына дейінгі жолда асфальт азырақ байқалса, Малоалександровка-Акимовка-қиылыс бағытындағы Астраханка трассасына тірелетін жол ешқашан асфальт дегенді білген емес. Бұрын бұл жол Журавлевка ауылындағы ДЭУ-дің қарамағында болып, қиыршық тас төселіп, тегістеліп отыратын. Жеңіл автокөліктер онымен жақсы қатынап тұрушы еді. Қазір бұл жолда толған шұңқыр, жаңбыр жауса езіліп кетеді, жүк автокөліктерінің өзі жүруден қорқады. Құрметті Мәлік Кеңесбайұлы! Сізден Малоалександровка-Акимовка-қиылыс жол учаскесіне өте-мөте көңіл бөлуіңізді сұраймын.

Рас, бұл жолмен Астраханка трассасындағыдай халық көп жүрмейтін болар, бірақ, онда да Сізден көмек күтетін адамдар тұрады. Рахмет.

Жауап: «Новый Колутон-Ақкөл-Азат-Минский» автокөлік жолы (Ақкөл қаласы-Акимовка-Малоалександровка-Журавлевка учаскесі) облыстық маңыздағы автокөлік жолы болып табылады.

«Новый Колутон-Журавлевка-Ақкөл автокөлік жолына орташа жөндеу жүргізудің» жобалау-сметалық құжаттамасы 2010 жылы жасалған. Жобаның сметалық құны 407,3 миллион теңге, жолдың ұзындығы 20,2 шақырым.

Қазіргі уақытта бұл құжаттың қолданылу мерзімі өтіп кетті, осыған байланысты оған кейін бюджеттік өтінімді салалық министрлікке жіберу үшін жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы түзетулер енгізетін болады.

Сізбен Степногорск қаласы Ақсу кентінің тұрғыны,1956 жылы туған Амангелді Дайырұлы Мәжитов хабарласып тұр.

Сұрақ:Ақсу кентінің экологиялық жағдайын жақсартуға көмектесуіңізді сұраймын. Кентте 1998 жылдан бері ауыз судың жоқтығы өз алдына бір мәселе. Екінші мәселе, кентті солтүстіктен, солтүстік батыстан және шығыс жағынан қоршап тұрған үш қалдық қоймасына байланысты. Желді күндері кент үстін шаң басып кетеді. Жай шаң емес, алтын өндіретін фабрика мен гидро-металлургия комбинаттың құрамында цианид, мышьяк, қорғасын, күкірт және басқа да химиялық заттардың шаңы. Сондықтан, қалдық қоймаларының маңын тиянақтап тазалап, реттеу қажет.

Жауап: Жобалау және санитариялық қорғау аумағының көлемі туралы талап «Өндірістік объектілердің санитариялық-қорғаныш аймағын белгілеу бойынша санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» (ҚР Ұлттық экономика министрлігінің 2015 ж. 20.03 күнгі №237 бұйрығымен бекітілген) тәртіпке орай бекітілген.Қалдық қоймасы аумағындағы ауа тазалығы жөніндегі мониторингті «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы Степногорск қаласындағы 1 мөлтек ауданының 96 үйінде орналасқан ПНЗ-1 бақылау пункті арқылы жүргізеді.

2017 жылдан күні бүгінге дейін аталмыш пунктте ауаның өте ластануы туралы дерек тіркелген жоқ.

Кәсіпорындардың қызметінен пайда болатын шаңды сейілту үшін арнайы техникалар жұмыс істеген кезде жоғары қабаттың бүлінгенін қалпына келтіріп, автомобиль жолдарының үстіне су себіліп, төңірегінде тұрақты түрде абаттандыру жұмыстары жүргізілуі керек. Жолдардың шаңын сумен басу жұмысы арнайы көліктермен атқарылады. Су шашу мерзімі – 6 ай.

Қалдық қоймалары жер қойнауын пайдалану аяқталған соң бірден жойылады.



Бәтен Смағұлқызы Ажжанова,

Ақкөл ауданы Барап ауылы, зейнеткер.

Сұрақ:Мәселе Көкшетау-Ерейментау бағытында жүретін электропойызға байланысты. Демалыс күндері пойыздың іші лық толады. Студенттер тамбурда түрегеп тұрады. Осы күндері қатынасты екі есе көбейтуге бола ма?

Жауап: Бұл мәселені шешу үшін «Қазақстан темір жолы» жолаушылар тасымалдау ұлттық компаниясы» АҚ-ға хат жолданды. Мәселені демалыс күндері электропойызға қосымша вагондар тіркеу арқылы шешу жоспарлануда.

Ирина Феодоровна Хлыстова, Ақкөл ауданы.

Сұрақ:Киров көшесіндегі (16 үй) тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз етуге қатысты.

Жауап: Ақкөл қаласындағы су құбырлары жүйесін жаңғыртудың үшінші жобасына енгізілмей қалған тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз ету мәселесі келесі жылы аудандық бюджеттің есебінен шешіледі. Жобаның төртінші кезектегі жобалау-сметалық құжаттары жоспарлануда. Жобаға Киров көшесі де енгізілген.

Иван Балашов, Аршалы ауданы.

Сұрақ:Сізге Аршалы №2 мектебі оқушыларының ата-аналары мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты үлкен өтініш айтады. Бұрынғы облыс әкімі С.В.Кулагин біздің мектепте болып, жағдайын көріп, жедел жөндеу жұмыстарын жүргізу керектігі туралы шешім қабылдаған. Жобалау-сметалық құжаттарын дайындауды аудандық әкімдікке тапсырған. С.В.Кулагин мырза облыстық бюджеттен жөндеу жұмыстарына қажетті ақша бөлуге уәде берген. 2016 жылы демеушілердің көмегімен жобалау-сметалық құжаттары дайындалды. Әйтсе де, 2017 жылы жөндеу жұмыстарына қаражат бөлінген жоқ. Аудан әкімінің жұртшылықпен кездесуі кезінде үстіміздегі жылы мектептің жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға байланысты мәселе көтерілді. Біз бұл мәселенің шешімін табуға тек сіз ғана көмектесе алады деп отырмыз.

Жауап: 2017 жылы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізудің жобалау-сметалық құжаты дайындалды. 292 миллион теңге облыстық бюджеттен бөлінеді.

Күрделі жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесі 2018 жылы облыстық бюджетті нақтылаған кезде бюджет комиссиясының кезекті отырысында қаралатын болады.



Иван Балашов, Аршалы ауданы.

Сұрақ:Сізге Аршалы кентінің тұрғындары хабарласуда. Қиыршық тас зауыттарының үлкен жүк машиналары біздің кентті басып өтіп, шаңдатып кетеді. 40-60 тонналық ауыр жүк көліктері Астана қаласына және басқа өңірлерге бет алады. Кенттің шығыс жағында орналасқан жиырмаға жуық карьер бар. Өткен жылы қою шаң кенттің оңтүстік жағынан басса, «Астана-Қарағанды» автобанына байланысты қазір шаң батыс жақ беттен де бұрқырап тұр. Аудан әкімі зират жақтағы жол арқылы кенттің көшедегі жол жүйесімен жүруіне рұқсат берген. Өткен жылы балалар осы шаңның кесірінен аулаға шығып, ойнай алмады. Ал, биылғы жылы мектепке, орталық паркке бару мүмкіндігі жоқ. Ауыр жүк көліктері орталық көшелердегі жаяу жүргіншілердің жолын басып өтетіндіктен, балалар жол жиегімен жүруге мәжбүр. Бұл жай қауіпсіз де емес. Қазір кент тұрғындары көктем-жаз маусымында балаларының қамын ойлап, алаңдайды. Аудан әкімінің есепті баяндамасында кенттің оңтүстік бағытынан жеке тұрғын үй құрылысына 200 жер телімін бергені туралы хабарланды. Бірақ, көлік қозғалысының өзгеруі туралы айтылған жоқ. Біз аудан әкімінің кент тұрғындарымен осы мәселені шешуге байланысты жиын өткізуін қалаймыз.

Жауап: Елді мекендердің санитарлық жағдайы, автокөліктердің қозғалысы, рұқсат етілгені немесе шектелгені туралы жол белгілерін қойып, ішкі істер органдарының жол-патрульдік қызметімен бақыланып, жергілікті атқарушы және өкілетті органдардың шешім, қаулыларымен реттеледі.

Сіздер көтеріп отырған мәселе бақылауға алынды. Ақмола облысы бойынша экология департаменті бұл мәселені зерттеп, қорытынды шығарады. Аудан әкімі А.А.Тайжановқа таяу арада кент тұрғындарымен осы мәселеге байланысты жиын өткізу туралы тапсырма берілді.



Валерий Габченко, Бурабай ауданы Қатаркөл ауылы.

Сұрақ:Ақмола облыстық энергетика басқармасы Көкшетау қаласында көмір жағылатын ЖЭО-ның құрылысы мен жобалау жұмыстарына конкурс жариялаған болатын. Электр, жылу қуатын өндіру қуатының мөлшеріне сәйкес жылына бір миллион тоннаға жуық көмір жағылуы керек. Орталық ауаны ластайтын газдың өте көп мөлшерін және 500 мың тоннаға жуық күл шығаратын болады. Қазірдің өзінде қолайсыз ауа райында жоғарыда айтылған жобадан 3-4 есе аз көмір жағатын РК-2 қазандығының түтініне қала тұншығып тұр. Көкшетау қаласын курортты қалаға айналдыруды межелеген облыс басшылығы Бурабай мен Зерендінің ғажайып табиғатына келтірілетін зиянды ескере отырып, қоршаған ортаға көп залал келтіретін көмірмен жағылатын ЖЭО-ның құрылысы көңілге қонбайтынын айтқымыз келеді. Осының барлығы «Сарыарқа» газ құбыры магистралінің құрылысын жоспарлап, табиғи газды пайдалану технологиясы енгізіліп жатқан кезде қолға алынбақшы. Қазақстан Жасыл технология жүйесін қолданысқа енгізіп, дамытуға талпынып жатқан шақта бұл мәселе қалай шешіледі екен? Осы айтылған ойға байланысты Сізден түсіндіріп беруді өтінеміз.

Жауап: Сіздің қаланың экологиялық жағдайына жаныңыз ашып отырғанын түсінемін. Көкшетау қаласындағы ЖЭО құрылысы техникалық-экономикалық қамту талаптарына, Еуропа стандарттарына сәйкес экологиялық көрсеткіштерге сай Қазақстан Республикасының бұл стандарттарға талабы да күшті.

ЖЭО болжам есептері еуропалық стандарттарға сәйкес 30 мг/нмз құрайды. Ал, Қазақстан бойынша бұл көрсеткіш 500 мг/нмз. Эмиссия SO2 бойынша 200 мг/нмз тең. Қазақстан стандарттары – 780 мг/нмз.

Осылайша ЖЭО-ның құрылысы ауаны ластаудың көлемін айтарлықтай азайтатын болады. Оның үстіне таяудағы уақытта РК-1 қазандығын сұйық отыннан газға көшіру жоспарланып отыр. Ол да ауаны ластайтын зиянды заттардың көлемін азайтатын болады.

Шортанды ауданы Шортанды кентінің тұрғыны.

Сұрақ:Қайырлы күн! Біздің Шортанды ауданының әкімдігі Дамса кентіндегі орта мектептің мәселесін шеше алмай отыр. Мектеп өте суық, сабақтарды үнемі 30 минутқа дейін қысқартады.

Жауап: Осы өтініш негізінде ақпан айының басында қоғамдық денсаулық қорғау аймақтық департаменті мектептің жылуын тексерді. Тексеріс нәтижесіне сәйкес мектеп ғимаратында жылу қалыпты емес екендігі анықталды. Спорт залында жылу радиаторларының аздығына, екінші қабаттағы үш кабинеттің астындағы жылытылмайтын қоймаға байланысты жылу 16 градус-ты құрап отыр.

Бұл мәселені шешу Шортанды аудандық әкімдігіне тапсырылды. Қоймаларға жылу жүйесі тартылып, спорт залындағы жылу радиаторларының саны көбейтілетін болады.



«Ақмол ақпарат» газетінің редакциясы,

Б.Кармышев, В.Березин, Целиноград ауданы.

Сұрақ:

1. 2017 жылы республикалық жаңа автомобиль жолы құрылысы басталғаннан кейін Сілеті өзенінің (Ерейментау, Целиноград аудандарының аумағында) байырғы атауы жолшылардың кінәсінен өзгеріске ұшырады. Аталған автомобиль жолының төрт учаскесінде «Селеты» деп қате жазылып тұр. Шамасы мемлекеттік тапсырысты орындаған біреу «селедканы» есіне алып, ежелгі қазақ өзенінің тарихи атауын жазу кезінде қателескен болар. Мұндай өрескел қателік әрі Астанадан небары 60-70 шақырым жерде жіберілуге болмайды. Біз сіздің жедел әрекет ететіндігіңізден үміттенеміз. Рахмет!

2. 2010 жылы Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің барлық құрамы Ерейментау ауданында орман өртін сөндірумен айналысты. Әйтсе де, астаналық облыстың көркем мүйісіндегі көп орманды өрт жалмады. Ерейментаудағы орман шаруашылығының басшылығы жауапкершілікке тартылған жоқ. Қайта керісінше, қызмет бойынша өсіп кетті. Біздің Президентіміз Астанаға қоныс аударған алғашқы күннен бастап Астананың және іргелес аймақтардың орманына айрықша назар аударып отыр. Екінші рет мұндай «отты қасірет» қайталанбас үшін әр жыл сайын орман-тоғайлардың маңайы жыртылып, табиғи байлығымыз көздің қарашығындай қорғалуы керек. Өкінішке орай, аймақтың орманшылары тарапынан мұндай қамқорлықты көре алмай отырмыз. Біз сізден мәселеге жауапты адамдарды облыстық, аудандық әкімдіктердің арнайы отырыстарында, қоғамдық кеңестерде тыңдауды сұраймыз.

3. 2017 жылы Ақмол аудан орталығы мен Нұресіл округі арасында жазғы маусымда ескі автогрейдерге асфальт жамылғы жабу жұмыстары басталды. Әйтсе де, басталған іс соңына дейін жеткізілген жоқ. Әлі де 14 шақырым жол қалды. Целиноград ауданының батыс, шығыс және солтүстік аймақтарының тұрғындары үшін бұл төте және қауіпсіз жол болып есептеледі. Уақытқа ұтымды, кептелістерден ада. Сізден Астана жанындағы ауданның барлық тұрғындарына қатысты осы мәселені 2018 жылдың жазында шешіп беруіңізді өтінеміз. Біз Сізге сенеміз!

Жауап:

1. Қазіргі уақытта «Қазавтожол» ҰҚ» АҚ-ға бағдарлау белгілерін жасауға тапсырыс берілді. Белгілер қазақша әріп емлелеріне сәйкес жазылатын болады. Таяуда орнатылады.

2. Иә, шынында да 2010 жылы Ерейментау аймағында орман шаруашылығы мекемесінің аумағында жалпы көлемі 5,9 гектар алқапта 3 орман өрті, оның ішінде 5,9 гектар орманды алқап пен 2 гектар орманды өрт шарпу оқиғалары орын алды. Орманды қалпына келтіру мақсатында 2010-2017 жылдар аралығында 172 гектар аумаққа ағаш көшеттері отырғызылды. Облыс әкімінің орынбасары А.С.Үйсімбаевқа сіз көтеріп отырған мәселе бойынша 2018 жылдың наурыз айының үшінші онкүндігіне белгіленген «2017 жылдың өрт қаупі көп кезеңдегі жұмыс қорытындысы және 2018 жылдың өрт қаупі көп кезеңіне дайындық міндеттері туралы» облыстық орман шаруашылығы мекемелері басшыларымен өткізілетін кеңесте қарау туралы тапсырма берілді.

3. 2017 жылы облыстық бюджеттің есебінен «Ақмол-Воздвиженка-Талапкер» бағытындағы облыстық маңыздағы автомобиль жол учаскесіне орта жөндеу жұмыстарын жүргізу басталды. Бес шақырым жол жөнделіп, 194 миллион теңге игерілді. 2018 жылы облыстық бюджеттен 264,1 миллион теңге қаржы бөлініп, 7 шақырым жолды жөндеу көзделіп отыр.



Жөндеу жұмыстарын аяқтау үшін салалық министрлікке бюджеттік өтінім бағытталды (18 шақырымды құрайтын жобаның жалпы құны 685,3 миллион теңге).

Нұрлан Жүнісов, Целиноград ауданы Талапкер ауылы.

Сұрақ:Қайырлы күн! Менің атым Нұрлан. Мен Целиноград ауданындағы Талапкер ауылының тұрғынымын. Өткен жылы менің үйімнің жанына ұялы байланыстың құрылғысын орнатты. Тапсырыс беруші Целиноград ауданының әкімдігі екендігі белгілі болып отыр. Дегенмен, құрылғыны орнату кезінде бекітілген санитарлық нормалардың бұзылатындығы ескерілмеген. Біз көршілерімізбен бірге әкімдікке санитарлық-эпидемиологиялық қорытындыны көрсету жөнінде өтініш айттық. Әйтсе де әлі күнге көре алмай отырмыз. Әкімдік қызметкерлері көңіл аудару үшін не істеу керек? Мен әрине, олардың жұмысы көп екенін білемін. Мен шыдамдымын. Қанша уақыт болса да тоса аламын. Үш айдан астам уақыт өтті, әлі жауап берілген жоқ. Құрылғы қазіргі күні іске қосылуға дайын. Таяу арада қосуды жоспарлап отыр. Мен аудан әкіміне кіріп, әңгімелесіп, бұл жайға көңіл аударуын сұрадым. Олар уәделерін берді. Біз енді не істеп, кімге өтініш айтуымыз керек?

Каталог: sites -> akmo.gov.kz -> uploads
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
sites -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
sites -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
sites -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
sites -> Өмірбаяндық деректеме
sites -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
uploads -> 2016 жылы 1 тоқсан бойынша Ақмола облысында дене шынықтыру және спортты дамыту туралы ақпарат
uploads -> Ақмола облысы бойынша сайлау учаскелері туралы мәліметтер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4


©engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу