Жауап: Сіз айтқан скверде болдым, шындығында қараусыз қалған екен. Бұл мәселені дұрыс көтеріп отырсыз. Аталған мәселе шешіледі, скверді абаттандыру үшін биыл жобалау-сметалық құжаттар дайындалатын болады.
Сұрақ:Қайырлы күн, мен Көкшетау қаласының тұрғыны ретінде, соңғы жылдары автомобиль жолдарының жақсарғанын байқаймын. Бейбітшілік тұрғын ауданында жол құрылысы жүргізіледі ме?
Жауап: Иә, Бейбітшілік шағын ауданындағы жолды жөндеу жоспарлануда.
Бұл мақсатта жолдарды күрделі жөндеу үшін ЖСҚ дайындалады, оның ішінде Қайыңды, Уокерская, Балуан Шолақ, Құрманғазы және Дмитриев көшелері тиісті инфрақұрылымдарымен қоса.
Сұрақ:Мәлік Кеңесбайұлы, Сіз өз баяндамаңызда Қопа көлінің маңайын абаттандыру туралы айтып өттіңіз. Сізге сұрақ: Көлдің өзін тазалау істері қай деңгейде?
Жауап: 2017 жылы су қоймаларын сақтау және биоресурстарды дамыту мақсатында «Қоршаған ортаны қорғау шаралары» бюджеттік бағдарламасымен 11 миллион теңге қаржы бөлініп, көлді балықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Ағымдағы жылы аталған жұмыс жалғасатын болады. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 40 миллион теңге қарастырылған.
Географиялық орналасуы мен табиғи Бұқпа көлі бар Көкшетау қаласы туризм және таза экология қаласы болуы керек. Қазіргі күні Бұқпа жағалауын түбегейлі жаңғырту жобасы қарастырылуда, көл жағалауы түрлі ластанудан қорғалатын болады.
Әди Төлепбергенов, журналист
Сұрақ:Мәлік Кеңесбайұлы, облыс орталығында спортпен айналысуға толыққанды спорт кешені салына ма?
Жауап: Қазіргі күні Көкшетау қаласында ойын және тренажер залдары болатын жабық спорт кешенінің ЖСҚ әзірленген. Ойын залының аумағы футзал, баскетбол жарыстарын өткізуге мүмкіндік береді. Аталған нысанның құрылысы биыл басталады.
Степногорск қалалық ардагерлер Кеңесінің төрағасы.
Сұрақ:Ақсу кентінің ақсақалдары жолдың нашарлығы жөнінде жиі қоңыраулатады. Биыл Бестөбе кентіне дейінгі жолды күрделі жөндеу жұмыстары аяқталады ма?
Жауап: Жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары басқармасы Ақсу-Бестөбе-Изобильное бағытындағы жалпы құны 2,8 миллиард теңгелік жолды жөндеу (2018-2020 жылдар) жобасын дайындады.
Биылғы жылы 45 км.жол учаскесін ағымдағы жөндеу қарастырылған.
Сұрақ:Мен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған барлық ата-аналардың атынан Сізге мынадай сұрақ қойғым келеді. Біздің балаларымыз үйде отырады және оқымайды. 20-шы мектеп, коррекциялық сынып бар. Бірақ, бұл мекемелер аздап болса да қимылдайтын балаларға арналған. Ал, бізге пенсия аласыңдар деп, аузымызды жабады.
Біздің қаламызда пандус, тағы басқа жабдықтармен қамтамасыз етілген жеке ғимарат неге салынбайды? Біздің балаларымыз қалыпты жағдайда оқып, қалыпты жағдайда өсуге құқысы жоқ па?
Жауап: Қаладағы медициналық-санитарлық мекеменің жанында 20 балаға арналған жалғыз арнайы топ бар. Мұнда әртүрлі жастағы, әртүрлі диагноздағы ұлдар мен қыздар топтастырылған. Бір кездері бізге қараусыз қалған Шанхай әкімдігінің ғимаратын беруге уәде алғанбыз. Зерттей келгенде бұл ғимарат бізге жарамайтыны белгілі болды, ол ешқандай нормаға жауап бермейді. Мұндай ғимарат қашан салынады, жоспарда бар ма? Біз тегін сұрап тұрған жоқпыз, ақылы болсын, бірақ балаларымызға қолайлы жағдайлар жасалса дейміз. Бұл өте өзекті мәселе деп ойлаймыз.
Ерекше білім беруді талап ететін балалардың жағдайы бізде айрықша бақылауда ұсталады.
Мен Сізге 7 наурыз күні жеке қабылдауымда болғаныңызда бұл мәселенің шешілуі белгілі уақытты қажет ететіндігі айтылған болатын. Мұнда міндетті процедуралардың бәрі ескерілуге тиісті. Сондай-ақ, қолайлы ғимарат құрылысы немесе күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу керек.
Осыған байланысты Көкшетау қаласының әкіміне тиісті тапсырмалар берілді.
Сұрақ:Мәлік Кеңесбайұлы, қайырлы күн. Менің әлеуметтік маңызды сауалым бар. Мен жеке кәсіпкермін. Аршалы ауданындағы Жібек жолы кентінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша балалар бақшасын аштым. Балалар бақшасында қазір 40 бала бар, 10 қызметкер жұмыс істейді. Аудандық білім бөліміндегілер биыл қаржыландыру болмайды деп отыр. Солай бола тұра, келер жылға қосымша өтініштер жасады. Енді мен мемлекеттің көмегіне ие бола аламын ба?
Жауап: Аршалы аудандық әкімдігіне 40 баланы мектепке дейінгі тәрбиемен қамту үшін мемлекеттік тапсырыс жасау тапсырылды.
Call-орталығына түскен сауалдар
Зәуре Әбдешқызы Ермағамбет,ұ/т. 87013977990, 32-01-54. Көкшетау қаласы,Қанай би көшесі, 40.
Сұрақ: 2015 жылдың қыркүйек айында біздің 60 пәтерлік тұрғын үйімізге жаңғырту бағдарламасына сәйкес жөндеу жұмыстары жүргізілді. Дегенмен, жөндеу жұмыстары сапасыз жасалды. Шатырдан су ағып тұр. 2018 жылдың 16 қаңтарында қала әкімдігіне (ЖТ-УЖ-5) өтініш жасадық. Бірақ, әзірге жауап жоқ.
Жауап: Қанай би көшесіндегі 40 үйге 2015 жылы қайтарымды қаржы негізінде «Көкше МЖД» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 13,5 миллион теңгеге жөндеу жұмыстарын жасады. Жұмсақ жамылғы, тұрғын үйдің шатыры, жертөледегі жылу және канализация жүйесі жөнделді. 2018 жылдың 26 ақпаны күні заңды және жеке тұлғалардың қатысуымен айтылған жерге барып қарап көрді.
Тұрғын үй ғимаратының техникалық жағдайы айта қаларлықтай ақаулы емес. Төбе жамылғысы мен пәтерлердің жағдайын күн жылынған соң, 2018 жылдың 15 сәуірі күні қосымша қарау туралы шешім қабылданды.
Көкшетау қаласының тұрғыны.
Сұрақ:
1.Атақты әртістерді шақыру үшін 1500-2000 адамға лайықталған жаңа концерт залы немесе кешен салына ма?
2.Славян театры салына ма?
3.Баскетбол, волейбол және мини-футбол ойындарына арналған трибунасына 1000 адам сиятын спорт залы салына ма?
4.Аквапарк салына ма?
5. Хирургиялық корпусы бар жаңа қалалық емхана салына ма?
Жауап: Концерт залының құрылысы басымдылық беріліп отырған жобалардың бірі. Көп шығынды қажет ететін жоба болғандықтан бұл мәселе мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде қарастырылуда. Жоба бойынша концерт залы, кинозал және басқа да мақсаттарды көздейтін көпфункциялы ғимараттың құрылысы ұсынылуда. Оның базасында балалар үйірмелерін, әртүрлі көрмелерді ұйымдастыруға болар еді.
Қалада қазір тұрақты ұжымы бар орыс драмалық театры жұмыс істейді. Театрды дамытуға жыл сайын облыс бюджетінен қаржы бөлініп тұрады.
Бүгінгі күні Көкшетау қаласында ойын және тренажерлық залдары бар жабық спорт кешенін салудың жобалық-сметалық құжаттары жасалып қойылған. Біздің баскетбол, шағын футбол командамыз бар. Жалпы алғанда, тұрғындар тарапынан спортпен айналысуға деген ынта-ықылас, сұраныс бар. Биылғы жылы кешен құрылысы басталады.
Ал, аквапарк құрылысына келетін болсақ, бұл жеке бизнес өкілдерінің шаруасы. Егер ұсыныс түсіп жатса, тиісті жер телімін бөліп, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесін шешуге көмектесеміз.
Қазіргі күні облыс орталығындағы денсаулық сақтау нысандары халықтың сұранымын толық қанағаттандырып отыр, жаңа аурухана салу жоспарда жоқ. Тек онкология емханасы салынатын болады. Бұл қазіргі күнгі өте маңызды мәселе.
Көкшетау қаласының тұрғыны.
Сұрақ:
1. «Синема Әлем» кинотеатрының репертуарлары көңіл көншітпейді.
2. Ғабдуллин көшесінің 75-үйіне учаскелік инспекторлар келмейді және жалға берілетін пәтерлерді тексермейді.
Жауап:
1. «Синема Әлем» кинотеатры жекеменшікте. Директорына көпшіліктің сұранысына лайықты репертуар жасау туралы ұсыныс айтылды.
2. Жеке тапсырмам бойынша 23 ақпанда жергілікті полиция қызметі инспекторы Арман Қанатбекұлы Құрсарин Ғабдуллин көшесіндегі 75 үйдің барлық пәтерлерін тексеріп шықты. Тексеру барысында жалға берілетін 3 пәтер анықталды. Тұрғындардан сұрау барысында жалға берілетін пәтерлерге байланысты ешқандай шағым болған жоқ.
Галина Миненко,Көкшетау қ., Абылай хан к., 20, 11-пәтер, тел: 42-50-23.
Сұрақ:Мен зейнеткермін, бұрынғы мұғаліммін. Петропавл қаласынан көшіп келдім. Ардагерлер ұйымына бекітілмегенмін. Өткен жылы қарттарды қорғау айлығында ешкім құттықтап, көмектескен жоқ. Назар аударылса екен деймін.
Жауап: Сіздің ардагерлер ұйымына бекіту туралы сауалыңыз өз шешімін тапты. Сіз қаладағы бір мектептердің біріне бекітілесіз. Сізден сұралатыны, қаланың ардагерлер кеңесіне жазбаша арыз жазу.
Ғайша Бегімқызы Байманова,Көкшетау қ., 87773052277.
Сұрақ:2005 жылдан бері жеке тұрғын үй салуға қажетті жер телімі кезегінде тұрамын. Жұрттың бәрі алып жатыр, менің кезегім қашан келеді?
Жауап: Қазіргі күні сіздің жер телімін алу бойынша жалпы тізімдегі кезегіңіз – 234. Жер телімін беру белгіленген жалпы кезек бойынша үй салуға қажетті ифрақұрылымдармен жабдықталған жер телімдерін дайындауға байланысты жүзеге асырылады. Жер телімін жеңілдіктермен алу жайы заңда қарастырылмаған. Жер телімін алу жөніндегі кезегіңіздің жайымен сіз қалалық әкімдіктің сайтынан таныс бола аласыз. Қазіргі күні Көкшетау қаласында 3199 жер телімінің инфрақұрылымдарын салу жұмысы басталды. Осы жер алаңы дайындалған кезде кезек тәртібімен жер телімін алатын боласыз.
Салтанат Қалиқызы Құрманғалиева,Көкшетау қаласы.
Сұрақ:Облыс орталығын абаттандыру, жаңғырту бағытындағы атқарып жатқан жұмыстары үшін қала әкіміне зор алғысымды айтамын.
Жауап: Шын ниетпен білдірген көңіліңізге рахмет айта отырып, алдағы уақытта да қолдан келгенше қаламыз барынша көркейіп, сәнді бола түсуі үшін жұмысты жалғастыратын боламыз.
Татьяна Алексеевна Русина,Атбасар қаласы, Есенберлин көшесі, 91. Тел: 87054449771.
Сұрақ: Мен қазір пәтер жалдап тұрамын, бар мүлкім су астында қалған. Су тасқынынан зардап шеккендерге қашан баспана беріледі?
Жауап: Тұрғын үй комиссиясы 2017 жылғы су тасқынынан зардап шеккендерге пәтер бөлу жұмыстарын аяқтады. Бүгінгі күні тұрғындармен пәтерлердің сипатына (көлемі, қабаты, бөлме саны) байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сіз пәтер алу бойынша бірінші кезекте тұрсыз. 2017 жылдың 15 қарашасындағы тұрғын үй комиссиясы хаттамасы шешіміне сай сізге жалпы көлемі 68 шаршы метрлік екі бөлмелі пәтер беріледі. Үйді тапсырғанға дейінгі 4 ай мерзімге жалға алатын пәтер үшін 120 мың теңге бөлінді. Пәтер баспананың техникалық сипаттары бойынша түсіндірме жұмыстары аяқталған соң берілетін болады.
Достарыңызбен бөлісу: |