Бекітемін: Педкеңесте қаралды: Мектеп директоры: Хаттама № Елгондиев Т. К тамыз 2017 жыл


Бекітемін: Педкеңесте қаралды: Мектеп директоры: ____________ Хаттама № ____ Елгондиев Т.К ____ тамыз 2017 жыл



бет2/6
Дата27.11.2019
өлшемі137,82 Kb.
#52539
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
жоспар777



Бекітемін: Педкеңесте қаралды:

Мектеп директоры: ____________ Хаттама № ____

Елгондиев Т.К ____ тамыз 2017 жыл






14 жалпы білім беру орта мектебі» КММ-нің жылдық жұмыс жоспары

 

2017 – 2018 оқу жыл


1-бөлім. Мектептің іс әрекетінің негізгі мақсаты, міндеттері және негізгі бағыттары.

Мектептегі оқыту-тәрбиелеу үрдісінің тақырыбы:

Ақпараттық озық технологиялар арқылы оқу-тәрбие үрдісінде мұғалімдердің шығармашылығын жетілдіре отырып, жеке тұлғаны заманауи талабына сай жан-жақты тәрбиелеу



Жаңа оқу жылының мақсаты:

1. Оқу және тәрбие үрдісінде озық педагогикалық іс-тәжірибелерді қолданып, мұғалімнің кәсіптік шеберлігін жетілдіру;

2.Оқыту және тәрбие беру процесінде жеке тұлғаның функциональдық қабілетін жетілдіру;

3.Мектеп өмірін ізгілендіру мен демократияландыру арқылы оқушының жеке тұлғасының дамуына қолайлы жағдай туғызу,оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру;

4.Оқу-тәрбие жұмысының негізгі өзегі ретінде тұлғалық бағдарлы,гуманды-тұлғалық педагогика идеясы ұстанымдарын қолдану.

5.Мәңгілік ел-қазақ халқының ұлттық идеясын насихаттау


Міндеттері:

1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын жүзеге асыру мақсатында жеке тұлғаның білім алу қажеттілігін, дағдысын қалыптастыру;

2.Білім беру сапасын үздік әлемдік стандарт деңгейіне көтеру;

3.Өзін-өзі дамытуға құштар, икемді, ақпараттық, интеллектуалдық ресурстарды қолдануға қабілетті жеке тұлға қалыптастыру.

4.Білім мазмұнын жаңалау, оқу-тәрбие үрдісінде оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын дамытуды жүзеге асыру арқылы оқушылардың білім сапасының көрсетілуіне ықпал ету;

5.Оқушылардың пәндік олимпиадаларға, түрлі танымдық байқауларға қатысуын қамтамасыз ету.

6.Мектептің білім беру мазмұнын жетілдіру мақсатында,материалдық-техникалық базаны жақсарту.

7.Мұғалімдердің педагогикалық мамандығын жетілдіру жұмыстарын одан әрі жалғастыру.

8.Педагогикалық жаңа, озық технологияларды оқып үйрену және тәжірибеге енгізу.

9.Оқушылардың танымдық ой-өрісін дамыту, саяси және құқықтық қатынастар жөнінде бастапқы түсінігін, олардың адамгершілік ізгі қасиеттерін қалыптастыру мақсатында іс-тәжірибеге оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін жүйелі түрде кіргізу.

10.Әдістемелік жұмыстың әдіс-тәсілдерінің жаңа түрлерін іс-тәжірибеде кеңінен қолдану.

11.Жас мамандардың кәсіби тұлғасын қалыптастыру.

12.Шығармашылықпен жұмыс істейтін мұғалімдер іс-тәжірибесінің тиімді тұстарын айқындау,жинақтау,тарату.

13.Оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдаланулары үшін іс-шаралар, үйірмелер ұйымдастыру.

14.Үлгерімі төмен оқушылардың үлгеру деңгейін көтеру мақсатында қосымша сабақтар ұйымдастыру.

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫНЫҢ ТАРАУЛАРЫНДА ҚАРАЛАТЫН

НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕР

І. Кіріспе

ІІ. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңын іске асыру.

- Мектеп жасындағы балалардың есебін жүргізу.

- Оқушылар қозғалысының есебін жүргізу.

- Мектеп бітірушілердің қозғалысын бақылау.

- Тамыз есебін жасау.

- Оқушылардың, мұғалімдердің дәрігерлік байқаудан өтуі.

- Оқушыларды оқулықпен қамтамасыз ету.

- Әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасы балаларының есебін алу,демеушілік ұйымдастыру.

- Оқушылардың, мұғалімдердің жеке іс -қағаздарының талапқа сай жүргізілуін бақылау.

ІІІ. Оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру

- Пәндік олимпиадаларға жүйелі дайындық жұмыстарын ұйымдастыру.

- Факультативтік сабақтар,курстардың жүргізілуі.

- Дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыстарды жандандыру.

- Оқушылардың ғылыми қоғамы

- Оқушылардың интеллектуалдық конкурстарға қатысуын ұйымдастыру.

- Пән бірлестіктерінің жұмыстарының нәтижеге бағытталуы.

- Облыстық, республикалық білім ұйымдарымен, қорлармен т.б. байланыс жасау.

IV. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру

- Азаматтық – патриоттық, құқықтық, және полимәдениеттік , рухани – адамгершілік, отбасы, өзін - өзі дамыту, әлеуметтік, коммуникативті мәдениет, экологиялық , эстетикалық, дене тәрбиесі және салауатты қалыптастыру, еңбек және экономикалық, кәсіби – шығармашылық, интеллектуалды мәдениетті даму тәрбиесі.

- Ата-аналармен жүргізілетін жұмыс.

- Қыз балалармен жүргізілетін жұмыс.

- Ер балалармен жүргізілетін жұмыс.

- «Жас ұлан» бірлестігінің жұмысы.

- «Ұландар» ұйымының жұмысы.

- Клубтар мен қоғамдық ұйымдардың жұмыстары.

- Мектепішілік тәрбиелік шаралар.

- Сынып жетекшілерімен жүргізілетін жұмыс.
V. Педагог кадрлармен жүргізілетін жұмыс

- педагогикалық кеңес

- директор жанындағы кеңес

- әдістемелік кеңес

- жас мамандармен жұмыс

- шығармашылық топтың жұмысы

- педагог кадрлардың білімін жетілдіру

- педагог кадрларды аттестациялау

- педагогикалық оқулар ұйымдастыру

- мұғалімдердің сапалық құрамын анықтау

- түрлі деңгейдегі байқаулар, сайыстарға, т.б. қатысу.
VI. Мектепішілік бақылау

-оқу жоспарлары мен бағдарламалардың орындалуы

-құжаттардың жүргізілуі

-оқу пәндерінің берілуі

-оқушылардың білім сапасы

-мұғалімдердің кәсіптік деңгейі

-сыныптан тыс жұмыстардың жүргізілуі

-мектеп кітапханасының жұмысы

-оқулықтардың сақталуы

-санитарлық-гигиеналық талаптың сақталуы.жағдай

VII. Мектептің материалдық – техникалық базасын дамыту

- мектепті жаңа оқу жылына дайындау

- материалдық – техникалық базаны толықтыру

- қысқа дайындық жұмыстары

-мектеп мүліктеріне есеп жүргізу және сақталуын қамтамасыз ету

- мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту жұмыстары

- ағымдағы және күрделі жөндеу құжаттарын дайындау

- оқу кабинеттері мен бөлмелердің оқу материалдық базасын жетілдіру

- зертханалық, сарамандық жұмыстарды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар жасау

ІІ. Ұйымдастырушылық педагогикалық іс-шаралар


  1. Мектептегі өзара еңбектің бөлінісі.

р/с

Жауапты адам

Жұмыс мазмұны.

1.

Директор


-Мектеп жұмысын жан-жақты ұйымдастыру;

-Кадр мәселесі;

-Пед.кеңес, кіші педкеңеске басшылық жасау;

-Оқушылар мен ата-аналар арасында ҚР Конституциясы мен ҚР тіл туралы заңы жайлы жұмыс жүргізу;

-Кітапханаға басшылық;

-Директордың оқу-тәрбие, ғылыми-әдістемелік, бағдарлы жұмыстары және шаруашылық жөніндегі орынбасарларының жұмыстарына басшылық және бақылау;

-Мұғалімдерді аттестациялауды ұйымдастыру;

-Емтихан комиссиясын, құжат толтыру комиссиясын құру;

-Емтихан өткізу; мұғалімдердің жазғы демалыс кестесін жасау.


2.

Директордың

ОІЖ орынбасар




- «Білім туралы» заңның орындалуын бақылауға;

-Мектеп оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға;

-Мұғалімдер жүктемесін бөлуге;

-Оқу жоспарын, титульдық бет, есептік анықтама жасауға;

-Мұғалімдер тарификациясын жасауға;

-5-11-сыныптардың сабақ кестесін жасауға;

-Елді мекендегі 0-18 жас тізімін жасауға;

-Білім сапасына және оқушылардың үлгеріміне;

-Үлгермеуші оқушылармен жұмыс жүргізуге;

-Оқу бағдарламасының орындалуына;

- мұғалімдердің сабақ жоспарларын бекітуге

-Мектепішілік бақылау жұмыстарын алуға,маниторинг жасауға;

-Факультатив сабақтарының жүргізілуіне;

-Мұғалімдерді ауырған немесе басқа жағдайда ауыстыруға;

-Табель жасауға;

-Педкеңес материалдарын дайындауға;

-Сынақ жұмыстарының өтілуіне( тест,бақылау, шығарма, диктант,сарамандық, зертханалық жұмыстар)

-9-11 сынып журналдарының жүргізілуіне бақылау жасауға;

- 9-11 сынып түлектері туралы мәлімет тапсыруға;

-Оқушылардың жазба жұмыс, сынып жұмыс дәптерлерінің тексерілуіне бақылау жасау(қазақ тілі, орыс тілі, шет тілі,математика,физика,биология)

-Емтиханның өткізілуіне жауапты;

-Аптасына 6 сабаққа қатысуға жауапты.

-Оқу процесіне, мұғалімдердің сабақ жоспарларын бекітуге;

география, тарих, құқық, математика, физика, химия пәндерінің берілісін қадағалау.

3.

Директордың

ТІЖ орынбасары



-Кешенді тәрбие жұмысының жүйелі жүргізілуіне;

-Үйірме жұмысының өз мәнінде өтуіне;

-Ата-аналар комитетінің мектеппен тығыз байланыста жұмыс жасауына;

-Сынып жетекшілердің жұмысына бақылау-басшылық және әдістемелік көмек көрсетуге;

-Сыныптан тыс мерекелік шаралар өткізуге;

-Өлкетану туристік жұмыстарын қолға алуға;

- Мектеп ауласының көгалдандырылуы, көркейтілуіне;

-Кітапхана арқылы өткізілетін тәрбиелік іс-шаралардың жүйелі жүргізілуіне;

-Құқық бұзушылықтың алдын алу шараларын, сондай-ақ, діни экстремизмнің алдын-алу,есірткі мен нашақорлыққа қарсы түрлі бағыттағы тәрбиелік іс-шараларды жүргізуге;

-Қыз балалар мен ұлдар ұйымының жұмысын қадағалауға;

-Кезекші мұғалімдердің жұмысына басшылық жасауға;

-Мектептегі әртүрлі кезекшіліктерді ұйымдастыруға;

-Оқушылардың кезекшілігін бақылауға;

-Көшеде жүру ережесінің сақталуына;

-Оқушылардың түнгі жүрісіне бақылау-рейдін ұйымдастыруға жауапты.

Бейнелеу өнері, технология, музыка, дене тәрбиесі пәндерінің берілісін қадағалау.

4.

Әдістемелік ісі жөніндегі орынбасар

-Білім заңының жүзеге асырылуына;

-Мұғалімдердің шығармашылық жұмысына;

- Жаңа педтехнологияны насихаттауға;

-Озат тәжірибені жинақтау,таратуға;

-Түрлі кәсіби сайыс, жарыстар өткізуді ұйымдастыруға;

-Пед. оқулар өткізуге;

- Әдістемелік кеңес өткізуге;

- Бірлестік жұмыстарына, жас маманмен жұмысқа, аттестатцияланушы мұғалімдердің қағаздарын жинақтауға, санатын көтеруге ықпал етуге;

-Мұғалімдер біліктілігін көтеруге жауапты.

-Аптасына 6 сабаққа қатысуға жауапты.

-5-6 сынып журналдарының жүргізілуіне бақылау жасауға;



Қазақ тілі,орыс тілі, ағылшын тілі, информатика, биология пәндерінің берілісін қадағалау.



5

Бастауыш сыныптар жөніндегі орынбасар

-«Білім туралы» заңның орындалуын бақылауға;

-Мектеп оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруға;

-Мұғалімдер жүктемесін бөлуге;

-Оқу бағдарламасының орындалуына;

-Оқыту сапасына және оқушылар біліміне жауапты;

- Ағымдық және стратегиялық жоспар жасауға;

- Мектептің ішкі тәртібінің сақталуына жауапты;
- Сыныпты комплектілеуге;

-  Мектепшілік бақылауды жүргізуге;

- Оқу жоспары бағдарламалары бойынша мұғалімдер жұмысын реттеуге;

- Мұғалімге пән бойынша білім сапасы мониторингін жасауға (жеке картотека т.б );

- Мамандармен жұмыс     (қамтамасызетут.б);

- Журналдарды тексеруге (0-4 сыныптар);

- Мұғалімдердің сабақ жоспарын тексеру (0-4 сыныптар);

- Мектептің ішкі ережесінің сақталуына;

- Психологиялық микроклиматты сақтауға

- Ауырған немесе басқа жағдайда мұғалімдерді ауыстыруға;

- Оқушыларды жалпылама оқуға тарту бойынша жұмысқа басшылық жасауға;

- Сабақта пән мұғалімдерінің техника қауіпсіздігін сақталуына;

- Табель жасауға;

- Аптасына 6 сабаққа қатысуға жауапты



6

Әлеуметтік педагог

-Тұрмысы төмен оқушыларды анықтау;

-Ыстық және қоғамдық тамақтың ұйымдастырылуы;

- Ерекше назардағы оқушылармен жұмыс;

-Мектепке жол акциясы,ата-аналардың «Қамқоршылық кеңесімен» жұмыстарды ұйымдастыруға жауапты.



7

Психолог

-Оқу мекемесі ұйымында психологиялық зерттеулер жүргізу;

-Психологиялық диагонистика, психологиялық кеңес;



Өзін-өзі тану пәнінің берілісін қадағалау

8


Директордың ғылыми-әдістеме жөніндегі орынбасары


- Дарын, Кіші ғылым академиасы,Ақбота т.б интеллектуальды жұмыстарына;

- Педагогикалық технологияларды енгізуге;

- Мұғалімді ғылыми- зерттеу жұмысына тәрбиелеуге;

- Педкеңеске, әдістемелік кеңеске материал дайындауға;

- Мұғалімдерге инновациялық жұмысын жоспарлаужәне оған басшылық жасауға;

- Ұжымның ғылыми – әдістемелік жұмысына анализ, мониторинг жасауға;

- Инновациялық технология материалдарыбойынша мектепте жалпы лаборатория жасауға;

- Мектепішілік пәндік,қашықтық олимпиадалар өткізуге;

- 11 сынып оқушыларын ҰБТ-ге дайындауға;

- Біліктілікті арттырудың деңгейлік бағдарламасының енгізілуіне;





9

Шаруашылық

жөніндегі

орынбасар


-Мектептің барлық шаруашылық жұмыстары; материалдық-техникалық базасын нығайту;
-Техникалық қызметкерлердің техника қауіпсіздігі ережелерін сақтауы;
-Мектеп іші мен ауласының санитарлық-гигиеналық жағдайын бақылау;
-Мектептегі еңбек және өрт қауіпсіздігінің сақталуы;
-Жылу беру маусымында мектептің стандарт бойынша температурасын
қалыпты ұстау;
-Келген заттар мен техникалық құралдардың есебін жүргізу; қызметкерлердің еңбек күндерін есептеу;
Жай және күрделі жөндеудің сапасына және уақтылы біту жұмыстарын
жүргізу; мектеп тазалығы, инвентаризация, кіші қызметкерлердің еңбек тәртіп ережесінің сақталуына жауапты.

10

Пән бірлестік жетекшілері


-Ашық, көрнекі сабақтар дайындауға;

-Пәндік кештер мен апталықтар өткізуге;

-Бірлестік мүшелерінің іс-тәжірибесін жинақтау мен пән бірлестік отырыстарын өткізуге;

-Кәсіби сайыстарға мұғалімдер дайындауға жауапты.



11

Кәсіподақ ұйымы.

-Мектеп қызметкерлерінің жағдайына көңіл бөлуге;

-Еңбек құқығын қорғауға;

- Кәсіподақ ұйымының жұмысын ұйымдастыруға жауапты.

12

Тәлімгер


-«Жас ұлан» ұйымының жұмыс жоспарын жасау және ұйымдастыру;

-Оқушылардың өзін-өзі басқару жұмыстарын жолға қою;

-Балалардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің жұмысы мен қызметін дамытуға бағытталған жұмыс жасайды;

-Өткізілетін іс- шаралар мазмұнына сәйкес безендіру жұмысын жасайды;

-Білім алушылардың бос уақытын тиімді, қызықты, мазмұнды өткізуді ұйымдастырады;

-«Жас ұлан» қозғалысының міндеттерін орындауға көмек беред

-Сынып жетекшілеріне тәрбие жұмысын жүргізуге көмектеседі;

-Білім алушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға, денсаулығын нығайтуға бағытталған шараларды ұйымдастырады, өткізеді;

-Даталы күндерге байланысты мерекелік шараларды ұйымдастырады;

-Өзін-өзі басқару ұйымының жұмысына жетекшілік жасайды;



13

Кітапханашы

-Мектептің кітап қорын нақтылау;

-Оқушылардың оқулықпен толық қамтылуын ұйымдастыру, жүзеге асыру;

-Әдістемелік құралдармен қамту, оларға сұраныстар жасау;

-Басылымдарға жазылуды ұйымдастыру.



14

Мектептің бас есепшісі

Мектеп қызметкерлерінің еңбек ақысын есептеу; қаржы қаражатымен қамтамасыз ету; инвентаризация, т.б.

15


Үлкен және кіші педкеңес хатшысы

Кеңестің болатын уақыты мен күн тәртібіндегі мәселелерді ұжымға алдын ала хабарлап таныстыру. Кеңес өтетін орынды анықтап дайындығын ұйымдастыру. Хаттаманы сауатты, қысқа түсінікті жазу. Кеңесте қаралған мәселелердің құжаттарын жинақтау.

16

Инженер – техник

-Өз міндетіне қосымшамектеп сайтына жауапты.

17


Іс-жүргізушісінің
функционалдық міндеттері:

Бұйрықтарды рәсімдейді; Жеке карточкалар немесе парақтардың нысандарын рәсімдейді; Еңбек кітапшаларын толтырады; Еңбек шарттарын (келісім-шарттарын)жүргізу және рәсімдейді; Іс-сапар құжаттарын рәсімдейді; Еңбекке уақытша жарамсыздығы туралы құжаттарды рәсімдейді; Құжаттарды қабылдау, тіркеу, есепке алу, орындалуын қадағалау, ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсетеді және құжаттық ақпараттарды, өңдейді; Мұрағат жұмыстарын қадағалайды.

18

Директор хатшысының
функционалдық міндеттері:

Мектеп басшысына қол қоюға апарылатын құжаттардың дайындалуының, дұрыс жасалуының, келісуінің, бекітілуінің сапасын қадағалайды; Басшылардың құжаттары мен тапсырмаларының орындалуына бақылау жасайды, сапалы түрде тез жасалуға жіберілген тапсырмалардың жедел орындалуы үшін шаралар қолданады; Мектептің ағымдағы қызметіне байланысты ұйымдарымен (коммерциялық және мемлекеттік) және жекелеген азаматтармен жедел байланысты жүзеге асырады (телефон, факс), Құжаттарды көшіріп-көбейту жұмыстарының орындалуын қамтамасыз етеді;

19

20


Медициналық қызметкерлердің функционалдық міндеттері:


Жылдың басында мектепте оқитын балалар тізімін алу; Мектеп мұғалімдерінің санитарлық кітапшасын түгелдеу (уақытылы өтуін қадағалау); Балаларға ауырған жағдайда бірінші көмек көрсетіп, дер кезінде дәрігерге жіберу; Бірінші сыныпқа қабылдаған балалардың днесаулық паспортын уақытылы тексеру, жинақтау; Балалардың жылына 1 рет диспансерлік тексеруден толық өтуін қадағалау, денсаулығын жақсарту; Жұқпалы аурулардың алдын алу. Мектеп ішінде балалар арасында профилактикалық жұмыстарын жүргізу; Өз уақытысында оқушыларға егу жұмыстарын жүргізу, нәтижесін дәптеріне тіркеу, Тұрмысы төмен, жетім, жартылай жетім балаларға ыстық тамақ ұйымдастыру. Олардың дұрыс тамақтануын, тамақ құрамын жақсартып, таза ауыз сумен қамтамасыз етілуін қадағалау, негізгі санитарлық норманы сақтау; Салауатты өмір салты жоспары бойынша СПИД, темекі, ішімдікке қарсы күрес жөнінде профилактикалық жұмыстар жүргізу; Мектептің тазалығын, бөлмелердің жарықтығын қадағалау; Жылдық флюрографиялық жоспар бойынша жоғары сынып оқушыларының флюрографияға түсуін қадағалау;

Мектептің әскери жетекшісі

-Бастапқы әскери даярлықтың жүргізілуін және оқушылардың әскери патриоттық тәрбиесін жоғары деңгейде болуын қадағалау;

-Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру жұмыстары; Әскер жасына жақындаған балалардың құжаттарын реттеп, әскери бөлімге өткізу: Аудандық әскери комисариатпен байланыс жұмыстары; Кешкі рейд жұмыстарын жүргізу (белгіленген күндері); Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайларға байланысты жұмыстарды үйлестіру; кезекшілікке басшылық жасау. Оқушылардың тіршілік қауіпсіздігі негіздері, қауіпсіздік ережелерінің сақталуына жауапты




2. Мемлекеттік-нормативтік Заңдарды орындауға жоспарланған іс-шаралар және оны ақпараттық- талдау қызметі.



Іс – шаралар атауы

Орындалу мерзімі

Аяқталу мерзімі

Жауапты

1

Қазақстан Республикасының

«Білім туралы» Заңы



Жыл бойында

Зерттеу, анықтама

Директор

2

Қазақстан Республикасының

«Білім туралы» Заңы



Кезінде

Аудандық білім бөлімі басқармасына ақпарат

ДОІЖО

3

ҚР «Тіл туралы» заңының орындалысы

Жыл ішінде

Жоғары тұрған ұйымдарға ақпарат

ДТЖО

4

Қазақстан Республикасының

«Бала құқығы туралы» Заңы



Әр тоқсанда

Аудандық білім бөлімі басқармасына ақпарат

ДТЖО

5

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы

Жыл ішінде

Мемлекеттік қызмет істер жөніндегі агенттігіне ақпарат

ДОІЖО

6

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы

Жыл ішінде

Жоғары тұрған ұйымдарға ақпарат

Психолог

7

Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңы

Жыл ішінде

Аудандық білім бөлімі басқармасына ақпарат

Директор

8

Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» Заңы

Жыл ішінде

Аудандық білім бөлімі басқармасына ақпарат

Директор

9

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы

Жыл ішінде

Конкурстар, өткізу, есеп беру, ақпарат дайындау

Бас бухгалтер

10

Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы» Заңы

Жыл ішінде

Аудандық білім бөлімі басқармасына ақпарат

Директор

11

Қазақстан Республикасының

« Діни сенім еркіндігі және діни бірлестіктер туралы» Заңы



Әр жарты жылда

Аудандық білім бөлімі

ДОІЖО

ДТЖО



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет