Бекітемін: Пәні: Әдебиеттік оқу
Сыныбы: 3 «Е»
Тақырыбы: Бесік жыры.
Мақсаты: 1.Оқушыларға халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу. Бесік жырының маңызын ұғындыру.
2. Оқушылардың өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, ойын тиянақтай білуге дағдыландыру; сөйлеу мәдениетін, топпен жұмыс істеу, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
3. Салт – дәстүрді жалғастыра білуге, ананы қадірлеуге, сыйлауға,адамгершілікке, мейірімділікке, тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: жаңасабақ
Сабақтың түрі: аралассабақ.
Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, мәнерлепоқу,ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: сюжетті суреттер, бейнеролик, слайд.
Сабақтың барысы:
Психологиялық дайындық. Оқушыларды «Шаңырақ шуағы» әдісі арқылы топқа бөлу.Оқушылардың зейінін, назарын жаттығулар орындау арқылы сабаққа аудару.
- Әрбір адам ?
- Туысым, досым, жұрағат
- Әрбір сабақ ?
- Үйрену, ұғу, ұлағат.
- Әрбір ісім ?
- Тірек, тірлік, адамдық.
- Әрбір сөзім ?
- Шындық, бірлік, адалдық.
I. Үй тапсырмасы:"Төрт мезгілді аңсау” өлеңін “жалғасын тап” ойыны арқылы сұрау.
-Өлең не туралы?
- Кейіпкерге қай мезгіл ұнайды?
- Қай сөздер ақынның көңіл-күйін анығырақ әсірелеп тұр?
II. Жаңа сабақ: - Балалар, «Сарқылмас қазына» бөлімін осы «Бесік жырымен» бастаймыз. Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени нұсқалары , ұлағатты сөздері, көркем туындылары, ұрпақтан – ұрпаққа , атадан – балаға мирас ретінде жетіп отыр. Бұл тарту Атамұра деп аталады. Қазақ халқының дәстүрлі киім- кешегінен бастап , үй жиһаздары, ата – кәсіп құрал – саймандары, тарихи ескерткіштері, туған өлке, туған жер, туған тіл бәрі де мұра болған. Басты мұралардың бірі – «Бесік жыры». (Мақсат қою)
«Бұл кім? деп сұрамаңыз» әдісі арқылы жаңа сабаққа көпір жасау.
-Суретте кім бейнеленген деп ойлайсыңдар?
-Ендеше, бүгін біз талай жыр поэзияларымен бүгінде қуантып жүрген қазақтың ақыны Несіпбек Айтұлының «Қабанбай батыр» аңызынан үзінді Бесік жырымен танысамыз.
Оқулығымыздың 101 бетін ашып, жұптасып екі шумақтан тізбектей отыра оқып шығайық. Түсініксіз сөздер кездессе түртіп алып отырайық. (Несіпбек Айтов туралы слайд арқылы мағлұмат беру)
III. Оқулықпен жұмыс. Үнтаспадан “Бесік жыры” өлеңін тыңдау.
Тізбектей оқу.
Әр шумағын талдау
Оқушылар пікірін толықтыру,мұғалім бесік жыры түралы түсінік береді.
-Бұл бесік жыры қай заманда айтылған жыр болуы мүмкін? Дәлелде.
-Жырдағы ананың көңіл күйі қандай?
-Бесік жырында ананың балаға деген махаббаты қалай берілген?
- «Бесік жырын» айтып отырған кім?
-Апасы сәбиге қандай жақсы тілектер айтты?
-Анасы баласын қалай жұбатқан?
- Жақсы көру сезімін қалай жеткізген? Анасы баласына деген тілегін қай жолдарда айтады? (өлең ішінен тауып оқу)
-Баласының үлкейіп, адам болуын армандаған шумақтардан не байқадың?
-Анасы баласының кім болғанын қалайды?
Сөздік жұмысы
Қандай түсініксіз сөздер кездесті?
Батпан-батпан- үлкен, көп
Шер-мұң, уайым
Дерек- хабар,ақпарат
Топтық жұмыс. “Галерия әдісі ”арқылы постер қорғау.
1 топ. «Көшпенді қазақ халқының өміріндегі бесіктің рөлі»
2 топ .Бесіктің пайдасы мен зияны
3 топ.Бесікке байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіңдер?
4 топ.Бүгінгі алған деректерді пайдаланып, бізге бесікке бөлеу рәсімін рөлдерге бөліп ойнап көріңдерші.
Сергіту сәті.
Дәптермен жұмыс: Батыр ғой, жата ғой, бата ғой, түс көріп, рақатқа сөздерін пайдаланып бір шумақ өлең құрастыр.
Рефлексия: Бүгінгі сабақ бойынша өзіңізге ұнады ма (өзінің ойларын уыктарға жазып, шаңыраққа іледі.
Үйге тапсырма: «Бесік жыры» өлеңді жаттау. Балаға байланысты салт - дәстүрлер туралы іздену.
Бағалау.Топты бағалау, өзін-өзі бағалау
№ 47 жалпы орта білім беретін мектеп
Ашық сабақ
Тақырыбы: Несіпбек Айтов «Бесік жыры»
Сынып жетекшісі: Мажитова А.А
2016-2017 оқу жылы
Достарыңызбен бөлісу: |